Семинар сабақтарында білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру.
Колледж және жоғары оқу орнындағы оқытудың басты міндеті – өз бетімен жұмыс жасау, шешім табу, ойлау іскерліктерін дамыту. Кредиттік жүйе ойынша өзіндік жұмыстарға бөлінетін сағат санының көбеюі, білім алушының танымдық өзбетілігін және олардың әдебиет көздерімен жұмыс істеу дағдысын
қалыптастырады. Педагогикалық жүйе ретінде қалыптасқан студенттердің
өздігінен орындайтын жұмыстары олардың танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілетін арттырып, оларды тиянақтылыққа, ұстамдылыққа, бастаған істі аяғына дейін жеткізуге тәрбиелейді. Шебер оқытушы өзіндік ойдың пайда болуына жағдай жасап, оны қолдайды, ойдың зияткерлік құқығын
сақтайды, әрбір нәрсеге өз күшімен, еңбегімен, белсенді іс-әрекетімен жету дағдысын дамытады. Кітаппен жұмыс, кітапханада жұмыс, пікірталастар, өздік тәжірибелер, проблемалық міндеттерді шешу, ғылыми әдебиетті, журналдарды оқу, пікір алмасу, өлең, мақала, шығарма, баяндама жазу – бұл білім алушылардың қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ететін еңбек түрлері. Сондай
оқытудың бір түрі – студенттердің өзіндік жұмысы. тапсырмалар жасауда
адамдардың интеллектуалдық сапаларынан шығу керек. «Жай ойлайтындар» бар, «жылдам қабылдайтындар» бар, «идеяны тудырушылар» бар, «идеяны орындаушылар» бар. Біреулер жеке жұмысты таңдаса, басқалары – ұжымда жұмыстануға бейім болып келеді.
Жалпы оқушылардың өзіндік жұмысы - оқу іс-әрекет тұрғысынан, сыныптық оқу іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруға негізделеді. Соның ішінде бұл мұғалімнің сыртқы қадағалауынан оқушының өзін-өзі қадағалауына және де сыртқы бағалаудан оның өзін-өзі бағалауының қалыптасуына өтуі мен олардың байланысына қатысты және бұл, өз кезегінде, мұғалімнің бақылау мен бағалауды жетілдіруін ұйғарады.
Достарыңызбен бөлісу: |