«Профилактика несостоятельности желудочно-кишечных анастомозов в экстренной хирургии»



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата03.12.2023
өлшемі368,08 Kb.
#133674
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2.-Аннотация-Джумабеков-Б.Н.

Мақсаты 
Тромбоциттермен байытылған аутоплазманы пайдалану 
және 
анастомоз аймағында регенерация процестерін жеделдету арқылы жедел 
хирургияда асқазан-ішек жолына резекциялық хирургиялық араласулардың 
нәтижелерін жақсарту. 
Міндеттері 
1.
Экспериментте ішекаралық анастомоз аймағында тромбоциттермен 
байытылған аутоплазманы қолданудың әртүрлі әдістерінің тиімділігін 
зерттеу. 
2.
Механикалық беріктігін дәлелдеп, сонымен қатар экспериментте 
тромбоциттермен байытылған аутоплазманы енгізу арқылы қалыптасқан 
анастомоздардың регенеративті процесінің ағымын зерттеу. 
3.
Тромбоциттермен байытылған аутоплазманы қолдана отырып
асқазан-ішек анастомоздарының дәрменсіздігін алдын-алу әдісін жасау. 
4.
Тромбоциттермен байытылған аутоплазманы қолданудың асқазан- 
ішек анастомозын емдеу процесіне және жедел хирургия жағдайында 
операциядан кейінгі ерте кезеңге әсерін бағалау. 
5.
Асқазан-ішек анастомозы аймағында тромбоциттермен байытылған 
аутоплазма қолданылған және қолданылмаған пациенттер тобында емдеу 
нәтижелеріне салыстырмалы бағалау жүргізу. 
Жұмыстың ғылыми жаңалығы 
1.
Алғаш рет тромбоциттермен байытылған аутоплазма (№2018/0657.1, 
24.09.2018) қолдану арқылы ішек аралық анастомоздардың дәрменсіздігінің 
алдын-алу әдісі жасалып, экспериментте қолданылды. 
2.
Эксперименттің әртүрлі кезеңдерінде қалыптасқан анастомоздағы 
морфофункционалды өзгерістердің динамикасы туралы сапалы жаңа 
мәліметтер алынды және ишаралық анастомоздардың дәрменсіздігінің шекті 
деңгейлері анықталды. 
3.
Алғаш рет эксперименттік зерттеуде тромбоциттермен байытылған 
аутоплазманы қолданудың ұсынылған әдісін қолдану арқылы қалыптасқан 
ішекаралық анастомоздардың механикалық беріктігі дәлелденді. 
4.
Тромбоциттермен байытылған аутоплазманың эксперимент кезінде 
адгезия процесіне әсері туралы жаңа мәліметтер негізделді. 
5.
Тромбоциттермен байытылған аутоплазманы қолдану жолымен 
асқазан-ішек анастамозының регенерациясын жақсарту тәсілі әзірленді 
(19.03.2021 жылғы №2019/0691.1 ҚР патенті). 
6.
Шұғыл хирургия жағдайында тромбоциттермен байытылған 
аутоплазманы енгізудің инъекциялық әдісін пайдалану арқылы АІЖ 
анастомоздарының дәрменсіздігінің алдын алу тәсілі әзірленді (Еуразиялық 
патент (18.09.2019 ж. №2019/068). 
7.
Жедел хирургия жағдайында асқазан-ішек анастомоздарын салу 
кезінде тромбоциттермен байытылған аутоплазманы қолдана отырып, 
операциядан кейінгі кезең ағымының сипаты көрсетілді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет