Психологияны оқыту әдістемесінің пәні, тапсырмалары. Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы, оқытудың формалары. Мектептегі оқытудың ерекшеліктері



бет36/38
Дата02.06.2023
өлшемі147,03 Kb.
#98377
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
2022 3 к МПП дәрістер кешені

Жеке хабарламалармен алмасу - телекоммуникацияның көпшілік ерекше қолданатын түрі. Білім алушылардың оқытушылармен, басқа студенттермен электронды қатынас жасауы. Телекоммуникациялық жобалардың негізгі түрлерін былайша ажыратып көрсетуге болады.
Еркін хат алмасу - бұл жиі қолданылатын телекоммуникациялық қызмет түрі, қарапайым пошта арқылы хат жазысуға ұқсас. Білім алушылар арасындағы хат алмасу оған көп көңіл бөлуді қажет етеді, ал оқытушылар уақыты оған сай келмейді, сондықтан көбінесе электронды поштамен хат алмасуды топтар арасында еркін қолдануға болады. Еркін хат алмасуды студенттердің педагогикалық құбылыстарды педагогикалық іс-тәжірибеден өту барысында меңгерулерінде қолданған жақсы.
Жаһандық сынып – екі немесе одан да көп топтың бір тақырыпты меңгеру барысында алдын-ала белгіленген кесте бойынша хат алмасуларының бір түрі.
Электронды «кездесулер» – нақтылы уақытта электронды пошта, телеконференция көмегімен синхрондық қатынас жасау. Білім алушылар мен «қонақ» арасындағы қатынас кезекпе-кезек клавиатурада басу және электронды поштаның «сөйлесу» мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жүзеге асады.
Электронды оқыту – интерактивтік режимде арнайы тақырыптармен танысуға қызығушылық білдірген білім алушыларға «электронды оқытушылардың» сөз сөйлеуі, дәріс оқуы. Мысалы, осылайша, оқу мақсатында білім алушылар мен білім беру мекемелерінің басшыларымен, оқытушыларымен, білім беру саласының эксперттерімен қатынас жасауларын орнатуға болады. Мұндай жобаның тағы бір түрі «электронды оқытушылар» орнына кейде төменгі курс студенттері үшін жоғары курс студенттері қатынас орнатады.
Рөлдік ойындар – қатысушылары өзара бір-бірімен рөлдік ойындар ойнау арқылы пікір алмасатын телекоммуникациялық қызметтің түрі.
Ақпарат алмасу телекоммуникациялық жоба ретінде қарала алатын тақырыптық ақпарат алмасуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Студенттер белгілі бір проблемаға қатысты материалдарды жинақтап, бір-бірімен алмасады. Мысалы, балаларды отбасында тәрбиелеудегі халықтың салт-дәстүрлердің рөлі; Қазақстандағы және шет елдегі жастар мен балалар қозғалысы және т.с.с. тақырыптар өте қызықты болып табылары сөзсіз. Осындай тақырыптағы жобаларға бірнеше академиялық топтың студенттері қатыса алады.
Электронды басылым ақпаратты жинау мен алмасудың бір түрі жалпы еңбекті, мысал үшін газет, альманах, хабаршыларды электронды даярлаумен байланысты. Осылайша, «Заманауи талаптарға сай педагогика қандай болуы керек?» деген тақырыпта бірлескен жоба жазуға болады. Тақырып бірнеше академиялық топтарды аралап шығады, әр топ өз ойларын, пікірлерін білдіріп, ұсыныс айтады.
Мәліметтер қорын құру мәліметтер қорын құруды ұйымдастыру жобалары жобаға қатысушылар мен басқа да студенттер оқу үшін пайдаланатын ақпараттармен алмасуға байланысты болатын жұмыс түрі. Мысалы, «Тәрбие мақсаты тарихи және әлеуметтік жағынан шартты болып келеді» деген пікірді қалай түсінесіз? Аталған жоба мақсаты – білім алушылардың тәрбиелеу мақсатын өзгерту себептерін түсінуге әкелу. Жобалау барысында студенттер мәліметтерді жинастырып, олардың қорын құрады. Онда тәрбие мақсаттарын өзгертуге себеп болатын жайттар түгелімен қамтылуы керек.
Телекоммуникациялық экскурсия интернет арқылы жүзеге асады. Олар мұражайларға, тарихи орындарға бару кезінде алған әсерлерімен бөлісуге негізделген. Саяхат мақсатына, тақырыбына сай оған барған студенттерге сұрақтар дайындап та қоюға болады.
Мәліметтерді бірлесіп талдау (соның ішінде шолу) – мәліметтер әр жерден жиналып, содан кейін салыстырылып немесе сандық талдауға ұшырайды. Бұл жобалардың қарапайым түрлері студенттерге мәліметтерді жинау, нәтижелерін талдау, оған есеп беру секілді жұмыстарды электронды түрде даярлауды қажет етедіМысалы, мәліметтерді бірлесіп талдау арқылы мынандай тақырыптағы жобаларды әзірлеуге болады, атап айтсақ, белгілі бір оқыту технологиясының тиімділігін анықтау; педагогика пәні бойынша қазақстандық оқулықтардың мазмұны мен құрылымын анықтау; педагогика пәні бойынша телекоммуникациялық олимпиадалар өткізу және т.б. жобалар. Әр топтың студенттері жарыс өткізеді, оның жеңімпаздарын анықтау мақсатында нәтижелерін салыстырады.
Ақпаратты іздестіру – өте кең тараған телекоммуникацияның түрі. Он-лайн жобаларында студенттер әр түрлі ақпарат көздерін қолданулары керек. Оларға сонымен қоса шешімнің, жауаптың кілті де беріледі. Мынандай педагогикалық ойын бәріне таныс: ойынға қатысушылар бір үлгідегі ақпаратты белгілі бір сызба бойынша (атақты, танымал педагогтың тегі, аты, туған жері мен мерзімі, оның негізгі еңбектері, қысқаша мазмұны және т.б.) құрастырады. Ойын үйлестірушілері ақпараттарды араластырып жібереді, ал студенттер ақпараттық анықтамалықтардан (энциклопедиялар, анықтамалықтар, оқу құралдары және т.б.) авторларды тауып, сәйкес келетін ақпараттарды орындарына қояды. Ең көп нақты сәйкестіктерді тапқан студент жеңіске жетеді.
Электронды шығарма – әр түрлі академиялық топтардағы студенттердің телеконференцияларға жіберген жобалары. Басқа студенттер осындай электронды сессия жұмысын бақылап отыруларына мүмкіндік бар. Жобаға ғалымдар, педагогикамен аралас келетін кафедра оқытушылары да тартылады, олар сыни пікірлерін, ескертулерін білдіріп, шеберлік қырларымен де бөліседі.
Тапсырмаларды бір мезгілде орындау (соның ішінде байқаулар) – жобаның бұл түрінде әр жерде орналасқан білім алушыларға бірыңғай тапсырмалар беріледі, олар оны орындап болған соң, шешімдерінің электронды алмасулары болады.
Қашықтықтан оқыту – оқытылатын материалдың негізгі бөлігін білім алушыларға жеткізуді қамтамасыз ететін, білім алушы мен оқытушының оқыту барысында өзара интерактивті әрекеттестігін тудыратын, студенттерге оқу материалын өз бетімен меңгеруге мүмкіндік жасайтын технологиялар үйлесімділігі. Қашықтықтан оқыту барысында білім алушылардың теориялық білімдері мен практикалық дағдылары материалдарды жүйелі түрде оқу, диктор соңынан аудио және бейне тасымалдауыштардағы оқу материалдарын қайталау негізінде қалыптасады. Үнемі практикалық тапсырмаларды орындап отырған студент тұрақты автоматтандырылған дағдыға ие болады. Теориялық білімдері жаттығу тапсырмаларын орындау барысында еш қиындықсыз қалыптасады.
Қашықтықтан оқыту технологиясын қолданудың тиімді жақтары:
-оқу, үйретуге шығындарды азайту (мекен-жайды алуға, оқу орнына барып келуге ешқандай шығынды қажет етпейді);
-оқытуды адамдар санының көп болуына қарамастан өткізу;
-оқыту сапасын заманауи техникалық құралдар, электронды кітапхана қоры арқылы арттыру.
Қашықтықтан оқыту компьютерлік телекоммуникация арқылы жүзеге асады, оның сабақтары мынандай үлгіде болады:
Чат-сабақтар – чат технологияны қолданып өткізілетін сабақтар. Чат-сабақтар бірізділікпен өткізіледі, яғни оның қатысушылары бір мезетте оған ену мүмкіндігіне ие болады. Қашықтықтан оқытатын оқу орындарының аясында чат-мектептер бар, онда чат-кабинеттер көмегімен қашықтықтан оқыту педагогтары мен білім алушылары өз қызметтерін ұйымдастыра алады.
Веб-сабақтар – «әлемдік ғаламтордың» қол жетімді мүмкіндіктері мен телекоммуникация құралдарының көмегі арқылы өткізілетін қашықтықтан оқыту сабақтары, конференциялар, семинарлар, іскерлік ойындар, зертханалық жұмыстар, практикумдар және басқа да оқу сабақтарының формалары. Веб-сабақтар үшін арнайы білім берудің веб-форумдары пайдаланылады. Веб-форум – белгілі бір тақырып аясындағы пайдаланушылардың жұмыс түрі, ол жазылып алынып, сәйкестендірілген бағдарламасы бар сайттарда тіркеледі.
Чат-сабақтардан веб-форумдар өздерінің ұзақ уақыт жұмыс істей алуларымен және педагог пен білім алушының өзара әрекеттестік сипатымен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет