5- тақырып. Буын (Силлабизм)
Буын, оның дауысты дыбыстың буын ішінде алып тұрған орнына қарай бөлінетін және буын құрайтын дауыстының акустикасына (жуан, жіңішке, көтеріңкі, бәсең, айқын, күңгірт т.б) қарай бөлінетін түрлері. Қазақтың төл сөздерінің буын жөніндегі ерекшеліктері. Сөздерді буынға бөлудің жолдары мен қажеттілігі. Сөз ішіндегі дыбыстардың орналасуына қарай буынның бөлінетін түрлері. Сөздердің буын жігі мен морфемалық жігі; бұларды ажырата білудің практикалық маңызы. Буынның бір түрінің екінші түріне ауысуы (буын жылысуы, буын ығысуы т.б), оның себептері. Буын жігінің ауызекі тілде бөлінуі мен жазуда бөлінуінің кейде сәйкес келетіні, кейде сәйкес келмейтіні, оның себептері.
6- тақырып. Дауыс ырғағы (Интонация)
Дауыс ырғағы (интонация) және кідіріс (пауза) туралы жалпы түсінік. Адам сөйлеп тұрғанда, айтылған пікірдің тыңдаушыға түсінікті болу үшін, мәнерлеп оқу үшін дауыс ырғағы мен кідірістің маңызы зор екендігі. Дауыс ырғағы арқылы сөйлемдегі сөздердің жеке айтылмай, бір ғана мағыналық топқа жинақталып, үздіксіз ұласа айтылатындығы. Кідіріс арқылы жеке мағыналы сөздер немесе мағына жағынан жинақталып ұласқан сөзтаптарының басқа сөздерден бөлініп үздік-үздік жіктеліп айтылатындығы. Ауа толқыны арқылы топталған фонетикалық бөліктер: сөйлеудің кідірістік, буындық жіктері (фраза, такт немес синтагмалар). Паузадан кейінгі күшті бас буын, паузаның алдындағы күшті соңғы буын. Дауыс ырғағының грамматикалық мағыналарды білдірудегі суперсегменттік қызметі.
7- тақырып. Екпін (Акцентуация)
Екпін, оның басты-басты түрлері: ой екпіні (логикалық екпін) және инверсия, көңіл-күй екпіні (эмфазалық екпін), сөз екпіні және олардың бір-бірінен айырмалары. Сөз екпіні, оның түрлері: үнді (музыкалық, тоникалық екпін); лебізді (динамикалық, экспираторлық) екпін. Лебізді екпіннің күшті лебізді, бәсең лебізді болып бөлінетіні: тіркес екпіні (фразалық немес комплекстік), көмекші (квантитатив) екпін. Қазақтың төл сөздері мен халықаралық сөдердегі негізгі және квантитатив сөз екпіндері. Лебізді сөз екпінінің тиянақты, тиянақсыз: тұрақты, тұрақсыз түрлері. Қазақ тіліндегі сөздердің екпіні көбінесе тиянақты (көбінесе соңғы буынға түсетін) және көбінесе тұрақты (омоним тұлғалы сөздерден басқалары) болып келетіні. Екпіні тұрақсыз сөздердегі сөз екпінннің атқаратын лексика-грамматикалық қызметтері. Қазақ тілі сөздерінің екпінді қабылдамайтын элементтері.