Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу


Пәннің тақырыптық жоспары



бет3/9
Дата25.04.2023
өлшемі283,5 Kb.
#86762
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сағат саны

Дәріс

Тәжір.

СӨЖ
СӨЖО

1

2

3

4

5

1

Дыбыс туралы жалпы түсінік

1




3

2

Тіл дыбыстарының жасалу жолдары

1

1

3

3

Дауысты дыбыстар (Вокализм)

1

1

3

4

Дауыссыз дыбыстар (Консонантизм)

1

1

3

5

Буын (Силлабизм)

1

1

3

6

Дауыс ырғағы (Интонация)




1

3

7

Екпін (Акцентуация)

1




3

8

Дыбыстардың өзгерістері

1

1

3

9

Игерусіз (Спонтандық өзгерістер)




1

3

10

Графика және орфография

1

1

3




Барлығы:

7,5

7,5

30



Теориялық курс мазмұны
1- тақырып. Дыбыс туралы жалпы түсінік
Тіл дыбыстарының жасалуы. Тіл дыбыстарын жасаудағы қозғалтқыш күш, оның ырғағы; ауаның жолы, қарқыны, күші, созылыңқылығы. Жаңғырық жасайтын (резонаторлық) қуыс орындар (көмей қуысы, тамақ қуысы, ауыз қуысы). Ауаның түрлері: үнге айналған (фонациялық) ауа, тон, обертон, тембр. Дыбыстардың физикалық, анатомия-акустикалық жақтан құралатын өзіндік қасиеттері, табиғаты. Артикуляциялық дағды (артикуляционная база). Артикуляциялық дағдының бір тілде сөйлейтін адамдардың сөздерін не дұрыс, не бұзып айтуына (орфоэпияға) тигізетін әсері; орфографиямен қарым-қатынасы.дыбыс және фонема олардың ортақ жақтары мен айырмасы. Фонеманың өзіндік қасиеті; фонеманың түрлері (аллофондары); аллофондардың вариант, варияциялық ерекшеліктері. Әріп, алфавит. Әріптің нақтылы фонемаларды таңбалау кезінде негізделетін принциптері.
2- тақырып. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары
Дыбыс жасауға қатысатын сөйлеу мүшелері (артикуляциялық мүшелер); олардың актив, пассив түрлері және атқаратын қызметтері. Қазақ тілі дыбыстарының құрамы мен түрлері. Дауысты (вокализм) дыбыстар мен дауыссыз (консонантизм) дыбыстар. Дауысты дыбыстардың дауыссыз дыбыстардан айырмашылығы.
3- тақырып. Дауысты дыбыстар (Вокализм)
Дауысты фонемалардың құрамы. Дауысты дыбыстардың жасалуы; олардың әр түрлі артикуляция-акустикалық тұрғыда топтастырылуы (классификациясы): а) жасалу орнына (тілдің қатысына) қарай – жіңішке (тіл алды), жуан (тіл арты) болып бөлінетін түрлері: қазақтың төл сөздеріндегі дауыстылардың тіл алды – жіңішке, тіл арты-жуан болып бөлінуінің жаңа мағыналы сөз жасаудағы негізгі қызметі (боз-бөз, тұз-түз, ал-әл т.б.), ә)жасалу жолына (жақтың қатысына) қарай ашық, қысаң болып бөлінуі; б) жасалу тәсіліне (ерін мен езудің қатысына) қарай еріндік, езулік болып бөлінуі (бірақ ашық-қысаң, еріндік-езулік болып, жұптаса бөліну әрқашан тұрақты емес шартты екендігі: олардың кейде мейлінше ашық немес қысаң кейде орташа ашық немесе қысаң болатындығы). Акустикасына қарай дауыстылардың мейлінше айқын, көтеріңкі және бәсең, көмескі әрі аралық дыбыстар болып естілу ерекшеліктері, в) үнінің ішкі сапасына қарай қазақ тілінің төл дауыстылардың жалаң және дифтонг болып бөлінетін түрлері. Дифтонг дауыстылардың өзіндік ерекше сапалық белгілері. Кейбір дифтонг болып бөлінетін түрлері. Дифтонг дауыстылардың өзіндік ерекше сапалық белгілері. Кейбір дифтонгоид дауыстылар: сөз басында «у, и» дауыстыларының (дифтонгоид сапада айтылуы) да кей жағдайда дифтонгоидқа айналуы. Орыс тілінен енген сөздердегі дауыстылар. Олардың рекшеліктері. Қазақтың төл сөздеріндегі және халықаралық сөздердің жазылуындағы «я, ю, е (ё)» әріптерінің қызметі; г) дауыстылардың сөз ішінде қолдагылатын орындары (сөз ішінде орын талғамайтын және талғампаз дауыстылар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет