Өмірлік дағдарыстарға қатысты қиындықтарды түсінуге жәрдемі тиер екі жаттығуды үй тапсырма ретінде ұсынамын.
«Мен және менің қырларым» әдісі
Мақсаты: өмірдің әр түрлі кезеңдерімен байланысты жағдайларға бейімделудегі қиындықарды, сезімді, эмоцияны анықтай отырып, өзіндік бейнені нығайту, оларды түсіну және позитивті ресурсқа айналдыру.
Қысқаша сипаттама: Бұл балалық шаққа тән көзқарастар мен құндылықтарды анықтауға, жүзеге асыруға және өңдеуге, өмірдің мәнін табуға немесе қайта бағалауға, ішкі ресурстарды іске асыруға, адамның жасырын рөлдері мен қасиеттерін іске асыруға, тұлғааралық қақтығыстарды шешуге көмектеседі.
Керекті заттар: 1 альбом парағы, қалам, өзіңіздің жеке өміріңізден, жақындарыңызбен түскен 10-12 фотосурет.
Орындау:
1. Өзіңізге ыңғайлы орынды табыңыз, лажы болса еденде отырғаныңыз жақсырақ.
2. Фотосуреттерді интуитивті түрде қалаған ретпен (өзіңіз ортасында отырыңыз) орналастырыңыз.
3. Фотосуреттерді орналастырып болған соң төменде берілген интерпретациямен байланыстырыңыз:
• Арт жағыңыздан орын алған фотосуреттер (өткен аймақ) - фотосуретте бейнеленген оқиғалар, адамдар, іс-әрекеттер, жағдайлар сізге түсінікті, қабылданған және жүзеге асырылғандығын көрсетеді.
• Алдыңыздағы пайда болған фотосуреттер (болашақ) - фотода бейнеленген оқиғалар, адамдар сіз үшін қазіргі уақытта маңызды деп айтады. Бұл сіз ойлаған өміріңізде қайталанатын жағдайлар.
• Оң жағыңыздағы фотосуреттер - барлық оқиғалар, адамдар, сезімдер сіздің материалдық, физикалық қажеттіліктеріңізді қолдайды, мүмкін бұл адамдарда сіздің араласуыңызды қажет ететін мәселелер жиі кездеседі.
• Сол жағыңыздағы фотосуреттерде барлық оқиғалар, адамдар, сезімдер, қарым-қатынастар психикалық және рухани күйлердің қалыптасуына тікелей және өте күшті әсер етеді дейді.
• Басқаларға қарағанда сізге өте жақынырақ фотосуреттер - адамдарға немесе фотосуретке түсірілген оқиғаларға тәуелділіктің үлкен мәні туралы айтады.
• Басқаларға қарағанда сізден алысырақ орналасқан фотосуреттердегі бейнеленгендердің барлығы сіздің өміріңіздің өткен тәжірибесі екенін көрсетеді.
«Мен және менің қырларым» әдістемесі фотосурет арқылы жағдайларға қатысты сезімдер мен тәжірибелер туралы саналы ойды қалыптастыруға ықпал етеді.Оқиғалар мен айналасындағы адамдар, өз өмірінің сызығына қалай орналастырылатындығын түсінуге көмектеседі.
«Сүйікті қаһарман» техникасы
Мақсаты: өмірлік кедергілерді жеңу үшін ішкі және сыртқы ресурстарды іздеуге ықпал етеді.
Қысқаша сипаттама: проективті әдіс ресурстарды табуға мүмкіндік береді, кейбір жағдайлардың неге қайталана беретінін түсінуге, қолдаушылар табуға және қойылған мақсатқа жету үшін мүмкіншіліктерін ескеруге көмектеседі.
Жұмыс алгоритмі:
1. Ертегідегі (фильм, мультфильм, ойын) Сізге біршама ұқсас сүйікті кейіпкеріңізді есіңізге түсіріңіз.
2. Осы қаһарман туралы айтыңыз: оның жолы қандай, қандай кейіпкер, қандай оқиға?
4. Бұл қаһарман қандай ресурстарға, күштерге ие, алға қойған мақсаттары қандай?
5. Сіздің қаһарманыңыз мақсатына (арманына) жету үшін не істеді? Оған қандай қасиеттері мен амалдары көмектесті?
6. Немесе, бұл қаһарманның арманына жетуіне не кедергі боп тұр?
7. Оның жаулары бар ма? Ал көмекшілері? Олар кім, және неге дәл оның жолында кездесті?
8. Қандай мінезімен,қандай күшпен (ресурстар) ,мақсатына қалай жетті?
9. Бұл кейіпкер сізге несімен ұқсайды? Оның өмір тарихы сіздің өміріңізде қалай көрінеді (несімен ұқсас)?
10. Сіз өзіңіздің өміріңізге осы қаһарманның қандай батырлығын (мінезін,іс -әрекетін) қабылдай аласыз?
Техника жасөспірімдермен жұмыс кезінде пайдасы зор, ересектерге де пайдалы. Бұл жаттығуды ары қарай метафоралық картамен жұмыс жасау арқылы толықтыруға болады.
Психолог: Қ .Айтмырзаева
Дереккөз: Переживая кризис Старшенбаум Г.В.; Психология кризиса В.Козлов;ғаламтор желісі. ТППЕИ ректоры Марина Коляеваның лекциясынан.
Достарыңызбен бөлісу: |