Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыты
|
Педагогтің іс- əрекеті
|
Оқушының іс-əрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі
(1-7 мин.)
|
Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу.
І. Қызығушылықты ояту. «Арқаға сурет салу» ойыны
Ойынның шарты: Бұл ойында барлық əрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің соңынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең соңында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мəселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш, автомəшине т.б.).
Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына əлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрған оқушының арқасына өзінің арқасына салынған заттың суретін салады. Суреттер салынып біткеннен кейін, мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады.
Бұл ойын оқушыларға псиологиялық жағымды көтеріңкі көңіл күй орнатады.
|
Топтастыру
|
Топтастыру. «Төрттік» əдісі
Сыныптағы оқушыларға «əке», «ана», «бала», «ата» деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша 4 топқа бірігеді. Сонымен қатар əке, ана, бала, ата туралы əннің бір шумағын ғана орындату арқылы сергіту жаттығуын жасайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |