Программа дисциплины (Syllabus)



бет10/22
Дата25.04.2023
өлшемі459 Kb.
#86503
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
Силлабус Медиариторика 6В01701

Оспақтау (ложное усиление) – ойдың соңғы бөлiгi сырттай ойдың алдыңғы бөлiктерiн бекiте түскенiмен шындығында оны жоққа шығарып, мансұқ етiп тұрады. Мысалы, Досбол тоқсанға келiп, төсек басты болғанда Шиелi қыпшақтарының Байсын, Саудағұл, Нұржан деген үш атқамiнерi оның көңiлiн сұрай келiп, қонады. Ертеңiнде қайтуға қарағанда, Байсын:
– Уа, Досбол аға, жасыңызда қазаққа қызыл тiлден жол бермедiңiз. Аспандағы құсты ауызбен iлдiңiз. Ендi төрiңiзден көрiңiз жақын қалыпты, о дүниеге не деп барасыз? – дептi.
Байсын соқыр, Саудағұл таз, Нұржан пұшық екен. Өз заманының ұлығы болған соң паңданып отырыпты. Кейбiреуi мұртын ширатып, сақалын тарай берiптi. Досбол бұл мiнездi жалғандық, азғандық машық деп ұқса керек. Оның үстiне ”төрiңiзден көрiңiз жуық” деген сөздi ұнатпай қалады да, тез жауап қатады:
– Уа, тумақ болса, өлмек бар. Менiң ол дүниеге айтарым жоқ. Егер айтар болсам кешегi аруақты ерлерге қонған бақ құсы қара шыбын болды, ол ұшып соқырдың көзiне, таздың басына, пұшықтың мұрнына қонды деп барсам керек, – дептi. Сендерге бақ қонды деп отырғанмен, аруақты ерлерге қонған бақтан ол бақтың қара шыбын секiлдi тым ұсақ екендiгiн, оның соқыр, таз және пұшыққа үйiрсектеу екендiгiн айтқанда, Досболдың ұғымында бақтың ұғымы аса кең мағынада екенiн сезiнемiз де, бақыт қонды дегендердiң бақытсыз екендiгiн ерiксiз мойындаймыз.
Ирония – сөздi тура мағынасында айтылғандай қолдана отырып, бiрақ оған қарама-қайшы мағына беру, сөйтiп ойды жеңiл әзiл-қалжыңмен, зiлсiз кекесiнмен айту тәсiлi.
Ерте заманда бiр төре кедей адамға егiн ектiрiп, ақы төлемей, өзi пайдаланып жүредi екен. Кедей адамға балаларын асырау қиын болыпты. Келесi күзде егiн жақсы шығып, кедей егiндi төреге айтпай өзi жинап алыпты. Төре кедейдiң басын жарып, таяқ жеген кедей Төле биге арызданып барыпты. Төле бидiң қартайған уақыты екен. Және төренiң жағдайын естiген болса керек. Төренi шақыртып алып:
Таласқандарының қара жер,
Төрем болдың босқа тер.
Егiншiмен айтысып,
Қор боп қапсың қайран ер.
Қор болмасты ойласаң,
Мүсәпiрдiң қақын бер! –
деген соң, әлгi төре ұялып, кедейдiң ақысын берiп, риза қылыпты. Төленiң осы сөзiндегi ”Қор боп қапсың” дегенi аяушылық сезiммен басталғандай көрiнiп, аяғы ”қайран ер” деген кекесiнге ұласып кетедi. Билiк сөздiң арқауы осы бiр-ақ жол. Кекесiннен туған тапқырлық кедейге ақысын қайтарып отыр. Төреге қарапайым диқанмен дауласу арлы, ұятты нәрсе.
Тұспалдау – ойды нақты жеткiзбей, орағытып, астарлап, ишарамен айту тәсiлi. Қазақ шешендiк сөздерiндегi кең қолданылған, тапқырлықтан туған ұтымды әдiс.
Бiр жiгiт Мөңке бидi көруге құмар болып, iздеп келедi. Есiктен кiрген жiгiтке Мөңке:
– Түлкiм, жоғары шық, – дейдi. Шай келедi. Бiр аяқ шай iшкен кезде:
– Сыншым, сөйле, – дейдi. Жiгiт түсiнбей отыра бередi. Жiгiт кетер кезiнде:
– Жыршым, ендi рұқсат, үй-iшiңе жет, ел-жұртыңа сәлем айт! – дейдi. Жiгiт сауал қояды.
– Сiз маған үш сөз айттыңыз. Осы тұспалдарыңызды мен түсiнбедiм. Ненi мегзегенiңiздi айтып берсеңiз. Мөңке сонда былай деп жауап қайтарды:
– Түлкi құсап құбылып келдiң. Әр мейман кiрер кезде сен сияқты толқып кiретiндiктен, соны айттым. Қонақ бiраз отырған соң үйдiң оң жақ, сол жағына қарап сынай бастайды. Сыншым – дегенiм сол. Қонақ үйден аттанғанда көрген-бiлгенiн жыр қылып айта жүредi. Жыршым дегенiм – сол, – дегенде, тұспалдаудың шешендiк сөз үлгiлерiндегi тапқырлықты туындататын келiстi тәсiл екенiн аңдаймыз.
Әдебиет: [негізгі әдебиет 2, 3,4,5.6, қосымша әдебиет 1,3, 10,11,12,14.].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет