84. Психологиядағы оқыту теориясының ұғымы, әрекеттік тұрғыдан оқыту мәселесі
Тұтас педагогикалық үдеріс екі өзара байланысты оқыту және тәрбие үдерістерінен тұратыны бәрімізге белгілі. Оқыту – алдын ала жоспарланған мақсатты түрде бағытталған іс-әрекет, оны орындау барысында білім алушылардың білім алуы, тәрбиеленуі және дамуы жүзеге асады, сонымен қатар адамзаттың, іс-әрекеттің және қарым-қатынастың жекелеген қырларының тәжірибесі меңгеріледі.
Оқытудың негізгі сипаттары:
-екіжақтылық, ол субъектілердің өзара байланысына негізделеді;
-қызметтің мазмұндық және іс-әрекеттік жақтарының бірлігі;
-танымның ерекше үдерісі;
-тұлғаның жан-жақты дамуына бағыттылығы;
-басқарушылық.
Бұл сипаттамалар жалпылама қасиетке ие.
Оқыту үдерісінің құрылымы екі басты субъектілердің, яғни оқытушы мен студенттердің өзара бірлескен іс-әрекетімен танылған. Біріншісінің іс-әрекеті – білім беру, оқыту, ал екіншісінің іс-әрекеті – оқу.
Оқыту – білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқаратын, ұйымдастыратын оқытушының мақсатты түрде бағытталған, арнайы ұйымдастырылған ісі. Оқытудың мақсаты – әрбір студенттердің білім алуын тиімді етіп ұйымдастыру.
Оқу – бұл мақсатты түрде бағытталған, арнайы ұйымдастырылған студенттердің танымдық іс-әрекеті, оның орындалу барысында білім, іскерлік, дағды жүйесі меңгеріледі және жеке тұлғалық қасиеттері дамиды. Оқудың мақсаты болып таным, қоршаған орта жайлы ақпараттарды жинақтап өңдеу табылады. Оқудың қорытындылары жалпы оқушының дамуынан, қарым-қатынас жүйесінен, білімінен, іскерлік, дағдысынан көрініс табады.
Психологияны оқыту үдерісі, педагогиканы оқыту үдерісі секілді дидактикада құрастырылған жалпы ережелерге негізделеді оны психологияны оқыту үдерісін ұйымдастыру кезінде оқытушы ескеруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |