Профессора рузуддинова


-тапсырма. Сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырып, түсіңдіріңіз. Бүгін – бүгүн, түсті – түстү, өзінің – өзүнүң 7-тапсырма



бет42/73
Дата17.06.2023
өлшемі1,57 Mb.
#102006
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   73
2-тапсырма. Сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырып, түсіңдіріңіз.
Бүгін – бүгүн, түсті – түстү, өзінің – өзүнүң
7-тапсырма. Үш буынды сөздерді буынға бөліп жазыңыз.
Кітап – сенің досың. Кітапты күтіп ұста. Бетін бүктеме. Кітап – білім бұлағы. Кітапты көп оқу керек. Көп оқыған көп біледі.
9-тапсырма. Берілген сөздерді ауыспалы мағынада қолданып, сөз тіркесін құрап жазыңыз.
Маужыраған, өткір, тәтті, алтын, суық.
10-тапсырма. Бірінші бағандағы сөздердің екінші бағаннан антонимдік жұптарын табыңыз. Дос Жомарт Ақылды Әлсіз Өнерлі Қатыгез Сабырлы Салмақты
12-тапсырма. Мақалдарды антонимдермен толықтырыңыз.
Ашу – .....,
ақыл – ...... .
... сөз алтын,
... сөз көмір.
5.6 Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:

  1. 1 Қазақ тілі мен әдебиеті 11-сынып Т2 1-бөлім https://expert.study-inn.kz/uchebniki-kaz/tbr11-1



5.1. Тақырып №27 Денсаулықты сақтау өз қолымызда.
5.2.Мақсаты: Мәтін құрауда сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін орынды қолдану
5.3. Оқыту міндеттері: Қазақ тілінде ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыларын қалыптастыру, сөздердің байланысу түрлерін анықтау
5.4. Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:
1.Маскүнемдерді, нашақорларды емдеуге байланысты қалада (ауылда) қандай мәселелер бар?
2. Салауатты өмір салты дегеніміз не?
5.5. Дидактикалық-ақпараттық блок
Денсаулық – тек жеке бастың ғана емес, ұлтымыздың да ұлы игілігі. Соны ескере отырып, бүгінгі таңда саламатты өмір салтын ұстану, денсаулығымызға жауапкершілікпен қарау маңызды болып отыр. Өйткені, елімізде әлемді шарпыған аты жаман індетті жұқтырғандар қайта анықталып жатыр. Осы ретте, облысымызда карантин режімі қайта жарияланып, облыс басшысы денсаулығымызға жауапкершілікпен қарауға үндеу тастады. Әрбіріміз еліміз үшін қымбат екенімізді, мемлекеттің байлығы халқының амандығы екенін айтып, тәртіпке бағынуға шақырып отырғаны құптарлық.
Елімізде індеттің бірінші толқыны жүріп, сол шақта баршамыздың бойымызда үрей мен қорқыныш басым болды. Жақындарымыздың амандығын ойлап, індеттің ауыздықталуын тіледік. Арамыздан бұл індет талай жандарды алып кетіп, қабырғамызды қайыстырды. Енді сондай қиын шақты бастан өткерген соң, індеттің таралуы әлі тоқтамағанын ескеріп, сақтық шараларын мықтап қолға алуымыз керек. Қазақта «сақтансаң, сақтаймын» деген жақсы сөз бар. Сондықтан немқұрайдылықтан арылып, өткеннен сабақ алуымыз керек. Өз-өзімізді оқшаулап, жақынымызға жанашырлық танытайық. Көшеде, қоғамдық орындарда медициналық маска киіп, тазалықты ұстанайық. Бұларды өмірімізге енген күнделікті іс-әрекеттерімізбен ұштастырып, саулығымыздың кепілі тазалықта екенін ұмытпайық. Сақтанып, денсаулығымыз үшін жауапкершілігімізді сезіне білейік.
Деніміздің саулығы саламатты өмір салтын ұстануда жатқаны белгілі. Бұл жөнінде күнделікті теледидардағы түрлі бағдарламаларға білікті дәрігерлер, мамандар келіп, иммунитетімізді көтеру, пайдалы тағамдар тұтыну, спортпен айналысу туралы кеңестерімен бөлісуде. Бір мезгіл спортпен айналысып, дұрыс тамақтанып, уақтылы демалып, денсаулықты күтуді айтуда. Сонымен қатар, дәрі-дәрмекке көп сүйенбей, құнарлы, дәруменге бай тағамдарды тұтынуды, рухты түсірмеуді, үрей мен қорқынышқа бой алдырмауға шақыруда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет