Психология кафедрасы



бет18/64
Дата25.05.2023
өлшемі262,41 Kb.
#97085
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64
Байланысты:
Психология пәнінен дәріс жинағы 2

Е. Кинестезиялық түйсiктер
Кинестезиялық түйсiктер дененiң жеке мүшелерiнiң бiр күйдегi қалпын, қозғалысын бiлдiредi. Кинестезиялық түйсiктердi кейде қозғалыс түйсiгi деп те атайды. Оның рецепторлары — ет, тарамыс, сiңiрлердегi жүйкелерiнiң ұштары. Мәселен, қозғалыс түйсiгiнiң ана-лизаторына зақым келсе, адам өз денесiндегi бiр мүшесiнiң қандай калыпта түрғанын сезбейдi. Осы түйсiктер адамның сөйлеу әрекетiнде де, жазу, сызу жұмыстарын атқаруда да зор маңыз атқарады. Бiр сөзбен айтқанда, адамның қозғалысқа түсетiн мүшелерiнiң барлығы да осы түйсiкке сүйенедi.
Ж. Тең басу түйсiктерi
Мұндай — түйсiктердi статикалық түйсiктерi деп те атайды. Статикалық түйсiктердiң рецепторлары iшкi құлақтағы вестибулярлық аппаратта орналасқан. Статикалық түйсiкбастың қозғалысын, дененiң кеңiстiк тегi алып тұрған орнын, яғни адамның тең басуын бейнелейдi. Космос әлемiн меңгеру дәуiрiнде адамдардың статикалық түйсiгiнiң сезгiштiгiн арттырудың маңызы ерекше артып отыр.
Мәселен, космонавтарды даярлауда вестибулярлық аппаратты жаттықтыру, оны көру және қозғалыс анализаторларымен байланыстыра дамыту мәселесiне ерекше мән берiледi.
Мәселен, 30—40 секундқа созылатын артық салмақ түсу мен салмақсыздықтың алмасып отыруын адамдар түрлiше түйсiнедi. Осы тұрғыдан барлық адамдарды негiзiнен үш топқа бөлуге болады. Жүйке жүйесi неғұрлым төзiмдi адамдар — мұндайға онша қиналмайды, екiншi бiреулер — тосын тiтiркендiргiшке кездескенде қолайсыз күйге түседi, тез шаршай бастайды, өңi бозарады, терлеп, жүрегi айниды, бейне бiр тиянақ таппай қалқып жүргендей сезiнедi. Үшiншi бiреулер — сәл басы айналғанын сезгенiмен, кейiннен бұған бейiмделiп кетедi. Соңғы топтағы адамдардың да жүйке жүйесi күштi, төзiмдi келедi. Өз денесiн кеңiстiкте билей алатын, ерiк жiгерi күштi, эмоциялық төзiмдiлiгi мол, қимыл-қозғалысын үйлесiмдi жетiлдiрiп жаттықтырған адамдар қандай жағдайларда да дененi бағдарлай алу қабiлетiнен айрылмайды.
3. Вибрациялық түйсiктер
Вибрациялық түйсiктер қозғалған дененiң ауаны толқытуын бүкiл өн бойымызбен сезiнген кезде пайда болады. Негiзгi анализаторлары (түйсiну мүшелерi) сау адамдар көбiнесе өздерiнде бұл түйсiктердiң болуын байқамайды. Көзi, құлағы, тiлiнен бiрдей айрылған американдық Елена Келлер мен орыстың ғылыми қызметкерi Ольга Скороходованың өмiрi мен творчестволық әре-кетi анализаторлардың адам қаларлық жағдайда бiр-бiрiмен байланысып отыратындықтарын, әсiресе, мұнда вибрациялық түйсiктердiң қандай маңыз алатындығын жақсы керсетедi. Ольга Скороходованың ақыл-ойының аса жоғарылығын, дарындылығының күштi екендiгiн бiрнеше шетел тiлдерiне аударылған “Как я воспринимаю и представляю окружающий мир” деген кiтабы және осы таңырыпта қорғадан диссертациясы тамаша дәлелдейдi. О. Скороходова өзiнiң кiтабында соқыр, керең, мылқау адамдардың музыканы қалай “тыңдайтындығын”, кiтапты қалай “оқитындығын” көптеген қызықты мысалдармен түсiндiредi. Мәселен, осындай адамдар музыканы бар ықыласымен “тыңдағанда” қолдарын рояльдың үстiне салады немесе сахнаға терiс қарап отырады екен. Өйткенi, музыкалык әуендердi олар терiсiндегi нүктелермен түйсiнетiн көрiнедi.
Балада түйсiктер дүниеге келген күннен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан кейiн бiрнеше күннен соң бала қант қосқан судан сүттi айыра алады. Оның аузына хинин ерiтiндiсiн тамызса, ерiтiндi ыңғайсыз реакция бiлдiредi. Осы айтылғандар балада дәм түйсiгiнiң ерте көрiнетiндiгiн байқатады. Баланың есту түйсiгi бiртiндеп дамиды. Алғашқы күндерi оның құлақ түтiгi суға толы болады да ештеңенi есiтпейдi. Бiрер аптадан кейiн ғана бала дыбысқа бiртiндеп реакция көрсетедi. Егер бала үш аптадан кейiн дыбысқа елеңдемесе оның саңырау болып қалуы ықтимал. Мұндайда анасы баласын дәрiгерге апарып көрсеткенi дұрыс. Үш айлық бала анасының еркелеткен даусын естiп көңiлденедi, қатты жекiре сейлесе, кемсеңдеп жылайтын болады. 2—3 айдан былай қарай бала көзiн жарық түсiрiп тұрған затқа бұра бастайды, қозғалмалы заттарға көзiн тоқтатуға тырысады. Жарықты түйсiну тiптi жаңа туған нәрестелерден де байқалады.
Мәселен, шала туған баланың өзi де бiрнеше күннен кейiн жарық
пен қараңғыға түрлiше реакция бiлдiредi. Заттың түсiн айыру кейiнiрек дамиды. Мәселен, 5 айлық бала алдымен заттың түрiне, бiртiндеп оның көлемiне, содан соң барып бояуына көңiл аударатын болады. Бала тiлiнiң шығуы, оның жүре бастауы түйсiктердiң дамуына қолайлы әсер етедi. Мектепке түс кенге дейiн түйсiктердiң негiзгi түрлерi (көру, есту, сипай сезу, қозғалыс т. б.) бiршама қалыптасып үлгередi. Түйсiктердiң қайсысын болса да қалағанымызша жетiлдiруге болады. Егер адам алдына өзiнiң сезгiштiк қабiлетiн арттыруды нақтылы мiндет етiп қойса және осыған жаттығатын болса, онда түйсiктерi ойдағыдай дами түседi. Түйсiктердiң адамның iс-әрекетiне байланысты да дамып отыратындығын көптеген мамандықтардың тәжiрибелерi айқын сипаттайды. Мәселен, ұшқыштың көзi өткiр, көргiш болады сөзгерлер мен шекарашылар естiгiш, құлақ болса, шарап жасаушылар мен тамақ өнеркәсiбiнiң қызметкерлерi дәмдi татып бiлуге шебер келедi. Мектеп оқушыларының түйсiктерiн де жан-жақты дамытуға мүмкiндiк мол. Бұл үшiн оқушылардың оқу әрекетi белсендi де творчестволы, қызғылықты да сан қилы болып ұйымдастырылуы тиiс. Түйсiк дамытуды баланың өзi қажетсiнсе тiптен жақсы. Егер оқушы мектепке дейiн сурет салумен әуестенсе және оның салғандары сәттi шықса, мектепте де сурет салуға ынталанып, бояу бiткеннiң қасиетiн бiлуге ықыластанып тұрады. Осындай баланың түстi айыру қабiлетi өз құрбыларынан әлдеқайда жоғары болады. Түйсiктi дамытуға нұқсан келтiретiн факторлардың бар екенiн ұмытпау қажет. Мәселен, бала партада дұрыс отыра алмайтын болса, оқыған немесе жазған кезде қисайып жатып алса, кiтапқа, дәптерге көзiн өте жақын ұстап дағдыланса, оның көру қабiлетi нашарлайды. Мұғалiм осы айтылғандардың, сондай-ақ, жатып оқудың да зияндылығын балаға ескертуi тиiс. Мұғалiм көзi нашар көретiн оқушыны жеке бақылауға алып, қадағалап отырмаса болмайды, оның сабақта үлгерiмi нашар болуы мүмкiн. Төменгi сынып оқушыларының есту түйсiктерiн жетiлдiрудiң де маңызы зор. Оқушылар жоғары дыбыстарды да сезе алатын болуы тиiс. Мұндай қабiлет арнаулы жаттығулар арқылы тәрбиеленедi. Дыбыстың жоғарылылығын сезе алу музыкалық әуендердi түсiнуге мүмкiндiк бередi. Төменгi сынып оқушыларының арасында дыбыстың жоғарылығын сезе алмайтын балалар әр сыныпта 20 пайызға жуық болып отырады. Балалардың есту түйсiгiндегi осы “кемiстiктi” мұғалiм музыка, ән-күй сабақтарында арнаулы жаттығулар арқылы түзеп отыруына болады. Ана тiлi, көркем жазу, ауызша сөйлеуге жаттығу балалардың фонематикалық (дыбыстардың айырмашылығын ести алу) түйсiктерiн дамытады. Мәселен, бiрiншi сынып оқушыларының көпке дейiн дыбыстарды бiр-бiрiнен ажырата ал-мауы оқу, жазу дағдыларының қалыптасуына кедергi келтiретiнi эксперименттiк зерттеулерде анықталып отыр. Сөйтiп, оқушылардың түйсiктерi тәжiрибе жүзiнде дамитындығы, атап айтқанда, ән айту — есту түйсiгiн, сурет салу — көру түйсiгiн, еңбек сабақтары — қозғалыс, сипай сезу түйсiктерiн кемелiне келтiрiп отыратындығы байқалды. Осы айтылғандар мұғалiмге бала түйсiгiн үнемi iс-әрекет үстiнде, оқу процесiнде қалыптас-тырып отыру керектiгiн еске салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет