«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


Дамыта оқыту теориялары ( Л.С. Выготский, Н.Н. Данылов, Д.Б. Занков) Ю.К. Бабанскийдің оқытуды оңтайландыру теорияларының психологияны оқытуда пайдаланылуы



бет37/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   92
Дамыта оқыту теориялары ( Л.С. Выготский, Н.Н. Данылов, Д.Б. Занков) Ю.К. Бабанскийдің оқытуды оңтайландыру теорияларының психологияны оқытуда пайдаланылуы.

Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50-ден астам жаңа технологиялар қолданады екен. Соның ішінде дамыта оқыту технологиясы - күрделі құрылымды біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушыны өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделді. Дамыта оқыту идеясын алғаш 1959 жылы қолға алған академик Л.В. Занков болды. XX ғасырда бұл теорияның негізін салған орыс ғалымдары: А.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занков, В.В.Давыдов т.б. Дамыта оқытудың басты мақсаты: баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Бала бойына еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттерді дамыту. Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі: Жеке адамның жоғары дәрежеде дамуы, жан-жақты гармониялық даму үшін негіз жасау. Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы: Теориялық ой мен сана қалыптастыру; балаларда білім, білік, дағдыны қалыптастырып қоймай, ой әрекетінің әдістерін де қалыптастыру; Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында. Мұғалімнің ролі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілінде. Дамыта оқыту технологиясы: балаға өз бетінше ойланып қорытынды жасай білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауға үйренуге машықтандырады, теориялық мәселелерді, практикада қолдана білуге баулыйды, шығармашылық ізденіс әдістерін игеруге көмектеседі. Дәстүрлі оқытуда мұғалім еңбегінің «жатықтығы» мұғалімнің қойған сұрақтарына оқушының тез, дұрыс жауап берулерімен, тапсырмаларды бұлжытпай орындауымен, тыныш отырып тәртіп сақтауларымен өлшенеді.

Оқытуды оңтайландыру деп оқушылар мен мұғалімнің уақыт шығынын аз жұмсап, білім алудың тәрбиелеудің және дамытудың қорытындыларын ең үлкен мүмкіндігінше жеткізетін оқу процесін жоспарлау мен ұйымдастыру жүйесін айтады. Ең тиімді әдістерді таңдау, мүмкіндікті жоғары дәрежеде қолдану, тиімді әдіс, жоспар құру, уақыт үнемділігі, ең тиімді, сапалы оқу құралын таңдау, бағалау.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет