Проблемы языкознания


ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІНДЕГІ САН ЕСІМ СӚЗЖАСАМ ЖҤЙЕСІНІҢ



Pdf көрінісі
бет11/38
Дата03.03.2017
өлшемі3,18 Mb.
#5514
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38

 
ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІНДЕГІ САН ЕСІМ СӚЗЖАСАМ ЖҤЙЕСІНІҢ 
ҚЫСҚАША СИПАТЫ 
 
Мақалада  кӛне  түркі  жазба  мұралары  тіліндегі  сан  есімнің  сӛзжасам  жүйесін 
кӛрсетуде  аталған  мұралардағы  сандық  ұғымды  білдіретін  сӛздердің  семантикалық 
топтары  мен  сӛзжасамдық  жұрнақтары  жеке-жеке  сараланады.  Сондай-ақ,  мақала 
авторы  сан  атауларының  шығу  тӛркіні  мен  қазіргі  түркі  тілдеріндегі  кӛрінісіне 
тоқталады.  Сан  есімнің  кӛне  жазбалар  тіліндегі  сипатын  ашуда  семантика-
морфологиялық  принциптеріне  қарай  бӛлінетін  топтарына  жеке-жеке  тоқталып, 
әрқайсысының ерекшеліктерін кӛрсетеді. Орхон жазба ескерткіштері тілінде сан есімдері 
мағынасына қарай есептік, реттік, жинақтау, болжалдық сан есімдері топтастырылады.    
 
Түйін сӛздер: сӛзжасам, сан есімдер, түркі жазба ескерткіштері, сан есім жасаушы 
жұрнақтар, семантикалық топтар. 
 
I Кіріспе 
Қазіргі  түркі  тілдерінің  сҿзжасам  жүйесі  ҿте  ерте  қалыпстасып,  ұзақ  уақыт  даму 
сатысынан  ҿтті.  Тілідің  сҿзжасам  жүйесі  кҿне  құбылыс  жҽне  ондағы  ҿзгерістер  ҿте  баяу 
жүреді. Дегенмен сҿзжасам жүйесінде модельдердің белгілі кезеңде активтенуі, пассивтенуі, 
мағынанаың  тарылуы,  кеңеюі,  қолданыстан  шығуы  сияқты  ҿзгерістер  орын  алады  [1,  17]. 
Түркі тілдеріндегі сҿзжасам жүйесінің кҿне сипатын бізге келіп жеткен ескерткіштер тілінен 
кҿруге  болады.  Кҿне  ескерткіштер  тіліндегі  сҿзжасамға  қатысты  кҿрнекті  түркітанушы 
ғалым  Ғ.Айдаров  ескерткіштер  тіліндегі  сҿзжасам  тҽсілдерінің  түрлілігін  жҽне  оның  тілдің 
дамуында  біртіндеп  қалыптасқандығын  айтады  [2,  157].  Ғалымдар  кҿне  түркі  мұралары 
тілінде сҿзжасамның аналитикалық, синтетикалық жҽне калькалау тҽсілдерін атап кҿрсетеді 
[3, 83].  
Кҿне  түркі  мұраларының  тіліндегі  сҿзжасам,  туынды  сҿздер  жасалуы  мен 
ерекшеліктері  Ғ.  Айдаров,  А.Н.  Кононов,  А.  Есенқұлов,  Ҽ.  Құрысжанов,  Ердал,  С. 
Аманжолов, М. Ескеева жҽне т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.  
М.  Ердалдың  кҿне  түркі  ескерткіштер  тіліне  қатысты  «Old  Turkic  Word  Formation» 
еңбегі  кҿне  түркі  тілінің  сҿзжасамдық  жүйесін,  есім  сҿздер  мен  етістіктердің  жасалу 
жолдарын,  жұрнақтардың  этимологиясын  жҽне  семантикалық  ерекшеліктерін  қарастырған 
кҿлемді  еңбек  болып  табылады.  Бұл  еңбектің  ерекшелігі  туынды  сҿздерді  сҿзжасамдық  
мағынасына,  яғни  туынды  мағынаға  қарай  семантикалық  топтарға  бҿліп  қарастыруында 
болып  табылады  [4,  111].  Белгілі  түркітанушы  А.Н.  Кононов  ҿз  еңбегінде  кҿне  түркі 
ескерткіштері  тіліндегі  сҿзжасам  тҽсілдерін  қарастыра  отырып,  жекелеген  сҿз  таптарының 
сҿзжасамына,  сҿз  тудырушы  жұрнақтарына  тоқталады.    Себебі  туынды  сҿздерді  зерттеген 
ғалымдардың  кҿпшілігі  туынды  сҿздерді  белгілі  бір  грамматикалық  сҿз  таптарының 
сҿзжасамы  тұрғысынан  қарастырады.  Бізде  ҿз  еңбегімізде  орхон  ескерткіштеріндегі  сҿз 
таптарының  бірі  сан  есімнің  жасалу  жолдары  мен  семантикалық  ерекшеліктерін 
қарастырамыз. 

78 
 
Қазақ тілінде сан есімді зерттеген Ҽ.Хасенов: «Түркі тілдеріндегі сҿздік қорға жататын 
сан  атаулары  ҿмір  шындығымен,  конкретті  заттан  алынған,  яғни  зат  есімдерден  шыққан. 
Екіншіден,  белгілі  бір  құбылыстың  ҿткен  тарихын  қазіргісімен  салыстыра,  оның  қазіргі 
формаларын  зерттей  отырып  ашуға,  тануға  болады  дейтін  қағиданы  басшылыққа  алсақ, 
қазіргі тілдік фактілерді  жоққа шығармайды, қайта растайды» [5, 20] - дейді. 
Орхон ескерткіштері тіліндегі сан есімнің мағыналық топтарына қатысты қазіргі түркі 
тілдерінде ерекшеліктер де, ұқсастық пен айырмашылықтар да бар. 
II Теориялық-методологиялық негізі 
Сан есім сҿзжасам жүйесі тым ерте қалыптасқан. Сан есім сҿзжасамы арқылы жасалған 
күрделі  есептік  сандарға  да,  сан  есімнің  лексика  -семантикалық    барлық  топтарының 
жасалуына  да  толық  қатысты.  Сан  есімнің  сҿзжасам  заңдылықтары  бойынша  сан  есім 
жасамында негіз сҿз тек қана сан есім сҿз қолданылады, ҿйткені сан есім басқа сҿз табынан 
жасалмайды, оның басқа сҿз таптарынан сан есім жасайтын жұрнақтары жоқ [5, 23]. 
Сонымен бірге лексикалық қордың тұрақты қабаты болып табылатын сан атаулары ҿте 
ертеде  қалыптасқан  жҽне  тұлғалық  ҿзгеріске  ҿте  сирек  ұшырайды.  Сондықтанда 
ескерткіштер  тіліндегі  сан  атауларына  талдау  жасап,  қазіргі  түркі  тілдеріндегі  сипатын 
салыстырмалы-тарихи  тұрғыдан  зерттеу  маңызды  болып  табылады.  Туынды  сҿздердің 
жасалу  жолдарын  айқындауда  талдау,  салыстыру  ҽдістерін,  ал  семантикалық  ҿзгерістердің 
тарихын анықтауда жүйелілік-құрылымдылық ҽдісті пайдалануды қажет етеді. Ескерткіштер 
тіліндегі  сан  есімдердің  жасалу  жолдар  мен  семантикалық  ерекшеліктері  сипаттап,  қазіргі 
түркі  тілдерімен  салыстыра  отырып  даму  жолын  анықтауда  салыстырмалы-тарихи  ҽдіс 
пайдаланылды.   
Сан  есімнің  жалпы  сипатын,  жасалу  жолдарына  байланысты  фонетикалық, 
грамматикалық  ҿзгешеліктерін  кҿрсетуде  М.  Томанов,  Ғ.  Айдаров,  Ҽ.  Құрышжанов,  А. 
Есенқұлов, Ф.Е. Исхаков, Б.А. Серебренников, Н.З. Гаджиева, Ҽ. Нұрмаханова, М. Ескеева, 
Н. Оралбаева жҽне т.б. ғалымдардың зерттеулерін пайдалануға болады. 
Сандық  ұғым  түркілік  дүниетанымда  ерекше  орын  алады.  Орхон  ескерткіштері  тілін  
когнетивтік    тұрғыдан  зерттеп  жүрген  ғалым  Н.Ғ.  Шаймердинова  кҿне  түркілік  тілдік 
бейнесін  қалыптастыруда  сан  ұғымдары  мен  сан  атауларын  ҿзгеше  қырынан  кҿрсетеді. 
Ғалым  сандық  ұғымды  білдіретін  лексемалардың  кҿне  түркілік  дүниетанымдағы  орнын 
айқындап, концептуалды мағынасын ашып кҿрсетеді [6, 73-74].  
Зерттеуімізде  сан  есімнің  сипатын  кҿрсетуде  сан  есімнің  кҿрінісін  саралап,  аталған 
мұралардағы  сандық  ұғымды  білдіретін  сҿздерге,  сан  есімнің  жұрнақтарына  тоқталу. 
Сондай-ақ,  сан  есімнің  кҿне  жазбалар  тіліндегі  сипатын  ашуда  семантика-морфологиялық 
принциптеріне  қарай  бҿлінетін  топтарына  жеке-жеке  тоқталып,  ҽрқайсысының 
ерекшеліктерін кҿрсету. 
Негізгі бҿлім 
Сан  есімдердің  сҿзжасам  жүйесінің  ҿзіндік  үлгісі  бар.  Сандық  мағынаны  білдіретін 
сҿздердің сҿзжасамында аналитикалық тҽсіл негізгі тҽсіл болса, синтетикалық тҽсіл ҿнімсіз 
қызмет атқарады [1, 211]. Бұл сан есімдердегі сҿзжасам жұрнақтарының санаулы болуымен 
түсіндіріледі. 
Сонымен бірге сан ұғымын білдіретін атаулардың шығу тҿркіні мен сҿзжасамы жайлы 
пікірлер сан алуан. Түркі тілдеріндегі негізгі сан есімдердің шығу тҿркіні туралы Ҽ.Хасенов 
зат  есімдерден  бҿлініп  шықты  деген  жорамал  айтады.  Сҿзжасамның  лексика-семантикалық 
тҽсілін зерделеген Ғ. Б. Шойбекова сан есімдердің аталмыш тҽсіл арқылы заттық, қимылдық 
атаулардың макросемаларынан жіктелген деген пікір айта отырып, ұш ~ұш ~ ұш және үш ~ 
үш  сҿздерінің  транспозицияланып,  семантикалық  тҽсіл  арқылы  дамуы  ретінде  кҿрсетеді. 
Алайда ғалым кҿне түркілік üč сҿзі сандық үш мағынасын бергенін жҽне ―үш‖сан есімі тілдің 
екі  сипатында  ешқандай  мағыналық  дамуға  түспегенін  айтады.  Ғ.Б.  Шойбекова  түрколог, 
алтаист  ғалымдардың  бір,  екі,  үш,  тҿрт,  бес,  алты,  жеті  сан  есімдер  ҿзге  сҿз  таптарынан 
транспозицияланып, санданған деген пікірін алға тартады [7, 176-177].   

79 
 
Сан  есімдер  сан  мҿлшерін  абстракт  түрде  айтатын  сҿздер  болғанымен,  олар 
семантикалық,  морфологиялық  жҽне  синтаксистік  жағынан  іштей  алды  -  алдына  жеке 
категориялар ретінде танырлықтай бірнеше топтарға бҿлінеді.  Түркі тілдерінде қолданылып 
жүрген жіктеулік жүйе бойынша жазба ескерткіштер тіліндегі сан есімдер бірнеше топтарға 
жіктеледі.  Сан  есімдердің  іштей  жіктеліс  топтарының    кейбіреуі  заттың,  зат  есімнен  туған 
сынның немесе амалдың дҽл санын я есебін білдіретін болса, кейбіреулері ретін білдіреді. 
Ескерткіштер тіліндегі сан есім құрылысы жағынан дара жҽне күрделі болып бҿлінеді. 
Ал семантикасына қарай сан есімдері: есептік  сан есімдер, реттік сан есімдер, жинақтау 
сан  есімдері,  болжалдық  сан  есімдер  болып  тҿрт  топқа  бҿлінеді.  Есептік  дара  сан  есімдер 
түбір  мен  негіздерден  тұратын  жалаң  тұлғалы  сан  есімдер  құрайды:  bir  (бір),  eki  (екі),  üč 
(үш),  tort  (тҿрт),  beš  (бес),  altï  (алты),  jeti  (жеті),  sekiz  (сегіз),  toquz  (тоғыз),  on  (он),  jegirmi 
(жиырма), otuz (отыз),qïrq (қырық), elig (елу),altmïš (алпыс),  jetmiš (жетпіс), jüz (жүз), miŋ/biŋ 
(мың), tümen (он мың) [8, 236; 3, 112].  
Ескерткіштер тілінен бірнеше мысал келтірсек: «Inim Kültegin birle, eki šad birle, ölü-jitü 
qazγantïm» КТү. 27. Аудармасы «Інім Күлтегінмен, екі уҽзірмен ҿліп-тіріліп құрадым». Білге 
қаған ескерткішінде:  «Bödke özüm  ölürip bunča aγïr törüg tort  buluqtaqï  budunγa itdim»  БҚ.2. 
«Бұл шақта ҿзім отырып бұнша ауыр тҿрелікті тӛрт тараптағы халықты ... еттім». Тоныкҿк 
кҿне жазба мұрасында: «Oγuzqa beš süŋüšti» Тон. 49. «Оғыздармен бес рет соғысты» [9, 318].  
Есептік сандар нақтылы сандық ұғымды білдіреді, нақтылы сандық ұғымдарды атайды. 
Сан  есім  сҿз  табының  негізін  есептік  сандар  құрастырады.  Олар  сан  есімнің  басқа 
семантикалық топтарының жасалуына да негіз болады. 
Орхон  ескерткіштері  тіліндегі  күрделі  сан  есімдердің  екі  түрлі  жолмен  жасалуы 
кездеседі:  дара  сан  есімдердің  тіркесуі  арқылы  жҽне  artuqï    лексемасының  қатысуымен 
жасалуы.  
Сан есім сҿзжасамында аналитикалық тҽсіл негізгі орын алатындықтан, бұл сҿз табы 
күрделі сан атауларына ҿте бай. Ол сҿз табын негізінен күрделі сҿздерден тұрады деуге 
боларлықтай, ҿйткені мұнда дара сан атаулары ҿте аз. Сондықтан аналитикалық тҽсіл 
нҽтижесінде жасалған күрделі сан атауларын арнайы сҿз етіп отырмыз. 
Дара  сан  есімдердің  тіркесуі  арқылы  жасалған  есептік  күрделі  сан  есімдер:eki  jigirmi 
(он  екі),  altï  jigirmi  (он  алты),  beš  otuz  (жиырма  бес),  eki  biŋ  (екі  мың),  sekiz  tümen  (сексен 
мың), on tümen (жүз мың) т.б. 
Орхон  ескерткіштерінде:  1.Qaŋïm  qaγan  jiti  jigirmi  erin  tašïqmïs  КТү  11.  Аудармасы: 
«Ҽкем қаған он жеті ер жиыпты». 2. Čača seŋün sekiz tümen birle süŋüsdim БҚ 26.Аудармасы: 
«Чача сеңүн бастаған сегіз мың ҽскермен соғыстым».3. Tïlïγ kelürtü sabï antaγ Jarïs on tümen 
sü tiriltidir Тон 36. «Тілдіні келтірді, сҿзі мынадай: Йарыс жазығында он мың ҽскер жиылды, -
деді» [10, 111].   
Түркі жазба мұралары тілінде есептік күрделі сан есімдерге қатысты сандық жүйесінде 
қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда ҿзгешелік бар. Ғалымдар түркі тілдері сандық жүйесі 
тарихында екі түрлі санау дҽстүрін атап кҿрсетеді: санақ жеткен ондыққа бірлікті қосып айту 
(он екі 12) жҽне санақ бара жатқан ондыққа бірлікті тіркеп қолдану  (eki jigirmi 12) [8,236]. 
Түркі ескерткіштері тілінің сандық жүйесінде дара сан есімдердің тіркесуі арқылы жасалған 
есептік күрделі сан есімдер санақ бара жатқан алдағы ондыққа бірлікті тіркеу арқылы санау 
тҽсілі қолданылады.  
Ескерткіштер тілінен мысал келтірсек: Kültegin altï otuz jašïna qïrqaz süledimiz КТү. 34-
35.  Аудармасы:  «Күлтегіннің  жиырма  алты  жасында  біз  қырқазға  қарсы  аттандық 
(соғыстық)» [9, 188]. 
Кҿне  түркі  мұралары  тілінде  есептік  күрделі  сан  есімдердің  екінші  түрі  artuqï  
лексемасының  қатысуымен  жасалынған  күрделі  сан  есімдер:  Otuz  artuqï  bir  jašïma  qarluq 
budun  buŋsïz  erür  barur  erikli  jaγï  boltï  БҚ.  28-29.  Аудармасы:  «Отыз  бір  жасымда  Қарлұқ 
халқы мұңсыз жайылып жүріп ерікті жау болды» [9, 259]. Ескерткіштер тіліндегі күрделі сан 
есім құрамындағы artuqï лексемасы қазіргі қазақ тілінде аса/астам сҿздерімен сҽйкес келеді: 
eluden asa, žüzden astam т.б.  

80 
 
Есептік сан есімдер кҿне түркі тілінде жұрнақсыз-ақ дара (бір, ікі, отуз, сегизон) жҽне 
күрделі  (бір  он,  беш  йегірмі,  ікі  қырқ)  болып  ескерткіштерде  қолданылса,  қазіргі  түркі 
тілдерінде  есептік  сан  есімге  қатысты  фонетикалық  ерекшеліктерге  қоса,  кейбір  ондық 
атауларының  бірлік  атауларына  байланыстылығы  кҿрінеді.  Мысалы:  3  –  үч  (ҽзерб.,  қырғ., 
түрікм., ұйғ.), уч (ҿзб.), оч (тат.), үш (қаз., тува, шор, қ-қалп.), үс (як., хақ.), виссе (чув.); 7 – 
едди (ҽзерб.), еди (түрікм., түрік), жиде (тат.), чеди (тува), етти (құм., ҿзб.), сэтте (як.), четти 
(шор),  сичче  (чув.),  жеті  (қаз.,  қ-қалп.,  қырғ.),  ете  (башқ.,  ноғ.);  9  –  доггуз  (ҽзерб.),  туңқиз 
(ҿзб.), тоңқұуз (ұйғ.), докуз (түрікм., түрік), таххар (чув.), тоқуз (як.), тоғыс (хақ.), тос (тува), 
тоғыз (қаз, қ-қалп.), туғыз (башқ., тат.); 30  – үш он (с.ұйғ.), үжен (тува), тоуз (ҽзірб., қырғ., 
құм., түрік, түрікм.), оттуз (ұйғ.), уттиз (ҿзб.), одус (алт., шор), отыз (қаз., қ-қалп., ноғ), утыз 
(тат., баш.қ), ватар (чув.); түртон (с.ұйғ.), дҿртен (тува), қырық (басым тілдерде қолданылады 
жҽне фонетикалық варианттарымен); елу, эллик, еліг (басым тілдерде), биэс уон (якут), пісон 
(с.ұйғ.), бежен (тува); жетон (с.ұйғ.), чеден (тува), дьетен (алт.), йетмиш (ҽзерб., құм., түрік., 
түрікм.,  ҿзб.),  иҽтмиш  (ұйғ.),  етпис  (ноғ.),  етмеш  (башқ.),  жетпіс  (қаз.,  қ-қалп.),  жетимиш 
(қырғ.), ситмел (чув.). 
Кҿне  түркі  тілінде  реттік  сан  есім  есептік  сандарға  –  ïnč,  -  inč,  –  ïnčï  /-  inči,  -nti 
жұрнақтарының  жалғануы  арқылы  жасалған:  ekinti,  üčunč,  bisinč,  altinč,  jet  inči,  sekizinč, 
onunč  т.б.  Ескерткіштерде:  1.  Ekinti    Ïšbara  jamtar  boz  atiγ  binip  tegdi  КТү  33.  Аудармасы: 
Екінші рет Ышбара ямтардың атын мініп айқасты.2. Üčunč Jegin Silig begin kedimlig torïγ at 
binip  tegdi  КТү  33.  Аудармасы:  Үшінші  рет  Йеген  –сіліг  /жіген-сіліг/  -бектің  кежімді  торы 
атын мініп айқасты [9, 188]. 
Қазіргі түркі тілдерінде реттік сан есімнің жұрнақтары қазақ тілінде –inši, -ïnšï (birinši, 
altïnšï);  құмық  тілінде  –inči  ïnčï,  -junču  (-ünčü)  –ünču,  -nči,  -nčï  (ekinči,  učunču,  dortjunču); 
татар тілінде  –enče, - ïnčï, - nče, - nčï (berenče, ikenče, altïnčï); түрікмен тілінде  –inži, -ïnžï, - 
ünži,  -unžï,,  -nži,  -nžï  (birinži,ikinži,  üčünži);  башқұрт  тілінде  –ensa,  -  ïnsï,  -nse,  -  nsï  (berense, 
ikense, ösönse); чуваш тілінде –meš (perremeš – бірінші, ikkemeš – екінші, vissemeš – үшінші); 
якут тілінде –is, -ïs, -us, -üs, -s (süüs, tïhïnnča); тува тілінде –kï, -ki, - čï, - či, -ku, -kü, -gu, -gü 
(birgi, jinči, tosku) түрінде қолданылады. 
Кҿне  түркілік  реттік  сан  есімнің  жұрнақтарының  қазіргі  түркі  тілдеріндегі  сипатында 
фонетикалық ҿзгешеліктерді есепке алмағанда, чуваш, якут, тува тілдері кҿзге түседі.  
Жинақтық сан есімнің кҿне түркі тіліндегі жұрнағы ретінде egü, -gü, -γun жалғаулары 
арқылы  жасалады.    Ескерткіштер  тіліндегі  сандық  мҿлшерді  жинақтап  кҿрсету  үшін 
қолданылатын  жинақтық  сан  есім  üčegü  тұлғасында  кҿрініс  табады:  Anta  ötrü  qaγanïma 
ötüntüm.  Anča  ötüntüm  tabγač  oγuz  qïtan  bu  üčegü  qabïsar  qaltačï  biz  Toн.  12.  Аудармасы: 
«Сонша ҿтіндім – табғаш, оғыз, қытан, бұл үшеуі біріге қалса, біз іш-сыртымызды ұстап қана 
қаламыз» [10, 116].     
Жинақтық  сан  есім  жұрнағының  қазіргі  түркі  тілдерінде  кҿнелікті  фонетикалық 
ҿзгерістерімен  сақтағандары  да,  жаңаша  қолданыстары  да  бар.  Жинақтау  сан  есімі 
құрамындағы egü, -gü жұрнақтары құрамындағы инлаут γ/g дыбыстары қазіргі түркі тілдері 
бойынша  сары  ұйғыр,  түрікмен  тілдерінде  қолданылады:  сары  ұйғ.  üšogo  (үшеу)
törtogo(тӛртеу),  pesogo  (бесеу);  түрікмен  ерсары  диалект.  bi:regi  (біреу,  ҽлдекім,  ҽйтеуір 
біреу).  Жинақтық  сан  есімдірінің  форманттары  құрамындағы  кҿнетүркілік  инлаут  γ/g 
дыбыстарын  кейбір  орта  ғасыр,  қазіргі  түркі  тілдерінің  басым  бҿлігінде  сақталмаған, 
кейбірінде  түсіп  айтылса,  енді  бірінде  созылыңқы  дауыстыларға  ұласқан:  қыпшақ  üčev 
(үшеу); шағатай тілінде birev (біреу) , қазақ, ноғай, түрікмен тілдерінде –аu, -еu (bireu, ekeu, 
üšeu ); ноғай, құмық тілдерінде -аv, -еv (birev, ekev, učov); қырғыз тілінде –o:, - ö: (birö:, ekö:, 
üčö:);  якут  тілінде  -  ïa,  –  ïan,  –iaq  (altïa,  altïčan);  тува  тілінде  –eleen,  -alaan,  –еlee,  -alaa 
(üželee-  üžеleen;  beželee,  beželeen);  шор  тілінде  –ala,  -ele  (pežele,  užele);  ҿзбек  тілінде  –ov 
(birov, ekov); ұйғыр тілінде – ülän, -län (üčülän, bešülän, ikilän); чуваш тілінде -an, -еn (ikken, 
tavattan) түрінде қолданылады [8, 246]. 
Болжалдық сан есім кҿне түркі тілінде есептік сан есімдерге  ča, - če жұрнағы жалғану 
арқылы  жҽне  есептік  сан  есімдердің  қосарлануы  арқылы  жасалады.  Сонымен  бірге 

81 
 
ескерткіштер  тілінде  artuq  лексемасының  тіркесуі  арқылы  жасалынған  болжалдық  сан  есім 
түрі де кездеседі. Орхон ескерткіштерінен мысал келтірсек: 1. Uiγar elteber jüzže erin ilger.БҚ 
34. Аудармасы: Ұйғыр Елтебер жүздей батыр ерін ілгері... 2. Jinčge joγan bolsar üzgülük alp 
ermiš. Öŋre qïtanda berije tabγačta Quruja qurdanta jïraja oγuzda eki- üč biŋ sümüz keltečimiz bar 
mu ne? Anča ötüntüm. Тон.14. Аудармасы: Жіңішке жуандаса үзетін алып болар. Шығыстағы 
қытанға,  түстіктегі  табғашқа,  батыстағы  құрданға,  терістіктегі  оғызға  екі-үш  мың  қолмен 
келе  аламыз  ба?  Сонша  ҿтіндім.  3.  Jaraqïnta  jalmasïnta  jüz  artuq  oqun  urtï,  jizke  bašïŋa  bir 
tegürmedi…  КТү.  33.  Аудармасы:  Сауытыңа,  қалқаныңа    жүзден  артық  оқ  тиді.  Жүзіңе, 
басыңа бірін де тигізбеді [9, 106;178]. 
Қазіргі  түркі  тілдеріндегі  болжалдық  сан  есімнің  жұрнақтары  –daγan,  -degen,  -laγan,  -
legen, -taγan, -tegen, -dap, -dep, -lap, -lep, -tap, -tep; –daj, -dei, -taj, -tej  қазақ, татар, башқұрт, 
ноғай тілдерінде (ондаған, йҿзлҽгҽн, меңлҽгҽн, уьшевлеген, алтавлаган, онавлаган); – ča, - čä 
- čе қырғыз, хақас, якут, түрік, татар, ҿзбек, ҽзербайжан (отысча, он писче, йүзлҽрчҽ);  –lap/-
läp  башқұрт  тілінде  (унлап,  утызлап,  йҿзлап);  –tača,  -larča,  -lab  ҿзбек  тілінде  (мингларча, 
унлаб, юзлаб) болып келеді.  
IV. Қорытынды 
Сонымен,  Орхон  кҿне  түркі  жазба  ескерткіштері    тіліндегі  сан  есімнің  қысқаша 
сипатын  жҽне  қазіргі  түркі  тілдеріндегі  кҿрінісін  тарихи-салыстырмалы,  диахрондық, 
синхрондық  ҽдіс-тҽсілдерді  қолдана  отырып  жалпы  тектестік  сақталғандығы  байқалады. 
лексикалық  қордың  тұрақты  қабаты  болып  табылатын  сан  атаулары  ҿте  ертеде 
қалыптасқандығын  жҽне  тұлғалық  ҿзгеріске  ҿте  сирек  ұшырап,  қазіргі  түркі  тілдерінде 
негізін  сақтап  қалғандығын  байқауға  болады.  Дегенмен  сан  есімнің  мағыналық  топтарына 
қатысты  ерекшеліктер  де,  ұқсастық  пен  айырмашылықтар  да  бар.  Жазба  мұралары  тілінде 
сан  есімдер  мағынасына  қарай:  есептік  сан  есімдер,  реттік  сан  есімдер,  жинақтау  сан 
есімдері, болжалдық сан есімдер болып тҿрт топқа бҿлінеді. Ал қазіргі түркі тілдерінінің сан 
есім  жүйесі  аталған  сан  есім  топтарымен  бірге  топтық  жҽне  бҿлшектік  сан  есімдердің 
болумен ерекшеленеді.  
Түркі тілдері сандық жүйесі тарихында екі түрлі санау тҽсілі бар: санақ жеткен ондыққа 
бірлікті қосып айту (он екі 12) жҽне санақ бара жатқан ондыққа бірлікті тіркеп қолдану  (eki 
jigirmi  12)  ).  Түркі  ескерткіштері  тілінің  сандық  жүйесінде  дара  сан  есімдердің  тіркесуі 
арқылы  жасалған  есептік  күрделі  сан  есімдер  санақ  бара  жатқан  алдағы  ондыққа  бірлікті 
тіркеу арқылы санау тҽсілі қолданылады.  
Орхон  ескерткіштері  тіліндегі  күрделі  сан  есімдердің  екі  түрлі  жолмен  жасалуы 
кездеседі:  дара  сан  есімдердің  тіркесуі  арқылы  жҽне  artuqï    лексемасының  қатысуымен 
жасалуы.  Ескерткіштер  тіліндегі  күрделі  сан  есім  құрамындағы  artuqï  лексемасы  қазіргі 
қазақ тілінде аса/астам сҿздерімен сҽйкес келеді.  
Кҿне  түркілік  реттік  сан  есімнің  жұрнақтарының  қазіргі  түркі  тілдеріндегі  сипатында 
фонетикалық ҿзгешеліктерді есепке алмағанда, чуваш, якут, тува тілдері кҿзге түседі.  
Жинақтық  сан  есім  жұрнағының  қазіргі  түркі  тілдерінде  кҿнелікті  фонетикалық 
ҿзгерістерімен  сақтағандары  да,  жаңаша  қолданыстары  да  бар.  Жинақтау  сан  есімі 
құрамындағы egü, -gü жұрнақтары құрамындағы инлаут γ/g дыбыстары қазіргі түркі тілдері 
бойынша  сары  ұйғыр,  түрікмен  тілдерінде  қолданылады:  сары  ұйғ.  üšogo  (үшеу)
törtogo(тӛртеу),  pesogo  (бесеу);  түрікмен  ерсары  диалект.  bi:regi  (біреу,  ҽлдекім,  ҽйтеуір 
біреу).  Жинақтық  сан  есімдірінің  форманттары  құрамындағы  кҿнетүркілік  инлаут  γ/g 
дыбыстарын  кейбір  орта  ғасыр,  қазіргі  түркі  тілдерінің  басым  бҿлігінде  сақталмаған, 
кейбірінде түсіп айтылса, енді бірінде созылыңқы дауыстыларға ұласқан. 
Сҿзімізді  қорытындылай  келе,  сан  есімдер  ҿзінің  лексика-грамматикалық  функциясы 
бойынша түркі тілдерінде бҽріне де ортақ жҽне бұл  сан есімдердің ерте дҽуірден-ақ жалпы 
түркі тілдік қасиетке ие болғандығын дҽлел деп айта аламыз. Орхон ескерткіштеріндегі сан 
есімдердің  қолданылуын  қазіргі  түркі  тілдермен  салыстырсақ,  жалпы  тектестік 
сақталғандығы байқалады. 
 

82 
 
Пайдаланылған ҽдебиеттер тізімі 
1 Оралбай Н., Құрманалиев К. Сҿзжасамның жалпы теориялық мҽселелері – Павлодар: 
Типография Сытина, 2011.- 348 б.  
2 Айдаров Ғ. Кҿне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. – Алматы: Ғылым, 1986.  – 379 б. 
3 Кононов А.Н. Грамматика языка тюркских рунических памятников (VII-IX вв.). – 
Л.: Наука, 1989. – 245 с. 
4 Erdal M. Old Turkic word formation: a functional approach to the lexicon. – Weisbaden, 
1991. – 401 p.  
5 Хасенов Ҽ. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер. - Алматы, 1957. 
6  Шаймердинова  Н.Г.Репрезентация  в  языке  древнетюркской  картины  мира.  – 
Астана, 2009. – 252 с. 
7  Шойбекова  Ғ.Б.  Сҿзжасамның  семантикалық  тҽсілі.  //  ҚазҰУ  хабаршысы. 
Филология сериясы. –  Алматы, 2012. – №1(135). – 174 -177 б.  
8 Түймебаев Ж., Ескеева М. Кҿне түркі жазба ескерткіштері тілінің морфологиялық 
жүйесі. – Астана, 2013. – 336 б. 
9  Жолдасбеков  М.,  Сартқожаұлы  Қ.  Орхон  ескерткіштерінің  толық  Атласы.  – 
Астана: Күлтегін, 2005 – 360 б. 
10 Айдаров Ғ. Тоникуқ ескерткішінің тілі. – Алматы: Қазақстан, 2000. – 120 б.   
 
 
In this  article word  formation  of  numerals and word  forming suffixes of  numerals in  Orhon 
Old  Turkic  written  records  are  considered.  The  author  of  this  article  writes  about  the  origin  of 
numerals and their occurrence in modern Turkic languages in the description of word formation of 
numerals  in  above-mentioned  written  records.  In  addition,  she  gives  detailed  description  of 
semantic, morphological groups of numerals. 
 
В  данной  статье  рассматривается  словообразование  и  словообразовательные 
суффиксы числительных в Орхонских памятниках древнетюркской письменности. В статье 
выявлены происхождения числительных и их проявлении в современных тюркских языках в 
описании словообразования числительных вышеупомянутых памятниках письменности. Так 
же,  автор  статьи  дает  подробное  описание  семантико-  морфологических  групп 
числительных в языке памятников. 
 
 
 
УДК 81‘37:81‘25 
З. Мажит 
Академия государственного управления при Президенте Республики Казахстан 
Астана, Казахстан 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет