Психология кафедрасы


дәріс. Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым



бет49/64
Дата25.05.2023
өлшемі262,41 Kb.
#97085
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   64
Байланысты:
Психология пәнінен дәріс жинағы 2

12 дәріс. Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым.
Сабақтың жоспары:
Қарым-қатынастың қызметтері.
Қарым-қатынастың түрлері мен құрылымы.
Қарым-қатынастың коммуникативтік, перцептивтік және интерактивтік жақтары.
Адам қоғамнан тыс өмiр сүре алмайды. Өйткенi оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесiнде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгiлi мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмiрiнiң болуы мүмкiн емес.
Кез-келген адам дүниеге келiсiмен екiншi бiр адаммен қарым-қатынасқа түсудi қажетсiнедi. Мәселен, нәрестенiң анасымен "тiлдесу" қажетiн қанағаттандырмау - бiртiндеп оның қасаң сезiмдi, мейiрiмсiз болып өсуiне, кiшкентайынан айналасына деген сезiмiнiң азаюына әкелiп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтiп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу - қай жастағыларға болмасын, оған киiм-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай бiлу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау - жазаның ең ауыр түрi екендiгiне шүбә келтiруге болмайды. Өзгелермен қарым-қатынас жасау - бұл тiршiлiкке аса маңызды ақпарат (хабар) алмасу деген сөз. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлiмет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлi құндылықтарды меңгередi. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейдi, оның шеңберi аса кең, бұл көп қырлы ұғым. Спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, телефонмен хабарлассақ та, дос-жарандармен сөйлессек те - осының бәрi - қарым-қатынастың сан алуан қырлары. Өмiрдегi сан алуан тыныс-тiршiлiкте адамдар бiр-бiрiмен тiкелей, жүзбе-жүз не жанама (хат жүзiнде, радио, теледидар арқылы), не бiреу арқылы қарым-қатынасқа түседi. Мәселен, мұның тiкелей "бетпе-бет", телефон арқылы сияқты түрлерiнде қаншама жанды жылытатын, немесе суытатын ерекше қуат бар десеңiзшi!
Осындай қарым-қатынастың мән-мағынасы, олардың түрлi көрiнiстерi жеке адамдармен топтық ұйымдардың тiршiлiгiнен жақсы байқалып отырады.
Топ туралы түсiнiк мәселесi.
Қарым-қатынас "топ", "ұжым" деген ұғымдармен тiкелей байланысып жатады.
Адам баласы жалғыз жүрiп, көздеген мақсат-мұратына жете алмайды, сондықтан ол ылғи да басқалармен бiрлесiп тiршiлiк етуi тиiс дедiк. Мұндайда адам ылғи да топпен бiрге өмiр сүретiнi белгiлi. Ал, топтың түрлерi сан алуан. Мәселен, мұның бiрi - нақты (реалды) топтар. Бұл - ортақ мақсат көздеп, бiр кеңiстiкте, белгiлi уақыт iшiнде, бiр-бiрiмен қоян-қолтық араласып, iс-әрекетке түсетiндер. Топтар үлкен (макро), шағын (микро), ресми, бейресми, формалы, формасыз, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, жасанды, табиғи, референттiк болып бiрнешеге бөлiнедi.
Бiршама тұрақты, құрамы жағынан саны онша көп емес, бiр-бiрiмен тiкелей қарым-қатынас жасап отыратын ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бiрлестiгi “шағын топ” деп аталады. Осындай топтың барлық мүшесiнiң күш-жiгерi бiр мақсатқа (оқу, еңбек, т.б.) бағытталады. Мұндағылар бiрiн-бiрi жақсы бiледi, топ алдында тұрған ортақ мiндеттi орындау кезiнде өзара қоян-қолтық қатынаста болады. Шағын топ мүшелерiнiң саны екi-үш адамнан құралып, әрiсi 30-40 адамнан аспауы тиiс.
Отбасы, өндiрiстiк бригада, ұшақ пен ғарыш кораблiнiң экипажы, поляр станциясында қыстаушылар, мектептегi сынып сияқты бiрлестiктер шағын топ деп аталады. Мәселен, кейбiр оқушы мектепте жүргiзiлетiн әртүрлi iс-шаралардың бәрiне де қатысады. Ол футбол командасының, не пән үйiрмесiнiң мүшесi, не жетекшiсi, т.б. Бiрақ осылардың бiреуiне ерекше ден қояды. Шағын топтағылардың өзара қарым-қатынасына шек қойылмайды. Әркiм топтағы кез-келген адаммен өз қалауынша, нақты қажетiне карай қатынасқа түседi, оның бiр мүшесi екiншiсiн жақын тұтады, бiр-бiрiмен жиi араласып жүредi, байланыстары тұрақты сипат алады. Осындай шағын топтар формалы (ресми), формасыз (бейресми) болып бөлiнiске түседi.
Формалы топ мүшелерiнiң арасында белгiлi құжаттардың талабына сәйкес әр түрлi сипаттағы iскерлiк қатынастар орнайды. Ондай қатынастардан жетекшiге бағыну, тиiстi құқықты орындау, ресми орындардың алдындағы жауапкершiлiктi сезiну ерекше көрiнедi. Формалы топтарда (iскерлiк қатынаста) кейде терiс эмоциялық әуен, яғни бiр-бiрiн ұнатпау, сыйламау, менсiнбеу, жауласу сияқты құбылыстар да болуы мүмкiн. Бұл жәйт ондағы iскерлiк қатынасқа қолайсыз әсер етедi, оның табысты болуына залалын тигiзедi.
Формасыз (бейресми) топ - бұл ұнату, көзқарас бiрдейлiгiн тану сияқты психологиялық себептер бiрлiгi негiзiнде туады. Мұндай топ ресми құжаттарды, тиiстi нұсқауларды қажет етпейдi. Мәселен, бiрлесiп балық аулау, аңшылықпен айналысу, отау тiгу, дос-жарандық қатынаста болу - осындай топтың мысалдары. Бұл топтарда бiрiн-бiрi ұнату, бiрiне-бiрi бауыр басу ерекше байқалады. Егер мұндай қасиеттер топтан орын алмаса, онда ол бiртiндеп ыдырап, топ болудан қала бастайды.
Әртүрлi деңгейдегi топтардың iшiнде референттiк топтың мәнi ерекше. Бұл-әр адамның жекелеген топтардың (кiсi шамамен 10-нан астам топқа қатарынан енуi мүмкiн) iшiнен бiреуiне ғана ерекеше тәнтi болып, соны ғана қастерлеп, қадiр тұтып, жүрек қалауымен таңдап алған тобы. Мұндай топқа енген адам ондағы талап-тiлектердi, белгiлi принциптердi қолдап қана қоймай, оны қызғыштай қорғайды, тiптi соның жолында жанын пида етуге дейiн барады.
Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрi - ұжым (коллектив) деп аталады. Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында олардың мүдделерiнiң бiр-бiрiмен ұштасып, "бiр жеңнен қол","бiр жағадан бас" шығаратындай халге жетуi, топтың психологиялық ахуалының орнауы, онда "ырың-жырыңның" орын алмауы, дамудың биiк деңгейiне көтерiлу - ұжымның басты белгiсi. Кез келген топтың көп жағдайда ұжым деңгейiне көтерiле алмайтыны да көбiнесе осындай топта келеңсiз жағдайлардың орын тебуiнен туындайды.
Әр адам топта қандай болмасын белгiлi бiр рөль атқарады. Бiрақ оның бұл рөлi тұрақты болмайды. Мәселен, сен бiр кез сынып старостасы болдың дейiк, бiраз уақыттан кейiн сен ендi санитар мiндетiн атқаруың мүмкiн. Осы ұжымның қатардағы мүшесi болатының тағы өз алдына. Кiсiнiң атқаратын iсi неғұрлым көп болса, соғұрлым ұжыммен тез байланысқа түсе алады, ол адамның ұжымға ықпалы тиiмдiрек болады.
Адамның топқа ықпал ету дәрежесi оның жеке басының қасиеттерiне де тәуелдi. Орамды ақыл, терең сезiм, күштi ерiк-жiгер, қажыр-қайрат, қабiлеттiлiк осының бәрi ұжым игiлiгiне айналса, кiсiнiң рухани өмiрi бай болса, дағды икем, шеберлiгi жеткiлiктi болса, ол соғұрлым топ iшiне тез сiңiп, беделi де жоғары болады. Ал, адам өзiн ұжымнан жоғары қойса, әсiресе оған қарсы келуге тырысса, тәкаппарлық көрсетсе, оның жұртқа ықпалы төмендеп, бара-бара беделiнен айрылатын болады.
Зерттеу нәтижесiне қарағанда, мектеп сыныптарындағы (35-40) адамның iшiнен тек үш-төрт оқушы ғана басқалардан айрықша белгiлi болады екен. Мұның себебiне келсек: бiрiншiден, олардың топ мүшелерiмен қатынас жасай бiлу қасиетiнiң жоғарылығында, яғни басқаның "жүрегiне жол таба" бiлiп, қашанда көпшiлiкке жақын, белгiлi болатындығында. Адам өз орнын жалбақтау, жағымпаздану жолымен емес, өзiнiң табиғи болмысымен, қадiр-қасиетiмен, ашық мiнезiмен табады. Сөйтiп, адамның топ iшiнде белгiлi болуы оның басқалардың жағдайын түсiне бiлуi негiзiнде қалыптасады екен. Екiншiден, ондай адам бiлiмдiлiгi, iскерлiгi, өз бiлгенiн басқалардан аямай, олармен риясыз бөлiсуге, көмектесуге әзiр тұрушылығымен де ерекше- ленедi. Үшiншiден, кiсiнiң сырт бейнесi мен келбет-кескiнiн, яғни дене күшi факторын да ескермеске болмайды. Расында да, кей жағдайда оқушылар қара күшке ие, жұдырық жұмсай бiлетiн құрбыларын құрметтейдi.
Топ мүшелерiнiң көпшiлiгi өзара тату-тәттi тiршiлiк еткенмен, ондағы әр адамның өзгелерден гөрi жиi байланысқа түсетiн, яғни мүддесi бiр, әңгiмелерi жарасқан ортақ iстi құлшына орындайтын жолдастық, достық қатынастағы адамдар да болады.
Ендi бiр жағдайда топтағы адамдардың iшiнде ешкiммен жеке қатынасқа түспей, яғни өзiне ылайықты серiк таба алмайтындары да кездеседi. Жұрт ондайларды жек көрiп, маңайларына жуытқысы келмейдi.
Оқушы топтарында жекелеғен балалардың өзгелермен араласпай, оқшау жүруi, топ мүшелерiнiң кейбiреулердi жандарына жолатпай жүретiндiгiнiң себептерi де сан алуан. Мұндай оқушы сабақты нашар оқиды, тiптi жақсы оқуға талаптанбайды. Оның осы немқұрайдылығы ұжымнан оқшаулануына себеп болады. Бұлар үстi-басына салақ қарайды, кейде қолайлы қарым-қатынас орнатуға немқұрайлылығы олардың жекелеген "тума" қасиеттерiмен (тұйықтық, ұялшақтық, енжарлық, т.б.) тоқайласып жатады.
Ендi бiр оқушылар өте кiнәмшiл, сәл нәрсеге өкпелей қалатын, көбiнде өзгелерге кiнә таға сөйлейтiн болып келедi. Бұларға ұжымдағы әртүрлi оң iстер, олардың ұйымдастырушылары ұнай қоймайды. Өздерi жұртты сынағыш, мiнегiш келедi.
