«психология» ПӘні бойынша дәрістен ҚЫСҚаша конспект алматы, 2022



бет19/67
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70924
түріКонспект
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   67
Байланысты:
Лекциялар жиынтығы

Бақылау сұрақтары:

  1. Қабілеттіліктің дамуы қандай факторларға байланысты?

  2. Қабілет пен нышанға анықтама беріңіз.

  3. Дивергентті ойлау дегеніміз не?

  4. Шығармашылық дарындылық құрылымына не кіреді?

  5. Дарынды балалардың өзгеше айырмашылықтары бар ма?



Әдебиеттері:

  1. Джакупов С.М. Проблема развития способностей в новом ракурсе// Джакупов С.М. Психологическая структура процесса обучения. Алматы, 2004.

  2. Крутецкий В.А. Психология математических способностей школьников. М., 1998.

  3. Одаренные дети. Пер. с англ. /Общ. ред. Г.В. Бурменской и В.М. Слуцкого. М., 1991.

  4. Платонов К.К. Проблемы способностей. М., 1999.

  5. Теплов Б.М. Проблемы индивидуальных различий. М., 2002.

Дәріс 10. Қиял
Мазмұны:

Қиял психикалық процесте бар заттардың бейнесі мен құбылыстардың қайта өңделу жолын елестетуден тұрады. Бүгінде қиял тек бейнелік қана емес, сондай-ақ абстрактылық мазмұнның қисындасуы болып табылатындығы жөнінде пікір қалыптасқан.


Қиял бейнелері әркезде шындыққа сәйкес бола бермейді; олардың ішінде қиял мен ойдан шығарылған бөлшектер де кездесіп жатады. Егер қиял адам санасында шындыққа мүлдем жанаспайтын немесе аз жанасатын суреттерді тудыратын болса, ол фантазия деп аталады. Егер қиял болашаққа бағытталған болса, оны арман деп атайды.
Қиял – бір жағынан, ойлау және эмоциямен байланысы, екінші жағынан, ес және қабылдаумен тығыз байланысы адам психикасы көрінуінің ерекше формасы болып табылады. Біз қазіргі кезде қабылдамайтын заттар мен құбылыстардың бейнелері елес деп аталады. Егер елес өткен қабылдауды қайта жаңғырту болып табылса, ол ес облысына қатысты болады. Мысалы, өзінің және жақын таныс адамдардың үйі, бөлмелері туралы әрбір адамның елесі. Сонымен бірге, біз бұрын қабылдамаған заттар туралы елесті де құра аламыз. Мұхитты ешқашан көрмеген адам, бәрі бір су асты және су үсті мекендеушілері туралы елестете алады. Мұндай түрдегі елес қиялдың елесі болып табылады.
Қиялдың елесі өткен қабылдаудан алынған, есте сақталған материалдардан құралады. Қиял адамның қандайда бір эмоциялық жағдайының әсерінен белсендіріледі және сезімдер мен қабылдаулар арқылы алынған мәліметтерді өңдеу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет