Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011


ДӘЛЕЛДЕМЕ КЕЛТІРУГЕ АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР



бет34/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82
ДӘЛЕЛДЕМЕ КЕЛТІРУГЕ АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР


«Бау өткізу»

Топ қаққа бөлінеді де, барлығы бір-біріне қарама-қарсы екі сызықтың бойына отырады. Жаттықтырушы тапсырма береді: бір жағы – «жақтаушылар», екінші жағы – «қарсылар». Ары қарай тараптар кезекпен жақтайтын және қарсы болатын өз дәлелдемелерін келтіреді. Кез келген тақырып болуы мүмкін, мысалы, баланы балабақшаға беру керек пе, жоқ па, жоғары білім алу керек пе, жоқ па және т.б.


Бір шағын топтың бірінші қатысушысы өз дәлелдемесін келтіреді (мысалы, некеге не үшін отыру қажет). Екінші шағын топтың қатысушысы, бірінші қатысушының дәлелдемесін тыңдап болып, оның дәлелдемесіне жауап береді және өз дәлелдемесін келтіреді (некеге отырудың неліктен қажеті жоқ). Ары қарай келесі адам осы дәлелдемеге жауап береді де, өз дәлелдемесін келтіреді. Және, осылайша, екі команданың өкілдері кезекпен, алдыңғы дәлелдемеге жауап бере отырып, өз дәлелдемелерін айтады.
Бұл ойын сергіту жаттығуы ретінде де, осы тақырып бойынша демонстрация ретінде де қолданыла алады. Дәлелдемелер туралы осы ойыннан кейін шеңберде сөйлесуге болады. Топтан қай дәлелдемелердің көбірек ұнағандығын сұрауға болады. Олар үшін қандай да бір дәлелдемелер тосын болып шықты ма? Соңында тіпті талқылау тақырыбын өте жақсы білген күнде де, бәрі бір әңгіме басталғанға дейін әңгімеге дайындалып алған, өз дәлелдемелеріңді ойластырып алған пайдалы болатындығы туралы қорытынды шығаруға болады.


«Ертегі кейіпкерлері»

Бұл ойын жұптарда өткізіле алады, мысалы, бауырсақ пен түлкі, қасқыр мен Иванушка және т.б. Жұптағы роліне қарай әрбір әңгімелесуші өз ұстанымын қорғайтын дәлелдемелер келтіреді. Мысалы, түлкі: «Бауырсақ, мен сені жеймін, өйткені сен өте нәрлісің», - дейді. Бауырсақ: «Түлкі, мені жемеші, сенің ішің ауырып қалады», - деп жауап береді және т.б. Осылайша, бірнеше минуттың ішінде барлық қатысушылар өз дәлелдемелерін келтіріп, әңгімелесушісінің дәлелдемесіне жауап береді. Ойыннан кейін берілген жаттығуды талқылап, ерекше сәтті дәлелдемелер туралы әңгімелеп беруге болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет