«психология» ПӘні бойынша дәрістен ҚЫСҚаша конспект алматы, 2022



бет18/67
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70924
түріКонспект
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   67
Байланысты:
Лекциялар жиынтығы

Бақылау сұрақтары:

  1. Адам психологиясын тұтастай сипаттау үшін тұлғадан басқа қандай ұғымдар қолданылады?

2. Ғылымда тұлға психологиясы туралы сұрақтың күй-жағдайы қандай?
3. Тұлға дамуы нені білдіреді және қалай жүреді?


Әдебиеттері:

  1. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 2005.

  2. Жалпы психологияға кіріспе: Оқу құралы /Жауапты ред. С.М. Жақыпов. Алматы, 2007.

  3. Кречмер Э. Строение тела и характера. М., 1998.

  4. Лазурский A.Ф. Классификация личностей. СПб., 2004.

Дәріс 9. Қабілет пен дарындылық психологиясы
Мазмұны:



  • Нышан – қабілеттің органикалық алғышарты

  • Нышанның қабілетке айналу шарты

  • Дарындылық қабілеттер жүйесінің көрінісі ретінде

Б.М. Тепловтың анықтамасы бойынша, қабілет дегеніміз – қандайда бір іс-әрекетті жақсы, нәтижелі орындауда бір адамды екіншісінен ерекшелендіретін жеке дара психологиялық ерекшеліктер болып табылады. Қабілет жайлы сөз қозғағанда төмендегі жағдайларды ескерген жөн:


1) қабілеттер адамды бір-бірінен ерекшелейді. Б.М. Тепловтың пікірінше қабілеттің маңызды белгісі өнімді іс-әрекеттің өзіне тән жеке даралығынан, тәсілдердің оригиналды болуынан көрінеді .
2) қабілеттер іс-әрекетті сәтті орындауға ықпал етеді. Кейбір зерттеушілер, мысалы Н.А. Менчинская бұл орайда оқыту туралы білім, іскерлік, дағдыны меңгерудің нәтижесіндегі жетістік деп қарастырады.
3) қабілеттің көмегімен қалыптасқан іскерлік пен дағдыны жаңа жағдайға ауыстыруға болады. Сондықтан жаңа міндет адамның психикалық қасиеттерінің талабына сай, іс-әрекеттің тәсілдеріне ұқсас болуы керек.
Қабілеттің негізін нышан құрайды. Нышан - қабілет дамуының алғышарты болып табылады. Нышанға мидың анатомо-морфологиялық және физиологиялық қасиеттері ғана емес, сонымен бірге олар тікелей және жанамалы түрде тұқымқуалаушылықпен байланысты психикалық процестерде жатады.
Дүниеге келген балалардың барлығында да нышан мөлшері бірдей болады. Қабілеттің шығуын зерттеу арқылы қабілеттің даму механизмі мен дарындылықтың көрінуін түсінуге, сондай–ақ оларды мақсатты түрде одан әрі дамыту мен диагностикалауға мүмкіндік бар. Осы мәселені шешуде С.Л. Рубинштейн: адам қабілеті оларды басқа тіршілік иелерінен ерекшелеп, адам табиғатын құрайды, бірақта адам табиғатының өзі – ол тарих өнімі, - деп жазды. Адам табиғаты адамның еңбек іс-әрекетінің нәтижесінде, тарихи даму процесінде қалыптасады және өзгереді. Жалпы қағидаларды нақтылауға тырысқанымен, ол мәселені шеше алмады. «Нышандар – қабілет дамуының тек алғышарттары», – деп көрсетті С.Л. Рубинштейн. Қабілеттер нышан негізінде дами отырып оның қызметін емес, алғышарт ретінде дамудың қызметі болып табылады». Ол индивид дамуына ене отырып, өзі де дамиды, яғни қалыптасады және өзгереді.
Көптеген авторлар қабілеттің шығуын (генезисі) анықтауда қолданбалы міндеттерді шешудің көмегін пайдаланды. Н.С. Лейтестің дәлелдеуінше «балалық шақта (қарттық шақтан өзгеше) жас ерекшелік дамудың ішкі шарты қабілеттің қалыптасу факторы болып табылады» Сондай-ақ оның пікірінше, жас ерекшелік дамудың ішкі жағдайы ретінде бейімділіктер "іс-әрекетке бейімділік, онымен жұмыс жасауға тырысу" ретінде көрінеді екен. Бірақ, бейімділік қабілеттің алдында жүріп, дамудың бірден-бір маңызды факторы ретінде ақыл-ой әрекетіне оң ықпал етіп, еңбекке деген қабілетті күшейтетіндігі анық болғанымен, ол жайлы нақты мағлұматтар аз. Осы айтылғандарға байланысты В.А. Крутецкий: егер оқушы математикаға деген бейімділігі немесе ынтасы болмаса, тіпті жақсы қабілеттің өзі де математиканы меңгеруге көмектесе алмайды. Мұнда қызығушылық, ынтаның рөлі зор, математикаға қызығушылығы жоғары адам оны жылдам үйреніп, жаттығады да өз қабілетін дамытады деген болатын Байқағанымыздай, мұнда қабілет генезисі мәселесі мүлде қарастырылмайды, қабілеттің дамуы бейімділікпен байланысты болып шығады.
Неге зерттеушілердің барлығы да қабілеттің генезисі мәселесіне дәл тоқталмай тек нышан негізімен қалыптасқан қабілетті қарастыруда? Қабілеттің органикалық алғышарты – нышандар мен функциялық көрініс тапқан қабілеттің арасындағы өткел қайда?
С.Л. Рубинштейн ғана мәселеге жақындай түскендей, себебі ол қабілеттен адам табиғатын көре алған еді, ал адам табиғатының өзі еңбек іс-әрекеті нәтижесінде қалыптасып, өзгеріп отыратындығы айтылды. Мұнда адамдардың бірлескен, ұжымдық еңбек іс-әрекеті қабілеттердің қалыптасуының бастауы екенін аңғаруға болады. Бірақ субьект-субьектілік іс-әрекет түрін ашық жаза алмауына сол кездердегі идеализм мен материалистік таптауырын арасындағы субьект-обьектілік қатынасқа байланысты күрестері себеп болды.
Шығармашылық нәтиже қойылған мақсаттарға мәселенің сәйкестігімен, өзгешелігімен немесе жаңашылдығымен сипатталады. Шығармашылықпен айналысушы психологтардың зерттеулері бойынша, шығармашылық нәтижелерге жету ойлаудағы белгілі бір қасиеттердің көрінуімен байланысты, олар шығармашыл тұлғаның тән қасиеттері ретінде қабылданады.
Қабылдау кеңдігімен ерекшелене отырып, олар қоршаған әлемдегі болып жатқанның барлығын өткір сезінеді және бір заттың қалай жасалғаны туралы жағдайларға өте қызыға қарайды. Олар бірнеше процесті бір уақытта бақылай алады және қоршағанның барлығын белсенді зерттеуге бейім. Олар заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты қабылдауға қабілетті және соған сәйкес қорытындылар жасайды; оларға өз ойларында альтернативті жүйелерді құрау ұнайды.
Жақсы есте сақтау қабілеті, ерте жастағы тілдік жетілуі және жіктелеу мен категорияға бөлу қабілеттері мұндай балаға үлкен көлемде мәлімет жинауға және оны жиі қолдануға септігін тигізеді. Дарынды балаларда сөздік қор үлкен болады, балаға өз ойын еркін және анық жеткізуге көмектеседі. Алайда қызығушылығы үшін олар көп жағдайда жеке сөздерді ойлап табады. Мәндік анық еместі қабылдау, қабылдаудың жоғарғы сатысын сақтау, күрделі, тіпті шешімі жоқ тапсырмаларды қызыға шешуге құштар балалар дайын жауапты атағанды ұнатпайды. Олар қиын, күрделі тапсырмаларды шешуде табандылық пен зеректік танытады.
Дарынды балаларда әділеттілікті өткір сезіну бар; адамгершілік жетілудің озықтығы, қабылдау мен танудың озық жетілуіне сүйенеді. Өзгеше ойлау, ойын элементтерін тапсырма шешуге енгізу, шығармашылық, ойлап табу мен фантазияға бай дарынды балаларға тән. Оларға эмоциялық теңдік жетіспейді, ерте жаста дарынды балалар шыдамсыз және қызба болады. Ол жаста оларға, басқа балалар сияқты эгоцентризм тән болады.
Дарынды балаларда жағымсыз қабылдау, өз жасындағы балалармен қатынастағы қиындық көп кездеседі. Дарынды балалар жоғарғы қуаттылық деңгеймен ерекшеленеді, алайда олар күнделіктідегіден аз ұйықтайды. Дарын мен қабілет әр түрлі интеллектілі және жеке ерекшеліктерден көрінеді.
Дарынды балаларда бастапқы әлеуметтік бейімділік өз жасындағылардан ерте өтеді; жасөспірім шақтарында қалыпты ережелерге қайшылық танытады.
Зерттеушілердің айтуынша дарынды балалар жаңа жағдайларға өте сезімтал келеді, бұл ерекше қиындықтарға әкеледі. Мұндай қатынас көбіне оқу бағдарламасының қызық еместігінен, оларға оның жеңіл көрінуінен болады. Тәртіптің бұзылуы, бағдарламаның балалар қабілетінен төмендігінен болуы мүмкін. Дарынды балаларға күрделі ойындар ұнайды, ол өз жасындағылар қызығатын ойындарға көңіл бөлмейді. Осының нәтижесінде дарынды бала әлеуметтік оқшаулауға түседі, ол тұйықталып қалады.
Дарынды балаларға қалыпты нәрселерге емес, өлім, о дүние, діни сенімдер және философиялық мәселелерге ой жүгіртіп, меңгерген тән. Олар көбіне өздерінен жасы үлкендермен қарым-қатынаста болады. Сол себептен оларға лидер болу кейде қиын болады. Оларға ішкі үлгілікке қажеттілік сезімі тән. Нәтижесінде өзіне-өзі разы болмау, бағаламауға әкеліп соғады.
Танымға ұмтылу күшіне байланысты дарынды балалар ұстаздар мен ересектердің назарын манипуляциялайды. Бұл басқа балалармен қатынаста шиеленісті тудырады. Дарынды балалар өздерінен интеллектілі төмен балаларға шыдамсыз қарайды. Олар қоршағандарды жек көрінішті төзгісіз ескертулермен шектетеді. Бүгінгі күні дарынды балалармен жұмыс істеуге арнайы бағдарламалар жасалуда, көптеген елдердегі мектептер дифференциялданған білім беру жағына көшуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет