«Психология» пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары Зейін туралы түсінік. Зейіннің қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінуі, көлемі,ауыспалылығы



бет22/27
Дата04.05.2023
өлшемі0,64 Mb.
#89751
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Медициналық сұхбат үлгілері

Дәрігердің науқаспен сәлемдесуі, таныстық, кіріспе түсініктемелері, науқастың дәрігерге әкелген мәселесін ерікті жеткізуі.Науқасты сұрастыру (ақпаратты жинау дағдылары).Дәрігер науқас туралы ақпарат білу үшін, сұхбаттасу кезінде ашық және жабық сұрақтар қояды. Науқастың айтқанындарын анықтап, өзінше талдайды.Сұхбаттасу барысында дұрыс үзіліс жасау міндетті.Кейбір жағдайларда үнсіздікті қолдану тиімді болып саналады.Кеңес беру кезінде науқастың мәселесін жіне күтетін нәтижесін анықтау керек.Науқастан алған ақпаратты жинақтап және болжам жасау керек.Науқасқа қолдау көрсетіп, сұхбатты аяқтаған жөн.
Медициналық қызметкерлердің науқаспен жақсы әңгіме-сұхбат құруы,дұрыс диагноз қоюдың,науқастың қанағаттануының алғы шарты болып табылады. Одан әрі науқастың қобалжуы төмендеп, ол медициналық қызметкердің барлық ұсынысын орындайды.Медициналық қызметкердің нұсқауы нақты,әрі қарапайым болуы тиіс

  1. Медициналық сұхбат құрылымы

Медициналық сұхбат - тұлғаның психологиялық қасиеті және белгілері, дерттің ішкі бейнесі мен науқастың мәселелері туралы ақпарат жинау және науқаспен жанасу негізінде оған психологиялық әрекет жасау әдісі. Сонымен қатар ,сұхбаттың мақсатына адамның шағымдарын анықтау және оның тәртібінің, жүріс-тұрысының ішкі себептерін ,ықпалдарын айқындау жатады.Медициналық қызметкердің науқасқа психологиялық жәрдем беруіне де негізделеді.Медицина қызметкерінің келесі сауалдары аурудың әрекеттесу түрін бағалауға, бұзылыс дәрежесі мен себептерін анықтауға бағытталады.Бірізділік принципі бойынша науқасты ұқыпты түрде сұрастырып,аурудың белгілерінің даму ретін,оларға байланысты себептерін анықтау керек. Мұнда,аурудың баяндауын тәптіштеп,егжей-тегжейіне дейін толық тыңдап қадағалау,оқиғалардың соңғы нәтижесі ,науқастың ойлары және олардың талқылауы маңызды роль атқарады.
Біріншілік кезең - сұқпаттасуға сенімділік тудыратын жағдай жасау. Бұл белсенді интервью,ол өте маңызды және қиынға түсетін кезең.Интервьюдің әрі қарай ағымы, жалғастыру мүмкіншілігі,сұхбаттың толық ашылуы, науқастың алғашқы пікірі мен көзқарасына байланысты болатын анық.Бұнда медициналық қызметкер науқастың көзіне тік қарап ,оған назарын аударғанын көрсетеді.Сіз айтар жайттар уайымдар тек осы жерде ,екеуміздің арамызда қалатыны туралы ,мен сізге конфенденциалдықты сақтайтыным туралы кепілдік беремін-деп қайталап,ескертіп отырады. Екіншілік кезеңде медициналық қызметкердің белсенділік рөлі доғарылып,ол пассивті сұхбаттаушыға айналады.Науқас адамға тиісті уақыт беріліп,оның шағымдарын асықпай ,ұқыпты ,өзі таңдаған бірізділікті ,қажеттілігімен маңыздылығы бойынша айтуға мүмкіншілік беріледі.Медициналық анамнезді жинау сұхбаттасудың бұл кезеңінің ең маңыздысы болады.Оның мақсаты –адамның толық ақпарат алудың негізінде оның тұлғасына ,өзіне және дертке көзқарасына ,өзіне жасаған аурудың әсеріне баға беру болады.Мұнда науқастың өмір жолын ,ауру барысын,аурудың тәртібіне,тұлғалық жүйе қатынастарына әсерін анықтау өте маңызды болады.
Үшінші кезеңде , сұхбаттасушы осы пікірлесуден және емдеуден тосатын нәтижелерін анықтауға бағытталады; “Сіз айтқан шағымдардың қайсысынан тез арылғыңыз келеді”. Соңғы сұрақ науқастың өзі қолдайтын ем тәсілін анықтауға мүмкіншілік береді, себебі кейбір адамдар медициналық қызметкер ұсынған емдеуден бас тартады,сенімін білдірмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет