42-жаттығу. Лингвистикалық түсіндірме сөздіктен мамандықтарыңызға
қатысты біріккен он-он бес термин теріп, ережесін жаттап алыңыздар.
43-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен тұлғасы өзгертіліп барып біріккен
сөздерге он бес мысал теріп, өзгеру себебін түсіндіріңіздер, олармен сөйлем
құрастырыңыздар.
44-жаттығу. Араластырыла берілген түбір сөздерден біріккен сөз
жасаңыздар.
Үлгі: а) біріккен: ақсақал, ...
ә) кіріккен: бұл + жыл – биыл, ...
Ақ, ішек, ала, толғақ, бұл, азық, аяқ, тас, омыртқа, зейнет, бел, баспа, қайсы,
кәсіп, он, қара, тас, ит, құлақ, көк, егеу, дидар, жөтел, құйрық, тоғыз, қос, құрт,
сегіз, бақа, көз, сүт, ас, мұрын, саңырау, қазан, тоқ, үш, ащы, тамақ, бау, мойын,
қашан, біреу, зат, жол, ой, бет, ашар, қыл, өнер, сорғыш, бұрыш, жусан,
қатынас, ақы, қоржын, шикі, қоректілер, сөз, айдар, еш, шөп, ара, қой, соқыр,
инфра, теке, сақал, қызыл, теле, шаң, жыл.
45-жаттығу. Біріккен сөздерді қатыстыра отыра, сұрақ-жауап түрінде
әңгімелесіңіздер.
46-жаттығу. Төмендегі мәтіннен тіл үндестігіне бағынбайтын сөздерді
тауып, себебін түсіндіріңіздер.
І. Біреудің қатыгез зұлым, біреудің мейірімді болатын себебі не екен?
(Ш.А.) Екі жас жігіт арғы жағаға шығысымен өгіз бен биені қоя берді де, жарды
жағалап бұғып отырып, төмендеп кетіп, бірталай жер ұзап барып, қыратқа
шықты. (М.Ә.) Әлі де терең ұйқы құшағында жатқан бейтаныс жолдастарға көзі
түсті. (С.Ш.) Бейуақытта бәрі де сұрғылт тартып түнеріп қалған. (С.Ш.)
Мүмкін, олар өзінің сәбидей пәк тазалығымен ағайын-туғанды алыс-жақын деп
18
алаламай, бәріне де мейірбан ана бола алған, ауыл анасы бола алған Бибігүлді
аяп тұнжырайтын болар, аяп жылайтын болар. (С.Ш.) Бұлар хазіреттің
қорасына кіріп, асау құнанды ат қораға байлағанда, хазірет өзі көріп, сыйлық
екенін іші біліп, үн қатпаған болатын. (М.Ә.) Бұндағы қонақтың көбі қаланың
татар саудагерлері, қазақ байлары және тап ортада жаңа мешіт имамы Хасен
молла көрінді. (М.Ә.) Әжесі кітап қадірін жақсы айтқанға Абай риза болып,
жаңағы сөзден соң күн сайын бір тамаша әңгіме айтатын болды. (М.Ә.)
ІІ. Осыдан бірер жыл бұрын бұл інісімен өзі де ойнап, асыр сап кететін
болса, биылдар беймаза көріп, шеттей беретін. (М.Ә.) Өмірінде әлі күнге қайын
сіңлісі мен өзге жігіттің арасына делдал боп көрмеген-ді. (М.Ә.) Әділбек,
Асылбектер – бұл өңірдің намыскер, мықты жігіттері. (М.Ә.) Жағада біраз
тұрып, халді аңғарды. (М.Ә.) Әдемі реңді, әлденеше түсті балапан қозылар,
лақтар күншуақта секіріп, дамылсыз маңырайды. (М.Ә.) Осындай жиында
үлкенді-кішілі рулардың атқамінер ақсақал-қарасақалы араласып жатты. (М.Ә.)
Ұлжан Алшынбайдікіне көп қазына әкелді. (М.Ә.) Діндар әкеге кітапшылап
сөйлесе, парыз, уажіп деген сияқтыны еске алуы мүмкін. (М.Ә.) Сондықтан
асты кім болса сол жасамайды, тек жуан, бай, құдіреті күштілер ғана жасайды.
(М.Ә.) Абай анасына сауап болсын деп құранды өзгеше ықыласпен, асықпай,
соншалық мүлгіп, мінажат қып оқиды. (М.Ә.)
Достарыңызбен бөлісу: |