Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу


Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны



бет7/9
Дата25.04.2023
өлшемі283,5 Kb.
#86762
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3.4 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны
Тәжірибешілік сабақтар теориялық жағынан өткен мәселелерді терең түсінук, тәжірибеде оны жан-жақтыталаду, игеру мақсатында жүргізіледі.
1- тақырып. Дыбыс туралы жалпы түсінік
Дыбыс және фонема, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Әріп туралы ұғым. Әріп пен дыбыстың арақатынасы. А.Байтұрсыновтың «Тіл - құрал» еңбегінің маңызы. Қ.Жұбановтың қазақ тілі фонетикасы жөніндегі зерттеулері.
2- тақырып. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары
Сөйлеу мүшелері туралы түсінік. Актив және пассив сөйлеу мүшелері. Дауысты дыбыстарды жасауға қатысатын сөйлеу мүшелері. Дауыссыз дыбыстарды жасауға қатысатын сөйлеу мүшелері.
3- тақырып. Дауысты дыбыстар (Вокализм)
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың тілдік табиғаты. Дауыстылардың тіл, жақ және ерінге қатысты бөлінісі. Дауысты дыбыстардың сөз ішіндегі қолданысы. Кейбір дыбыстардың дифтонгоид сапада айтылуы. Дауысты фонемалар: олардың саны, сапасы, жіктелуі; айтылу, жазылуындағы ерекшеліктер
4- тақырып. Дауыссыз дыбыстар (Консонантизм)
Дауыссыз дыбыстарға мінездеме. Дауыссыз дыбыстардың жасалу орны, тәсілі, жолына қарай бөлінісі. Дауыссыз дыбыстар. Африкат дыбыстар, олардың емлесі. Дауысты фонемалар: олардың саны, сапасы, жіктелуі; айтылу, жазылуындағы ерекшеліктер
5- тақырып. Буын (Силлабизм)
Буынға байланысты қазақ тіл біліміндегі көзқарастар. Қазақ тіліндегі тұйық буынның ерекшелігі. Буын, оған тән белгі-ерекшеліктер. Буынның маңызы, түрлері. Буынды танып-білудің фонологиялық маңызы, орны.
6- тақырып. Дауыс ырғағы (Интонация)
Дауыс ырғағының суперсегменттік қызметі. Дауыс ырғағының түрлері.
7- тақырып. Екпін (Акцентуация)
Екпіннің қызметі.қазақ тіліндегі екпін туралы көзқарастар. Қазақ тіліндегі екпін түспейтін қосымшалар.
8- тақырып. Дыбыстардың өзгерістері
Фонетикалық құбылыстар. Шектік (позициялық) өзгерістердің игерулі өзгерістерден айырмасы. Дыбыс үндесімі. Дауыссыз дыбыстардың өзара үйлесімі. Ықпал, игеру заңдылықтары. Жасалым, айтылымға қатысты игерулер. Буын үндесімі. Тіл үндесімінің тілдегі орны, қызметі. Ерін үндесіміне көзқарас. Буын үндесімінің тілді ұйымдастыру, ерекшелеудегі маңызы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет