16
35-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден бірге жазылған күрделі сөздерді
тауып, ережесін түсіндіріңіздер.
Күн батар алдында да балықшы жігіт сыртқа әлденеше рет шығып, жар
басынан теңіз жаққа көз салған-ды. (Ә.Н.) Балықтың келуі мен кетуі жайында
да ұзақ-ұзақ ойлап, әрқашанда уақыттың қалай өткенін білмей қалатын. (Ә.Н.)
Әлдеқандай алып күш шала жанған қамысты сыртқа қарай суыра тартып, пеш
көмейі желдеп гүрілдей жөнелді. (Ә.Н.) Бірнеше түйір нанды аузына тықпалап
еді, ат ақырын шайнамалай бастады. (Ш.А.) Адамдар арқасына бірдеңені
лақтырып салып, кеудесін қыса әлдебір қайысты жұлқа тартқан кезде жорға
тіпті ары-бері теңселіп те кетті. (Ш.А.) Тырп ете алмай құрсауда тұрған
жорғаны әлдекім іздеп жүргендей көрінді. (Ш.А.) Бірталай қалың көштерді
арттарына салып ап, тура Қарашоқының тоғайлы өзеніне кіріп, соны өрлеп
келеді. (М.Ә.) Өйткені ұзамай Сейдахмет қалаға барады, ақшаның көбі қалалы
жерде жұмсалады ғой. (Ш.А.) Былайғы күндері тап осы сәттері Ыстықкөлде ақ
кеме көрінетін. (Ш.А.) Абай Құлабестінің басын Көлқайнар жаққа бұра бере
қамшы басты. (М.Ә.) Шыңғыстың қара желі өзге уақыттың бәрінде жақсы
болғанмен дәл күздігүні жайсыз-ақ. (М.Ә.) Көпшілік осы қарбаласта болса,
Құнанбайдың Қарашоқыдағы ауылы, ас берген ауылдай, өз әлегімен өзі ұйқы-
тұйқы боп жатыр. (М.Ә.) Абай өз әкесінің өзге атқамінер атаулыдан мықты,
қайратты екенін сезеді. (М.Ә.)
Достарыңызбен бөлісу: