Бақылау сұрақтары:
Мінез типологиясы деп нені айтамыз?
Э. Кречмер бойынша мінез типологиясының өзі нені ұсынады?
Қандай темперамент теориясы морфологиялыққа жатады.
Жоғары жүйке іс-әрекетінің қандай типтерін сіз білесіз?
Мінез құрылымына не кіреді?
Әдебиеттері:
1. Ананьев Б.Г. Проблема формирования характера// Ананьев Б.Г. Избранные психол. труды. М., 1980.
2. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 2005.
3. Ковалев А.Г., Мясищев В. Н. Психические особенности человека. Т. 2. Способности. Л., 1960.
4. Кречмер Э. Строение тела и характер. М., 1999.
5. Лазурский А.Ф. Очерк науки о характере. СПб., 1990.
6. Левитов Н.Д. Психология характера. М., 1999.
8. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. М., 2004.
Дәріс 8. Тұлға адамның психологиялық қасиеттерінің жүйесі ретінде
Мазмұны:
Тұлғаның жалпы сипаттамасы
Тұлғаның психологиялық құрылымы
Тұлғаның негізгі теориялары
Психологиялық ғылымда тұлғаға өте көп анықтама беріледі. Бұл курстың мақсаты - қиын да, әрі ауқымды мәселеге кіріспе беру болып табылады. Бұл тақырып "Тұлға теориялары" курсында тереңірек зерттеледі.
Тұлға – табиғат, қоғам және өзін-өзі белсенді меңгеретін және бағытталған түрде түрлендіретін адам, оның бойында кеңістік уақыттық икемдердің, өзін-өзі анықтау бостандығын және табиғат алдында өзінің қылықтары үшін жауапкершілік мөлшерін қамтамасыз ететін қажеттілік-еріктік бастан кешірулердің ерекше динамикалық қатынасы болады.
Л.И. Божович тұлғаның екі негізгі критерийлерін бөліп көрсетті. Біріншіден, адамды тұлға деп санауға болады, егер оның түрткілерінде иеарархия болса, яғни ол өзінің тікелей талаптарын жеңуге қабілетті болса. Екіншіден, егер ол өзінің мінез-құлқына саналы түрде басшылық ету қабілеті болса.
Кеңес психологиясының дәстүріне сәйкес, тұлға индивидтің қоғамдық игерілген (өндірілген) тәжірибені, яғни адам өміріндегі өлшемдер мен құндылықтар туралы көріністерді игеру жолымен қалыптасады. A.Н. Леонтьевтің айтуынша, тұлға "екі рет туылады".
Бірінші рет өмірге келу мектепке дейінгі жасқа жатады, яғни бала өзінің мінез-құлқын қоғамның талап-тілектері бойынша құрастыра бастағанда және т.б. баланың түрткілерге бағынуы қалыптаса бастағанда. Қатар бағынған түрткілердің қалыптасқанын, егер баланы түрткілердің қақтығыс жағдайына қойғанда бақылауға болады: ойыншығын өзінің қолы жетпейтіндей биігірек жерге іліп, бірақ қасына орындық қойып, бөлмеден шығып кету. Ал балаға тек қана орындыққа шығудан басқа кез келген әдіспен ойыншықты алуға тапсырма беру керек. Бала берілген тапсырмаға қарамастан, ойыншықты қатты алғысы келеді де, орындыққа тұрып, ойыншыққа қол жеткізеді. Тапсырма берген адам бөлмеге кіріп, балаға тапсырманы орындағаны үшін кәмпит ұсынғанда, бала бұл ойыншықты «заңсыз» түрде алғанын, демек, кәмпиттің еңбексіз келгенін түсініп жылай бастайды. Мектепке дейінгі жас кезеңі тұлғаның қалыптасуындағы өте маңызды саты болып табылады, себебі бала әлеуметтік өлшемдер мен талаптарды игеру механизмін жүзеге асырады.
Тұлғаның қалыптасуының екінші сатысы жеткіншек жаста, адам өзінің түрткілерін ұғынуға тырысқанда басталады. Бұл саты өзіндік санамен, өзіндік тәрбиемен байланысты.
Тұлға екі механизмдер әрекетінің нәтижесінде қалыптасады: стихиялық (түрткілердің мақсатқа жылжытудың жалпы механизмі) және арнайы (ұқсастырулар мен әлеуметтік рөлдерді игеру).
Достарыңызбен бөлісу: |