Психолингвистика пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет37/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   104
15. «Ата-ана» тілі  


 

37 


Баланың  тіл  игеруінде  ата-аналардың  рӛлі  айтарлықтай  зор.  Егер  тілдік  орта 

болмаса  бала  толық  кӛлемде  тілді  игере  алмайтыны  белгілі.  Бірақ  ата-аналар  баланың 

грамматикалық  қателерін  сирек  түзететіні  таңқаларлық  жағдай.  Бұл  кӛбінесе  жоғары 

әлеуметтік-экономикалық  статусқа  ие  ата-аналарға  тән.  Алайда  олар  кӛп  жағдайда 

баланың айтқаны шындыққа сай келмегенде ғана түзетеді (121-122). 

 

(121) 



Бала 

Моя  мама  не  мальчик,  она  (пропущен  глагол-связка), 

девочка. (Менің мамам ұл-бала емес, ол қыз-бала). 

 

Ата-ана 



Дұрыс! (Првильно!) 

(122) 


Бала 

Дисней бізге сейсенбіде келеді! (Дисней приедет к нам 

домой во вторник!) 

 

Ата-ана 



Жоқ,жоқ. Жұмада келеді! (Нет, нет. В пятницу!) 

   


Баланың сӛздерінің тек ақиқатқа сай болуына ғана кӛңіл бӛліп, оның сӛйлеуінің 

аграмматикалығын сирек түзетеді. Психолингвистикалық әдебиеттерде бұл проблеманы – 

грамматикалық  қателерді  түзетпеу  –  негативті  мәліметтер  проблемалары  (проблема 

негативных  данных)  деген  атқа  ие    болды  (проблема  негативных  данных  –  negative 

evidence, absence of negative data).  

Ересектердің балалармен тілдік қарым-қатынасының келесі бір ерекшелігі ересек 

адам  балалармен  ӛздерінің  (ересектердің)  арасында  сӛйлескеннен  ӛзгеше  әңгімелеседі. 

Айталық,  жасын  сұрағанда  (123)  немесе  атын  сұрағанда  (124)  ересектер  кішірейткіш 

суффикстерді  пайдаланады  немесе  балаға  «біз»  деген  ортақ  мәндегі  сӛз  кӛмегімен 

сӛйлеседі.  Баламен  сӛйлескенде,  шӛкелеп  отырып  жоғары  және  ӛзінің  даусын  ӛзгертіп 

әңгімелеседі. Мұндай тілді «ата-ана» тілі немесе «бала күтуші» тілі (нянькиным языком – 

parentese talk, motherese talk) деп аталады.  

(123) Бізге қанша жас? (Сколько нам годиков?) 

(124) Біздің атымыз кім? (Как нас зовут?).  

Балаға  арналған  сӛйлемдердің  (child  direct  speech)  синтаксистік  ерекшелігі  бар. 

Кӛбінесе,  ата-аналардың  фразалары  қысқа  және  қарапайым  құрылымға  ие.  Ересек  адам 

баламен  сӛйлескенде  ғылыми  мәндегі  сӛздермен  (125)  емес,  қарапайым  сӛздерді  (126) 

қолданады.    

(125) Ит саябақта жүгіріп жүрді және енді организмдегі суды қалпына келтіру 

қажет.  

(126) Ит суды ішкісі келді.  

Кейде ересектер тілінде уақыт сәйкессіздігі (127) және есімдіктің орнына жалқы 

есімдерді  қолдану  кездесетін  (128)  фразаларды  естуге  болады.  Екі  жасқа  дейін  жіктеу 

есімдігінің бала тілінде болмауы ересектердің тілдік санасының перифериясында бекітіліп 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет