алмастыруға негізделе отырып, екі жақын орналасқан сӛздердің кездейсоқ бірлігі ретінде
42
Ниет
Нәтиже
(23) port-monnaie+monteau
portmanteau
24
портмоне+манто
портмонто
25
smog+fog
fog
26
свежо+холодновато
свежоповато
27
It is separated+kept separately
This is kept separatedly
Тілдік қателердің 87% сӛз таптарының бірінде қайта-қайта кедесе беретіндігі
белгілі. Кӛмекші сӛз таптарында, айталық, шылау, предлог және есімдіктерде
қайталамалардың 90%-і кездеседі. Бұл жағдайда, негізінен, атаулы сӛз таптары – зат есім,
етістік, сын есім және үстеулер түзетулерге ұшырайды.
Жаңылыс жазылған сӛздер (описки) емле қателеріне қарағанда жазу барысында
туындайтын стандартты емес қателер ретінде қабылданады. Фонетикалық принципте
жаңылыс жазылған сӛздердің 20%-і негізделген. Бұған қарағанда графикалық бейнесіне
ұқсастығына байланысты туындаған қателер аздау. Сонымен қатар, қалдырып кетулер
(пропуски), алмастыру және қосып алу да кездеседі. Морфемдік деңгейдегі жаңылыс
жазылған сӛздер де қалдырып кету және қосып алу секілді тілдік қателер бар. Сӛздің екі
сегменттерін (бӛлшектері) ауыстыруға негізделген қателер де айрықша кӛрінеді. Бұл
қателер Оксфорд колледждерінің декандарының бірі Вильям Спунердің (1844-1930жж)
есімінен келіп шыққан «спунеризмдер» деген атпен белгілі. Бұл кісі артында үлкен
кӛлемде қызықты мысалдар (28-31) қалдырған. Бұларды орыс тілінің еркін аудармасында
береміз, себебі тілдік ойындардың сӛзбе-сӛз аудармасы, негізінде, мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: