Профессора рузуддинова


Сабақ беру мен оқыту әдістері



бет47/73
Дата17.06.2023
өлшемі1,57 Mb.
#102006
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   73
5.5. Сабақ беру мен оқыту әдістері (презентациялар, кестелер, ауызша-жазбаша сұрау,аралық бақылаулар)
5.6 Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:

  1. 1 Қазақ тілі мен әдебиеті 11-сынып Т2 1-бөлім https://expert.study-inn.kz/uchebniki-kaz/tbr11-1

Қосымша әдебиеттер:
1. Жалпы білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
2. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламасы – NIS-Programme «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні бойынша оқу бағдарламасы. – Астана, 2018

5.1. Тақырып №31 Әлеуметтік мәселе туралы не білесің?
5.2.Мақсаты: Мәтін құрауда сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін орынды қолдану
5.3. Оқыту міндеттері: Қазақ тілінде ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыларын қалыптастыру, сөздердің байланысу түрлерін анықтау
5.4. Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:
1.Тәрбие қашан ұлттық негізге табан тірейді?
2.Адам құқығы қай уақыттан пайда болды?
3.Білім маңызды ма, әдеп маңызды ма?
5.5. Дидактикалық-ақпараттық блок
Әлеуметтік мәселе - жаппай және үлкен әлеуметтік топтардың, әлеуметтік институттардың мүдделеріне қатысы болатын, қоршаған ортамызда тіршілік ететін қарама-қайшылық жағдай. Елімідегі әлеуметтік мәселелер мен проблемаларды бірнеше бөлікке бөліп қарастыруға болады. Барлық маңызды салалар - білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, азаматтық қоғам институттарының қызметі және т.б. - арнайы заңнамалық актілермен реттеледі. Енді еліміздегі барлық әлеуметтік мәселелерді мына проблемалар бойынша жіктеуге болады. Оларға:орта тап өкілдерінің аздығы, маскүнемдік, қарақшылық, баспанасыздық, жұмыссыздық, жоғарғы өлім көрсеткіші, қоршаған ортаның ластануы, мүгедектер жағдайы, сыбайлас жемқорлық, нашақорлық, балалар құқығының бұзылуы, төменгі туу көрсеткіші, кәрі кісілер жағдайы, өзін өзі өлтіру, діни келіспеушілік, терроризм, жезөкшелік және т.б. жатады. Осы аталған проблемалардың Қазақстан қоғамына және әлеуметтік өміріне әсері жайында толығырық айтасақ. Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде зерттеу ісі өзара байланысты міндеттерді: а) “қоғамды жалпы түрде” зерттеуді, яғни қоғамның жалпыға бірдей, әмбебап қасиеттерін, байланыстары мен жағдайларын (әлеуметтік философиямен етене байланыста әрі оның жетекшілігімен) зерделеуді; ә) қоғамның нақты-тарихи тұрпаттарын, өркениеттің даму сатыларын зерттеуді; б) жекелеген нақты қоғамдарды, яғни нақты өмір сүруші елдер мен халықтар қоғамын зерттеуді қамтиды. Әлеуметтік құрылым дегеніміз — кең мағынасында: қоғамның әрқилы, алуан сипаттағы құрылымдық бөлімшелерін және олардың арасындағы байланыстарды қамтитын ортақ түзілім. Оған қоғамның әлеуметтік-демографиялық та, әлеуметтік-таптық та, әлеуметтік-территория да, әлеуметтік-этникалық та, әлеуметтік-діни де т.б. құрылымдары жатады; ал тар мағынасында — қоғамның әлеуметтік-топтық жіктелуін — таптарға, әлеуметтік топтар мен жіктерге бөлінуін ғана білдіреді.
1-тапсырма. Көп нүктенің орнына сан есімді қойсаңыз, мақалды толық оқисыз.
Білімді............... жығады, білекті............... жығады. 2. ............ауыз сөздің тобықтай түйіні. 3. ............ өлшеп, .......... рет піш.
2-тапсырма. Сәйкестендіру тесті
1. Қанша? Неше? 1. жиырма сегіз
2. Нешінші? 2. екеу, жетеу.
3. Нешеу? 3. жеті, он бір.
4. Дара сан есім: 4. он, алты.
5. Күрделі сан есім: 5. бесінші, алтыншы.
6. Есептік: 6. бірінші, оныншы
7. Реттік: 7. бір, екі, үш


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет