ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ Кіріспе «Даму психологиясы» пәнінің адам туралы ғылымдар жүйесіндегі
орны. Маман-психологтарды дайындаудың құрамды бөлігі ретінде даму
психологиясы туралы түсінік. Даму психологиясының қалыптасу тарихы мен
дамуының алғышарттары.
Даму психологиясындағы жалпы психологиялық мәселелерді шешудегі сараптау (эксперименттік)
зерттеулердің мәндерін, жас ерекшелік психологиясындағы теория мен практиканың байланысын жүзеге
асыра алу мүмкіндігін алады. Даму психологиясы қолданбалы мәнін денсаулық сақтауда, оқыту мен
тәрбиеде, диагностика мен коррекцияда, теориялық және тәжірибелік білімдерін дамытуға бағытталған
ғылым.
Курстың мақсаты: студенттердің ғылыми ой-өрісін кеңейтуге, психологиялық іс-әрекетке
дайындығының теориялық сапасын жоғарылатуға, балалардың жас ерекшелік дамуының заңдылықтарын,
теориялық және тәжірибелік білімдерін қалыптастыруға бағытталған. Бала психологиясының әртүрлі жас
дамуының кезеңдерінің айрықша ерекшеліктерін, іс- әрекеттің әртүрлілігін, жеке адамды қалыптастыратын
психикалық қалыптар мен мінез-құлықты, баламен жұмыс істеу барысында берілген заңдылықтарды есепке
алу туралы студенттердің ғылыми түсініктерін дамыту.
Курстың міндеттері: пәнді оқу барысында студентте мыналар
қалыптасуы қажет:
№ Тақырып атауы Кіріспе Даму психологиясына кіріспе 1.
«Балалық шақ» ұғымын тарихи талдау 2.
Даму психологиясының пәні, міндеттері және зерттеу әдістері
Даму психологиясының негізгі бағыттары 3.
Психикалық дамудың теориялары 4.
Психикалық дамудың заңдылықтары
Даму кезеңдері 5.
Нәресте психологиясы (туылғаннан бір жасқа дейін)
6.
Ерте балалық шақтағы баланың физикалық және психикалық дамуы 7.
Мектепке дейінгі жастағы психикалық дамудың жалпы сипаттамасы 8.
Ойын іс-әрекеті психологиясы