Топ iшiнде қатар-құрбыларының, ұстаздарының талап-тiлегiне, ақыл-кеңесiне қарсылық көрсететiн тiлазар, қыңыр балалар да кездеседi. Олардың тағы бiр белгiсi сотқарлық, дөрекiлiк, көргенсiздiгi. Топта, сондай-ақ, еңбек сүймейтiн, жалқау, өтiрiк айтуды әдетке айналдырған оқушылар да кездеседi. Олар сыныптан өзiнше орын алуға тырысып, осы жолда дөрекiлiкке, жалған беделдiкке құмартады, мектептен тыс уақыттарда өздерi секiлдi балалармен байланысқа түсiп, "көше" топтарында қабылданған мiнез-құлықтың қоғамға жат нормаларын мектепке әкелуге тырысады.
Топ басшысыз, яғни жетекшiсiз болмайды. Кез келген топтың өздерi сайлап алған, не жоғарыдан тағайындалған басшысы болады. Топ әрекетiнiң нәтижелi болуы жетекшiге де байланысты. Тәжiрибелi ұстаз, өнегелi тәрбиешi сыныптағыларды ұршықтай үйiрiп, оларды пайдалы iстi нәтижелi орындауға бағдарлап отырады.
Топтағы адамдары танып-бiлу, басқару мәселесi, "психологиялық үйлесiм" ұғымымен де тығыз байланысты. Бұл ұжымдағы ортақ iстiң табысты болуына ондағылардың өз қызметiнен рахат, ләззат алуын қамтамасыз етуiне мүмкiндiк беретiн психологиялық жағдай. Топтағылардың бiр-бiрiмен үйлесiмдiлiгi жарасса, яғни бiрiнiң қылығы екiншiсiне ұнайтын болса, олар бiр-бiрiнiң мiнез-құлқын, қарым-қатынасын жатырқамай дұрыс қабылдаса – онда психологиялық үйлесiмнiң болғаны. Ал, мұндай ахуал жоқ жерде, яғни бiреудiң харекетiн екiншiсi ұнатпаған жағдайда, тiптi ақылға сыйымды нәрсенiң өзi де қолдау таппайды, бiреуi екiншiсiн түсiнбейдi. Топ мүшелерi арасындағы көзқараспен сенiм бiрлiгi, мүдделермен мiнез бiтiстерiнiң қарама-қайшылығы да үйлесiмсiздiкке себеп болады. Егер адам шамадан тыс қазымыр, түйық, не беймаза, тәкаппар, не өркөкiрек болса, топтағы адамдармен дұрыс сыйыса алмайды. Халқымыз "қырық кiсi бiр жақ, қыңыр кiсi бiр жақ" деп осындайларды айтқан. Әсiресе, топ жетекшiсi не оның жекелеген мiнез бiтiстерi қолайсыз болып келсе, ондайда жағдай тiптен қиын.
Топтағы "моральдық психологиялық ахуал" (кейде мұны "әлеуметтiк-психологиялық ахуал" деп те атайды) дейтiн ұғымның да мәнi зор. Бұл топ, ұжым мүшелерiнiң өз ара қарым-қатынасындағы ортақ тәртiп пен жауапкершiлiк, яғни жетекшi мен оның қарамағындағылардың бiрiн-бiрi түсiнiсе алуы, топтың үйреншiктi жұмыс стилi, онда ортақ пiкiрдiң орнауы, т.б. Топтың көтерiңкi көңiл-күйi ұжымдық мiндеттiң нәтижелi орындалуына қолайлы әсер етедi. Бiлек сыбанған құлшыныс, өзара жарасқан ынтымақ, өзара сыйластық, ұжым мүддесiн қастерлейтiн жерде қандай ауыр жұмыс болса да жеңiл атқарылады. Мұндайда еңсенi басар ауыртпалық сезiлмейдi, сары уайым, жабырқау, түңiлу, жалғызсырауға орын қалмайды. Тату-тәттi өмiр сүретiн ұжымда ұрыс-керiс болмайды, творчестволық iске, бiлiмдi терең меңгеру мен саналы тәртiпке аса қажеттi ахуал орнайды, қолайлы жағдай жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет