Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011



бет18/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82
Байланысты:
психологиялық тренингтер

ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ


4.1. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ТӨРТ САТЫСЫ
Қарым-қатынас тренингі дәстүрлі әдіс бойынша жүргізіледі – қарым-қатынас төрт сатыға бөлінеді: байланыс, бағдарлану, бірлесіп шешім іздеу және шешім қабылдау. Бірақ алдымен жаттықтырушы топқа сұрақ қояды: «Қарым-қатынас тиімділігінің қандай өлшемдерін білесіздер?»; «Қандай қарым-қатынасты тиімді деп атауға болады?».
Топ қатысушылары өз ұсыныстарын білдіреді. Нәтижесінде топтың өзі қандай да бір өлшемдерді жасап шығара алады немесе жаттықтырушы топтық талқылаудың нәтижелерін жинақтап қорытып, өлшемдерді атай алады. Олар екеу: қарым-қатынас немесе әңгімелесу (1) адамдар онымен қанағаттанған және (2) онымен бәрі келісетін шешім табылған және қабылданған жағдайда тиімді немесе табысты болады. Осы өлшемдердің расталуы үшін ойын өткізуге болады (мысалы, «Жылқы» немесе «Тауық»).


«Жылқы»


Нұсқаулық. 1-ші нұсқа. Шаруа базарға барып, бір мыңға жылқы сатып алады. Қайтар жолда көпесті кездестіреді. Ол шаруаны жылқыны өзіне сатуға көндіреді. Және шаруа көпеске жылқыны екі мыңға сатады. Содан соң, қайсыбір уақыт өткеннен кейін, қайтадан базарға барып, дәл сол жылқыны үш мыңға сатып алады. Үйіне қайтар жолда көпеске оны төрт мыңға сатады. Сұрақ: оның әрекеттерінен пайда болды ма және, егер болса, қандай? Әркім есепті өздігінен шешеді және парақтарда өз аты мен жауабын жазады. Есепті жазбаша немесе ауызша шешуге болады.
2-ші нұсқа. Шаруа бір мыңға жылқы сатып алады. Үйге қайтар жолда оны көпеске екі мыңға сатады. Содан соң, қайсыбір уақыт өткеннен кейін, базарға келеді, бірақ бір мыңға да, екі мыңға да жылқы болмайды. Сондықтан ол бір мыңды қарызға алып, үш мыңға жылқы сатып алады. Ал оны төрт мыңға сатады. Сұрақ бірінші нұсқадағыдай: пайда болды ма және, егер болса, қандай?
3-ші нұсқа. Алты мыңға сатып алып, жеті мыңға сатады. Сегіз мыңға сатып алып, тоғыз мыңға сатады.
Барлық үш нұсқаны да қолдануға болады, бірақ бір мыңнан бастаған жеңілірек, себебі, шешімді саусақтармен оңай көрсетуге болады.
Жауаптар әдетте нөлден төрт мыңға дейін болады. Бірінші нұсқада да, екіншіде де және үшіншіде де адамдар қателеседі. Кейбіреулері былай ойлайды: егер қарызға алсаң, қайтарып беру қажет, бірақ басқа біреудің ақшасын қарызға аласың, ал өзіңдікін бересің, сондықтан пайда – бір мың. Ал енді біреу, егер шаруа үнемі сол бір жылқыны сатып алатын болса, онда мүлде түсініксіз – жылқылар үнемі қымбаттай береді, ендеше, пайда мүлде жоқ, - деп ойлайды. Бұдан басқа, көбінесе топта біреу шаруа жылқысыз қалғаннан кейін, немесе ол ақшаны қарызға алып, енді пайызбен қайтару керек болғаннан соң, пайданың жоқ екендігін немесе жай ғана есептің болмайтынын, міндетті түрде бір іштен шалудың болатындығын және т.б. айтуы мүмкін.
Бұл есеп қабылдау таптаурындарына арналған. Балалар әдетте бұл есепті жылдам әрі дұрыс шешеді, өйткені ересек өмірдің кейбір тұстарын білмейді және оларды есепке енгізбейді. Ересектер көбінесе шарттарды әбден ойластырып, өз өмірлік тәжірибелерінен әлденені енгізеді және есеп шарттарын қабылдаудағы айырмашылықтың себебінен әр түрлі жауаптар шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет