Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу



бет6/9
Дата25.04.2023
өлшемі283,5 Kb.
#86762
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4   5   6   7   8   9
8- тақырып. Дыбыстардың өзгерістері
Дыбыс өзгерістерінің басты-басты түрлері: игерулі (комбинаторлық), шектік (позициялық), игерусіз (спонтанды). Игерулі өзгерістердегі бір дыбыстың екінші дыбысқа тигізетін іргелес, алшақ, ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдар. Дыбыстардың игерулі өзгерістердің сөз ішінде қолданылатын орындары. Игерулі өзгерістердің қазақ тілінде жиі кездеспейтін түрлері: 1) ассимиляция, оның түрлері: дауыстылардың ассимиляциясы немес үндесуі, езулік немес таңдай аттракция мен еріндік аттракциялар. Дауыссыздардың қиюласуы. Ассимиляция мен сингармонизмнің ортақ жақтары және олардың айырмалары. 2) аккомодация (дауыстының дауыссызға немес дауыссыздың дауыстыға әсері); 3) метатеза (сөз ішіндегі дыбыстардың орнын ауыстырып айтылуы); 4) диссимиляция (ұқсатпай өзгерту), 5) орынбасар дыбыспен алмастыру; 6) айтуда дауыссыздарды үнемдеу, түсіріп тастау. Бұлардың кездесетін орындары. Шектік (позициялық) өзгерістер, олардың игерулі өзгерістерден айырмасы. Шектік өзгерістердің басты-басты түрлері: үчстеліп айтылатын сыналық дыбыстар (протеза, эпентеза, эпитеза), дауыстының әлсіреуі (редукция), оның сандық, сапалық, элизиялық, гаплологиялық түрлері, ұяң дауыссыздардың сөз соңында кідірістің алдында тұрып қатаңдауы.
9- тақырып. Игерусіз (Спонтандық өзгерістер)
Игерусіз өзгерістердің дыбыстардың өзіндік ерекшеліктері (олардың игерулі өзгерістерден айырмасы, тарихи дәстүрмен байланыстылығы).
10- тақырып. Графика және орфография
Графика (жазу). Қазіргі алфавиттің құрамы. Қазақ алфавитіндегі әріптер мен фонемалардың ара қатынасы. Орфография (емле). Қазақ орфографиясы туралы қысқаша мәлімет: араб әліппесі тұсындағы емле, латын әліппесі тұсындағы емле, қазіргі емле. Қазіргі кездегң қазақ орфографиясының негізгі (морфолгиялық, фонетикалық, тарихи дәстүрлі) принциптері, ол принциптерден ауытқитын кейбір жағдайларда әріптердің, түбір тұлғалардың жазылуы, күрделі сөз түрлерінің (біріктіріп жазылатын, бөлек жазылатын, сызықша арқылы жазылатын) жазылуы, халықаралық сөздердің жазылуы, қосымшалардың түрлері (алты вариант, төрт варианты, үш варианты, екі варианты және варианты жоқ), олардың емле ережесіне қатысы. Орфоэпия. Орфоэпия туралы қысқаша мәлімет. Орфоэпия мен орфография мәселелерінің ара қатысы. Фонетикалық транскрипция. Қазақ орфографиясының нормалары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет