Дене дайындығы- денсаулығы, генотипі және физиологиялық пісіп -жетілуі. Баланың мектепке қабылданар алдында денсаулығының жағдайы көптеген көрсеткіштермен бағаланады. Ол 4 топқа бөлініп қарастырылады:
бірінші топтағы балаларға -денсаулығы мықты балалар жатады. Бұл -белгі бір кезеңге дейінгі бақылау барысында денсаулығына байланысты ешқандай ауытқулар байқалмаған балалар.
Екінші топқа қалжырау мен стресс нәтижесінде инфекциялық аурулар мен ауруға бейім, патологиясы бар балалар. Бұл балаларда кейбір органдар мен жүйелердің морфологиялық жағынан пісіп -жетілмеуі байқалады. Бұл топқа кіретін балалардың денсаулығын анықтау өте күрделі. Оларға қалыптан тыс сәл ауыртпалық түсіру денсаулығының күрт төмендеуіне әкеледі де, күтпеген аурулармен ұштасуы мүмкін. Осы балалар ата-аналарымен ұстаздардың және дәрігерлердің тарапынан үнемі бақылауға алынуы тиіс
Үшінші топқа әртүрлі аурулармен ауыратын балалар кіреді. Олар көптеген ауруларға төзімсіз. Имунитеті әлсіреген және де бейімделу деңгейлері төмен. Мектептегі оқу жүктемесі кезінде тез әлсіреп, шаршап болдырып қалады. Бұл балаларда көбінесе көз ауруы, асқазан, тыныс алу, және т.б. аурулар байқалады. Әсіресе, экологиялық жағымсыз аймақтарда бұл балалардың саны өскен.
Төртінші топ балаларына мектепке оқытуға болмайтын балалар тобы кіреді бұл балалар арасында жиі кездесетін ауруларға мыналар жатады.: жүйке -психикалық тежелу, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы, көзінің нашар көруі, құлағының естімеуі. Осы балалардың көпшілігі арнайы мектептерде білім алады және арнайы бағдарламалармен оқытылады.
Психологиялық дайындығы -интеллектуалдық, жеке тұлғалық даму мен эмоцианалды- еріктік механизмдердің қалыптасуы Интеллектуалдық дайындық дегеніміз бастауыш сынып бағдарламасын меңгеруге қажетті психикалық процестердің дамуы. Танымал психолог Е.И.Рогов қалыптасқан психикалық процестерді төмендегідей қарастырады: