Психология педагогика және және и



Pdf көрінісі
бет14/172
Дата17.02.2023
өлшемі12,4 Mb.
#68848
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   172
Байланысты:
практ

ПЕДАГОГИКА ЖůНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2015
аңғаруға 
болады. 
Ертегілер 
балаларды 
Қазақ станның өсімдіктер жǩне жануарлар 
ǩлемімен, аңдар мен құстардың мінез-құл-
қымен таныстырады (ертегіде аңдардың ор-
манда тұратыны, түлкінің айлакер қу екені, 
жыланның қауіпті, көртышқанның соқыр 
ǩрі інді мекендейтіні, қоянның қорқақ ǩрі 
қор ғансыз екені, т.с.с. айтылады); бала-
лар жануарлардың анатомиялық құрылысы 
жөнінде біледі («Тасбақа», «Көртышқан 
мен жылан», «Қарлығаштың құйрығы неге 
айыр»), олардан аңдарды қолға үйретудің 
еміс-еміс белгілерін табуға болады. («Мы-
сық, жолбарыс жǩне адам»). Ертегілер бала-
ның табиғат заңдарын түсінуіне, оның 
көп қырлы ǩмбебап құндылық (танымдық, 
эсте тикалық) ретіндегі мǩнін ұғынуына, тірі 
орга низмдердің ǩсемдігін, дербес құнды лы-
ғын жǩне қайталанбас ерекшелігін түсінуі не, 
табиғаттағы жанды мен жансыздың ара сын-
дағы байланысты түсінуіне қызықты түрде 
көмектеседі. 
Жануарлар қиял-ғажайып жǩне тұрмыс-
салт ертегілерінде де кездеседі. Көшпелі өмір 
сүрген қазақ халқы үшін жылқының орны 
ерекше болған. Фольклорлық шығармаларда 
аттың сүйегінің өзі сиқырлы күшке ие. Қазақ-
тың ертегілік эпосының тамаша үлгісі «Ер 
Төстікте» басты қаһарманның есімі оның 
ǩдеттен тыс «ғажайып» түрде дүниеге келуіне 
байланысты: оның анасы биенің төстігін 
мүжігеннен кейін қарт ата-ананың үйінде Төс-
тік бала пайда болады. Сондықтан оған Төс-
тік деп ат қойылады, бұдан халықтың жануар-
лардың сиқырлы күшіне сенуі көрініс табады. 
«Қобыланды батыр» эпосындағы Тайбу-
рыл, «Ер Төстік» ертегісіндегі Шалқұйрық, 
«Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі Кер-
құла жǩне басқа тұлпарлардың аты халық 
ара сында аңызға айналған, олар уақыттың 
жүйріктігін, табиғаттың сұлулығын жǩне 
адамның онымен туыстығын кейіптейді. 
Осылайша, ертегілерден халықтық педаго-
ги каның негізгі сипаттарының бірі – жас 
ұр пақ ты табиғатпен жарасымды өмір сүруге 
үйрету байқалады. 
Табиғатқа, айналадағы жануарлар мен 
өсім діктер ǩлеміне қаскүнемдікпен, жырт-
қыш тықпен қарауға болмайтынын баяндай-
тын халық аңыздары мен ертегілері аз емес. 
«Ақсақ құлан» күй-ертегісі осындай, онда 
жануарға қатыгездік жасағаны үшін табиғат-
тың өзі сазайын берген мейірімсіз аңшы тура-
лы баяндалады. 
Табиғатпен тіл табысу – өз ǩулетіңнің, 
ұрпа ғыңның саулығын сақтау. Қазақ үшін 
бұл ақиқат бүкіл өмірінің мǩніне айналған. 
Жүйрік Желмаясына мініп, өз халқына жер-
ұйық іздеген Асанқайғы туралы аңыз осыны 
айтады. Туған халқының тағдырына, соры 
қалың тіршілігіне қайғырған Асанқайғы 
аспаны ашық, дұшпандық пен алауыздықтан 
ада, уайым-қайғысыз, «қой үстіне бозторғай 
жұмырт қалаған» өзге бір ǩлемді, жерұйықты 
іздеп таппақшы болады. Асанқайғының са-
яхаты туралы аңызда қанатты сөздер, қазақ 
даласының ǩрбір өңіріне, табиғат жағдай ла-
рына, мекендейтін тұрғындарына берілген 
тапқыр да бейнелі сипаттамалар, сондай-ақ 
көптеген топонимдер бар. Ол өзінің желмаясы-
на мініп, тау мен даланы, бүкіл қазақ жерін ара-
лап шыққан. Бірақ аңыз қаһарманы жерұйықты 
таба алмаған – адам баласы табиғатпен тіл та-
бысып, саналы өмір сүруді үйренбепті. 
Табиғат тану жǩне экологиялық сипат-
тағы аңыздар мен ертегілерден бөлек, қазақ 
халқының ауызша поэзиялық шығарма шы-
лығында космогониялық, географиялық-топо -
нимикалық мазмұндағы аңыздар мен мифтер 
де аз емес. Оларда табиғат суреттерін, өзіне тǩн 
өсімдіктер мен жануарлар ǩлемі бар нақты бір 
аймақты сипаттауға белгілі бір орын берілген, 
өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерінің 
пайда болуы, аңдар мен құстардың мінез-
құлықтары жөнінде ǩңгімеленеді («Райым бек 
бұлағы», «Дөңгелек көл туралы аңыз»).
Сонымен, қазақтардың табиғат туралы 
ұлттық білімін, қазақтың халықтық педагоги-
калық құралдарын қазіргі жағдайдағы оқушы-
ларға экологиялық тǩрбие беру тǩжірибесіне 
енгізу қисынды ǩрі орынды болмақ. Бұл жер-
де қазақтың халықтық педагогикасындағы 
экологиялық тǩрбие ǩдістері, тǩсілдері, құрал-
дары табиғат туралы, оның құбылыстары, 
жануарлар мен өсімдіктер ǩлемі туралы жаңа 
білімді актуализациялауға сүйенетінін еске-


17
Білім берудің бүгінгі мǩселелері – Современные проблемы образования
ру қажет, бұл өсу үстіндегі адамның сана-
сын айналадағы ақиқат туралы жаңа мағлұ-
маттармен жǩне фактілермен байытады. 
ůДЕБИЕТТЕР
1 Измайлов А.Э. Народная педагогика: 
Педагогические воззрения народов Средней 
Азии и Казахстана. – М.: Педагогика, 1991. – 
С.10.
2 Жарикбаев К.Б., Калиев К.С. Традиции 
народного воспитания. На каз.яз. – Алма-Ата: 
Жалын, 1992. – 334с.
3 Антология педагогической мысли Казах-
стана //Сост. К.Б. Жарикбаев, С.К. Калиев. – 
Алматы: Рауан, 1995. – С.25.
4 Ушинский К.Д. Родное слово. Книга для 
учащихся. //Соч.: в 2 т. – М.: Педагогика, 1974. 
– Т.2. – 314с.
5 Казахские пословицы и поговорки. Пер.с 
каз. Н.Гребнева. – Алма-Ата: Жазушы, 1987. 
– 129с.
6 Жайлауова М.К. Народная педагогика в 
экологическом воспитании младших школь-
ников //Педагогическое образование и наука. 
2001. − №5. – С.57-58.
7 Диваев А.А. Этнографическое жизнео-
писание казахов. Из книги Б.А.Байтанаева. 
Диваев А.А. – очерк жизни и деятельности. 
Шымкент-Алматы, 2004. – С.38.
8 Кошербаева А. Природоохранительные 
идеи в произведениях казахской устной по-
эзии //Высшая школа Казахстана. 1997. − №3. 
– С.124-128.
9 Казахские народные сказки /Сост. Дау-
ренбеков Г.И. – Алма-Ата, 1979. – 415с.
ůОЖ 821.512.122 – 31
А.Н. ГАЛИЕВА 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
nurai_gali@mail.ru
Талдықорған қ., Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет