Профессор Алма Қыраубаеваның жаным садаға еңбегінен бүгінгі



Pdf көрінісі
бет4/34
Дата04.02.2023
өлшемі2,36 Mb.
#65162
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
М
ұғалімнің сөзі:
– М
ұғалім қатал болмасын дейік. Ал менің бір оқушым бар. Байдың
баласы. 
Үйін көрсеңіз, не жоқ дейсіз. Әке-шешесі үп– үлкен
қызметте істейді. Ал әлгі бала... мектепке мыжырайып қалған қисық
қасық әкеліп, сонымен тамақ ішіп отырады. Қасындағы баланың
тама
ғын тартып, өз тәрелкесіне салып алады. Аш дейін десең,


үйіндегі жағдайы анандай. Балалардың көзінше талай ұрсып,
ұялттым. Артынша тағы қайталайды. Үйіне хат жазып жібердім.
Өзгеріс жоқ. Ал! Мен енді осы балаға не істеуім керек?! Айта
қойыңызшы, не істеуім керек!
Ызадан 
құлағына дейін қызарып кеткен мұғалімнің көздері тым
жігерлі екен. Б
ұл кісінің жүріс-тұрысынан, даусынан өктемдеу мінезі
бай
қалушы еді. Қазір де балаға көмектесейін деп ақылдасқысы
келген емес, 
өзін мақұлдатқысы келген сыңайы бар. Тәрбие құралы
«жазалау мен 
ұялту» болған апайдың барлық айласы таусылса керек.
– Сонда б
ұл баланың бір дұрыс ісі жоқ па? – дедік, тым батыл
к
өздеріне сақтана қарап.
– Кейде класты
ң еденін әп-әдемі жуатыны бар. Но, енді адам
сенбейтін 
қылықтарын көрсеңіз... Асханада басқа мұғалімдердің
алдында жер боламын!
Ел алдында беделін т
үсірген баланы жүн болса, түтіп-түтіп лақтырып
жіберетіндей, 
қолын сермеп, қызып кетті.
Жиналыс бітті. 
Әркім өз ойымен. Баланы емес, өзін аяйтын мұғалім
«тентек баланы» жазалауды
ң тағы бір түрін ойлап таба жатар. Бірақ
тентектікті
ң балаға деген мейірімнің аздығынан, жанын түсінбеуден
шы
ғатынын біле алмас-ау.
Сол тентек баланы
ң шын тілегі не екен? Мүмкін, үйінде еркелеп
өскен бала мектепте елеулі бола алмағандықтан, көзге түскісі келетін
шы
ғар.
Бір 
қабілетін байқап, мақтаса, тіпті балалар арасында
ұйымдастырушының рөліне қойып көрсе. Болмаса, үйіндегі
ересектер 
өзімшіл болса, үйдегі әміршілдіктен мектепке келгенде
құтылып, өзіне-өзі көңілі толмаудың өтемін қайтарғысы келе ме?
Әйтеуір апайына, балаларға:
– Мені к
өрші, маған назар аударшы! Мен жаман бала емеспін.
Жылылы
ққа зәрумін. Жанымды ұқшы...– деп тұрғандай. Жаңа ғана
г
үлін ашқан бүршіктей қызықтырғысы келеді. Қазіргі жаста жан-
ж
үрегі жылылыққа бағытталған. Осы кезде жылу ала алмаса, енді


екі-
үш жылда айналасына көңілі суыған бала тұйық та ызақор
жігітке айналма
қ.
Алтын дейтін бір студентім:
– Мені со
ңғы кезде бір нәрсе қатты қинап жүр, – деді.– Ағайын
кісілермен бір 
үйде тұрушы едім. Жеңгей өзі мұғалім, тиіп-қағып
к
үн бермейді. Ақшасын да ай сайын дұрыс төлеп тұрамын. Үйдегі
шамам келген тірліктен аянбаймын. Мені
ң өзіммен-өзім жүргенімді
жа
қтырмай ма, білмеймін, кейде әңгімеден қашып, қонуға ғана
келсем де, соны
ң өзінен бірдеме тауып, қасындағы қыздарға
жамандайды. 
Өзіме: «Сөзіңді дұрыстап айта алмайсың,
«мыжы
қсың», – деп намысыма тиеді. Табанда жауап қайтарып, бетіне
айтып тастайын десем, шынында, еште
ңе тауып айта алмай қаламын.
Же
ңгеммен үндемей ұрысып қажитын болдым. Қанша дайындалсам
да, наразылы
ғымды қорқақтап айта алмаймын. Осы мінезіме өзімнің
жыным келеді. Б
ұл жасықтығым неден? – деді.
– Ата-ананны
ң біреуі қатал болып, түқыртып ұстаса, жасқаншақ
боласы
ң.
Ш
әкіртім ойланып қалды.
– Жо
қ, шешем – қой аузынан шөп алмайтын кісі. Әкем сәл қаталдау,
біра
қ басқа балалардан гөрі мені кішкентайым деп еркелетіп үстаушы
еді.
– Онда, 
өзің де мүғалімсің ғой, мектептегі әміршілдіктен болар.
– Ол рас...
Қызым көпке дейін үндемеді.
– Енді не істеймін? Же
ңгемді қайтсем екен.
– 
Үйде адам жоқта бір жастықты ал да, үстіне жеңгеңнің жаман
ш
үберегін жауып қойып, таяқпен тарсылдатып үр. Бар ашуыңды
ай
қайлап айтып, ішіңді босат, – дедім.
Б
үл үсынысты күтпеген Алтын ішегі түйілгенше қүлады. Қүлап
жатып с
өйлеп жатыр:


– Ойбай, менен ол да шы
қпайды, айқайлап үрса да алмаймын ғой.
Жынданып жат
қанымда, жеңгем кіріп келсе қайтемін?
– Ол 
қолыңнан келмесе, жеңгең туралы не ойлайтыныңды жасырмай
хат
қа жаз. Әбден айтарың таусылған соң, жатып үйықта. Ертеңіне
жыртып таста.
– Мынауы
ңыз қолдан келеді екен.
Алтынны
ң көңілі көтеріліп, кеш бойы күлумен болды. Біраздан соң:
«Сізге бірдеме айтайын ба? Же
ңгеме ашуым тарап кетті», – деді.
ЖАС
ӨСПІРІМ ӨМІРІН НЕГЕ ҚИДЫ?
М
ұғалім мен жасөспірім арасындағы түсініспеушіліктің бір себебі
о
қытудағы өктем тәсілде жатыр. Әр адамның туғаннан жаратылысы
б
өлек, өзіне ғана тән мінез табиғаты бар екенін мойындамаудан, одан
қалай да қолайлы адам «жасап шығаруға» ұмтылудан туындайды.
Қаны қарайған адамдар
Қазақ өзіне-өзі қол салған адамды «қаны қарайған» дейді. Осы
к
үндері қан өткізіп жатқан адамдардың шыны түтікшелеріне
қарасаң, әлгі түтікшелердің ішінде қара қошқылданып түтіккен
біреу т
ұрғандай денең түршігеді. Биохимиялық зерттеулердің
д
әлелдеуінше, адам қорыққанда, белгісіз қауіптен сақтанып
уайымда
ғанда, адреналин гормоны бөлініп шығады екен. Тұрмыс-
тіршілігі уайым
ға толы қазіргі адамдардың қанының қараюы осы
гормонны
ң көптеп бөлінуінен шығар.
Есептеу м
әліметтері бойынша, соңғы үш жылда біздің еліміздің
адамдарыны
ң орташа жасы 2 жылға төмендеп кеткен. Өмірінің
ұзақтығы жағынан дүние жүзінде 50-орында тұр екенбіз.
А
ғылшын жазушысы Дейв Оллистің 60 жылдары шыққан
«С
үйгендер ғана аман қалды» романында мұғалім Оливер былай


депті: «Адамды уысында 
ұстайтын әлеуметтік фактордың қысымы
қаншалықты зілді болса, соншалықты адамды өзін-өзі өлтіруге
м
әжбүр етеді». Үлкен мемлекеттің жүйесі шағын отбасының
кішкентай тірлігіне 
ұқсас. Отағасы үйінде қатал болып, бала-
ша
ғасының пікірімен санаспайтын болса, ол үйдің балалары жасынан
ж
үйке ауруына ұшырайды. Кешеге дейін өмір сүріп келген қатаң
әміршіл, отаршыл мемлекетіміздің іс– әрекетінің салдары да бүтінгі
ұрпаққа оңай тиген жоқ.
Абай т
ұсы – халықтың бұзылғаны,
Қаралыққа айналып қызыл қаны, –
деген 
ғой Сұлтанмахмұт «Қала ақыны мен дала ақынының
айтысында». 
Қазір тіпті үлкен адамды қойып, жас балалардың өзін-
өзі өлімге қиюы жиі кездеседі: Әскерден келген жас жігіт көңілі
кеткен 
қызын алуына әке-шешесі қарсылық білдіргенде, атылып
өлген. Бір оқушыға мұғалім сабаққа дұрыс қатыспайтындығын
айтып 
ұрысса, ол сол күні түстен кейін өзін-өзі атып тастаған. Ата-
ана 
үшін баланың жаманы жоқ екенін енді кім түсіндірер оған.
Б
ұрын бұл тақырып жөнінде ашық айтуға болмайтындықтан, өзін
өлімге қиған қыршындардың саны жарияланбайтын. Адамның өзін-
өзі қатерге салуының себептерін ашып, одан құтқарудың
жолдарымен айналысатын суицидологиялы
қ жалғыз орталық соңғы
жылдары 
ғана Мәскеуде ашылған болатын. Біздің республикада
осындай м
әселемен айналысатын кім барын білмейміз.
Әрине, ұлттың денсаулығы – экономикалық, қоғамдық жағдайларға
байланысты 
үлкен мемлекеттік іс. Өркениетті елдерде, мысалы,
Вашингтонда, 
өз азаматтарының қартаю мәселесін зерттеуге
арнал
ған Ұлттық институт та бар. Енді осы жағдайға жастарға
жа
қын жүретін ұстаздар, біздердің қандай септігіміз болар екен,
со
ған келейік.
1988 жылы 
қараша айында Арқалық жағынан мынандай бір оқиғаны
естідім: 
Үйде жиналған бір топ адамның ішінде бір жас жігіт


домбырамен 
өлең әуелетіп отырды. Өнерге құмар адамның көзінде
бір ерекшелік болады 
ғой, ақ құбаша келген бір әйелден ауылдың
алты ауызын айтуын 
өтіндім. Ол кісі екі оттың ортасына түскендей
қиналды. Өнерге деген құмарлықтың сөнген шоқтары жылт
еткендей бетіні
ң ұшы қызара қалды да, сәлден соң басылып,
ауруша
ң дауыспен: «Қарағым, өтірік айтып не қылайын, кезінде өлең
айт
қаным рас. Былтырдан бері басыма бір қайғы түсіп... қалды ғой
б
әрі де. Кейін жағдайымды өзіңе айтып беремін», – деді. Қасымдағы
бір 
әйел: «Бұл кісінің баласы қаза болған», – деп сыбыр етті.
Алдында домбырамен 
өлең айтып отырған ұзын бойлы ақ құба жігіт
анасына тартып 
өлеңші болған осы кісінің үлкен ұлы екен.
Ертесінде 
үйінде оңаша отырып, әңгімесін естідік. Алдымызға
бірнеше сурет кітаптарын 
қойды. Ішінде: штанга көтеріп жатқан,
гитара тартып отыр
ған, итін құшақтаған бір сүйкімді жасөспірімнің
суреттері. Суретке 
қарап: «Жанғалы тұрған бала екен», – дейсің.
Анасы айтты:
– Спортпен ш
ұғылданушы еді. Қораның ішіне кіріп алып, ауыр
темірін к
өтеріп кеп жататын. Сабағы жақсы, кләсіндегі баланың
алды еді. 
Өзі мейірімді, мына бір итін сондай жақсы көріп, сипап
к
үтетін. Білмедік не болғанын, осы балам мамыр айында асылып
өлді...
Итін мойнынан 
құшақтап, бізге қарап мәз болып күліп тұрған
с
үйкімді жасөспірімнің суретіне аянышпен тағы үңілдік.
– Жылап, жылап, жасым да суал
ған, – деді анасы тағы да. Баланың
қайғысынан ауыр не бар? Қалай жұбатарымызды білмей, отырып
қалдық. Сөзді өзі жалғады:
– Та
ңертең-кешке ұсақ малды айдап салып, қамап, өзі иелік
жасайтын. Шай
ға кешіккен соң, қораға барып қарасақ, мойнынан
асылып т
ұр екен, жаны шығып кетіпті.
Себебін білмеді
ңіздер ме?
– Еш
қандай біле алмадық... Оқуында да, үйде де кінә тағатын бала
емес еді. 
Әкесі өлген соң, соған қайғырды ма, білмеймін. Мілиса әрі-


бері тексеріп, т
үк таппады.
Ана орнынан т
ұрып барып, бір қуыстан тұмардай ғып түйіп
таста
ған, шүберекке ораулы бір қағазды алып берді.
– 
Қалтасынан шыққан соңғы хаты мынау.
Біз бала 
қолымен жазылған соңғы хатты дірілдей оқи бастадық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет