41
(2)
список книг
список сник
(3)
well made
well wade
(4)
молодой человек
молодой моловек
(5)
well made
mell wade
(6)
молодой человек
челодой моловек
Жаңылыс сӛздер сӛздерді буынға құрылымдық бӛлу заңдылығына бағынады.
Соның ішінде, сӛйлеуші айтуға ниеттелген сӛздің алғашқы буыны басқа сӛздің алғашқы
буынымен алмастырылады; ортаңғы буын ортаңғы буынмен; соңғы буын соңғы буынмен
алмасады (бұдан ауытқу болу мүмкін емес). Екінші сӛздің соңғы фонемасы бірінші сӛздің
алғашқы фонемасымен ешқашан араласпайды. Осы заңдылық буын сӛйлеуді
жоспарлаудың бірлігі болып табылатынын дәлелдейді.
Сонымен қатар, дауыссыздардың қатаңдауы немесе ұяңдауы, белгілі бір тілге тән
(мысалы, назальдылық-мұрын жолды дыбыс) фонологиялық белгілердің пайда болуы
немесе жоғалуы секілді құбылыстардың болуы мүмкін. Мысалы, сӛз тіркесінде (9) қатаң
дыбыс ұяңға, ұяң дыбыс қатаңға алмастырылады (10). Егер сӛйлеуші ұяң дауыссыздан
бастауды ұйғарған болса (13 немесе 14), бірақ қатаң дауыссыз болып шықса (14 немесе
16), мұндай жағдайда қатаңдық белгіні алдын-ала болжап қою жайында (о
предвосхищении признака глухости) айтуға болады. Сонымен жаңылыс айтылатын
сӛздердің бірінші заңы бойынша (первый закон оговорок), берілген тілдің дыбыстық
контексті үшін тек фонологиялық жағынан мүмкін тілдік қателер ғана байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: