Просит принять срочные меры и оградить хозяйствующие субъекты Северо-Казахстанской области от неправомерных действий монополиста энергопередающей компании тоо «СевКазЭнергоцентр»



бет12/31
Дата29.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#88457
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Байланысты:
Диссертация от 18.04.2013г.

Конституциялық бақылау құқығындағы американдық модель.
Бұл модель бойынша АҚШ-та арнайы конституциялық бақылау органы (Конституциялық Сот) құрылмайды. Ол құзіретке жалпы юрисдикциядағы Жоғарғы Сот ие. Жоғарғы Сот аппеляциялық немесе қадағалау сатыларында жүзеге асырылады. Американдық модельдің өзіндік бір тарихы бар. XVII ғасырдың өзінде-ақ Британ соттары заңнамаға қатысты жалпы құқықтық соттық бақылау прецедентін құрды. Ұлыбританияда жалпылама алғанда Конституцияның құрастырылуының өзі бір қызық тарихи оқиғалардан тұрады. Жалпы алғанда Ұлыбритания Конституциясы сот тәжірибесінің негізінде құрылған құжат екеніне көз жеткізуге болады. Осы кезден бастап заңнама шығармашылығы пайда болғанға дейін ағылшын Конституциясындағы басты принциптер мен адамдардың құқықтарын көздейтін нормалар осы сот практикасы арқылы жүзеге асырылды. Мұнда адам өз құқықтары үшін сотқа жүгініп күресетін болған. Осы жағдайлар, яғни адамдардың соттарға өз құқықтарын қорғаудағы белсенділіктерінің және сот практикасының негізінде Англияда құқықтық мемлекеттің орнауы жетіле түсті. Бұл ең басты фактор. Мұның алғашқысы 1610 жылға тиесілі. Судья сэр Эдуард Коук (Coke) жалпы құқық қағидасына сүйене отырып, Британ Парламенті қабылдаған заңды күші жоқ деп таныды. Дәрігер Томас Бонхэма (Bonham) дәрігерлер Палатасымен заңды түрде жартысы палата төрағасының иелігіне түсетін айыппұл төлеуге кесілген болатын. Бірақ, судья Коук «ешкім өз ісінде судья бола алмайды» деген қағиданы алға тартып, бұл заң жалпы құқық қағидасына қайшы келетінін дәлелдеген еді. Мұнда төраға мен судьялар айыппұлды өндіруге тікелей мүдделі және әрбір нақты іс бойынша олар тек судья ғана емес, сонымен қатар жалпы құқық қағидасына сәйкес тарап ретінде де танылады. Сондықтан да олар судья бола алмайды. Судья Коуктың қортынды тұжырымында «біздің кітаптан шығатыны көптеген істерде жалпы құқық заңдарды түзетуге көмектеседі (acts of parlament), ал кейбір жағдайларда оларды толығымен күші жойылды деп тануға тура келеді. Егер заң құқыққа және ақылға қайшы келсе, онда жалпы құқық әрекет етеді де, есесіне заң күші жойылды деп танылады... Кейініректе соттар судья Коуктың «жалпы құқықта жинақталған әділеттіліктің негізгі қағидаларын Парламент өзгерте алмайды» деген белгілі ойын айта бастады. Судья Коуктан 350 жылдан кейін континенталдық еуропалық құқықтық жүйедегі мемлекет – Германия Федеративтік Республикасынң Конституциялық Соты «жасанды құқықтан табиғи құқық басым» дегенді айтып кеткен болатын [35, 17-18бб.]. Англосоксан құқықтық жүйедегі көптеген мемлекеттерде (Австралия, Үндістан, Канада, АҚШ және т.б.) конституциялық бақылау функцияны басты қызметі қылмыстық және азаматтық істерді қарау болып табылатын жалпы соттар атқарады. Кейбір мемлекеттерде бұл функция барлық соттармен жүзеге асырыла беруі мүмкін, бірақ соңғы шешімді Жоғарғы Сот сатысы қабылдайды (скандинавия мемлекеттері, АҚШ, Филиппин, Жапония), ал кейбір мемлекеттерде – тек Жоғарғы Соттармен (Гана, Шри-Ланка, Эстония) және федарацияларда да (Үндістан, Канада, Малайзия) штаттардың Жоғарғы Соттарымен жүзеге асырылғанымен соңғы шешімді мемлекеттің Жоғарғы Соты қабылдайды. Қазақстанда, Марокко, Сенегал, Тунис, Эфиопия, Франция мемлекеттерінде арнайы конституциялық бақылау органы – Конституциялық Кеңестер құрылған (кейде олар конституциялық сот немесе Жоғарғы конституциялық сот деп те аталады, бірақ іс жүзінде олар сот органдарына қатысы жоқ). Олардың құрылуына сот корпусы араласпайды.
Тарихшылардың айтуынша АҚШ-тың Жоғарғы Соты белгілі бір нақты іс бойынша 1803 жылы конституциялық бақылау жүргізу құзіретін иемденіп алған болатын. Ол бойынша жоғарғы сот 1789 жылы қабылданған «Соттық орналастыру» заңының 13 тарауын Конституцияның III бабына қарама-қайшы келеді, – деп тауып, оны қажетсіз, яғни сот арқылы мәжбүрлі орындатуға жатпайды» деді. Осыдан келіп, егер белгілі бір заңның Конституцияға қайшылығы табылатын болса, онда оны конституциялық емес деп танып, оның күшін жоюға болатын болды. Осы функцияны АҚШ-тың Жоғарғы Соты қолданғаннан бастап жазылған Конституциялары бар мемлекеттерде әр уақытта конституциялық бақылау әртүрлі нысандарда қолданыла бастады [36]. АҚШ-тың Жоғарғы Соты өзінің Конституциясында көзделген құзіретінен басқа, 1803 жылдан бастап өзіне конституциялық бақылау құқығын, яғни Конгресс, Президент және штат билік органдарының актілерін Конституцияға сәйкестігі жағынан бақылау жүргізу құқығын иелендіріп алды. Конституциялық нормаларды талқылай келе, Жоғарғы Соттың судьялары, АҚШ-та дәл осы секілді бақылауды жүзеге асыратын басқа да соттар сияқты нормативтік актілердің тағдырын белгілейді [37]. АҚШ-тың Жоғарғы Соты конституциялық емес заңға байланысты „Конституциялық емес заң – заң болып табылмайды: ол ешқандай құқықты тудырмайды; ол ешқандай қорғауды алып келмейді; ол ешқандай міндетті құрмайды; заңдық тұрғыда ол еш уақытта қабылданбаған жағдайда қандай болса, сондай күші жоқ болады“, – дейді [38].
АҚШ-тың Жоғарғы Соты конституциялық қадағалауды жүргізе келе, өздері қарастырып жатқан нақты істе қолданылып жатқан немесе қолданылуға тиіс заңның конституциялығын тексереді. Ол өзінің ойынша конституциялық емес заңдарды таңдайды (бұл құқықты өте жиі қолданады). Сонымен қатар, Жоғарғы Сот барлық соттарға тиесілі прецедент құрады, болмаса керісінше заңды АҚШ-ның Конституциясына сәйкес, сәйкес емес келу себебіне байланысты қолданбауды көрсетеді. Прецедентті кез келген сот жасай алады. Бірақ, тек Жоғарғы Сот қана, егер АҚШ-ның Конституциясына қарама-қарсы келгенін анықтаса, заңның жарамсыздығының жалпыға бірдей прецедентін құра алады. Жоғарғы Соттың бұл құқығы Конституцияда көрініс таппаған. Жоғарғы Сот оны өзінің Мэрберидің Мэдисонға қарсы ісінің прецеденттін құруынан кейін алды.
Конституциялық бақылаудың «американдық» моделін қолданатын мемлекеттерде қолданып жатқан немесе қолдануға тиіс заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің Конституция талаптарына сәйкестігі туралы мәселені жалпы юрисдикциядағы соттар шешеді. Бұл тұрғыда соттық конституциялық бақылаудың американдық ерекшеліктеріне мыналар жатады:
1. Қандай да болмасын нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкессіздігі туралы мәселе тек мұндай нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялап, күшіне енгеннен кейін ғана көтеріледі, яғни конституциялық құқықтық талас әрқашанда нақты болып табылады;
2. Нақты бақылауда Жоғарғы Сот Конституцияға сәйкессіздік туралы мәселені жекеше, ерекше өндіріс негізінде қарамайды. Керісінше, мұндай өндіріс қандайда бір істі тікелей қарастыруға байланысты болады. Демек «заңның тағдырын істің негізінде шешеді» деген сөз;
3. Конституциялық емес деп танылған статут немесе өзге де нормативтік құқықтық акт заңдық күшін жоғалтады [39].
«Американдық» модель АҚШ-да пайда болып, қазір Латын Америка мемлекеттерінде (Аргентина, Бразилия, Мексика, Никарагуа), скандинавия мемлекеттерінде (Дания, Исландия, Норвегия, Швеция), Жапонияда және сол сияқты жалпы құқық әрекет ететін мемлекеттерде (Австралия, Гана, Үндістан, Намибия, Малайзия, Канада және т.б.) әрекет етеді» [40].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет