Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет8/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

 
Дауыссыздардың жазылуы 
 
Сөздің басында, ортасында және орыс тілінен енген сөздердің соңында 
жазылатын әріптер: б, в, г, д. 
Сөздің барлық шенінде (басы, ортасы, соңы) жазылатын әріптер: ж, з, к, қ, л, 
м, н, п, р, с, т, ф, х, һ, ш. 
Тек дауыстылардан кейін жазылатын әріп: й. 
Ң әрпі сөздің ортасында және соңында, ал ғ әрпі сөздің басында және 
ортасында ғана келеді. 
Кірме сөздерде жазылатын әріптер: ф, ц, ч, щ. 
 
23-жаттығу. Төмендегі өлеңді мәнерлеп оқып, дауыссыз әріптердің сөздің 
қай шенінде келгеніне назар аударыңыздар. 
Жаңа қазақтар 
(үзінді) 
Жаңа қазақ, шала қазақ, жас інім, 
Алшысынан тұрды бүгін асығың. 
Саған қарап ойландым да жасыдым. 
Айырмаған азғыны мен асылын 
Мына ғасыр, бәлкім, сенің ғасырың. 
Мына ғасыр безбүйректеу өр ғасыр, 
Жүрегіңде сезім емес, қорғасын, 
Шетке қақты тұлпары мен жорғасын. 
Қақпай қайтсін, бәрін сатып алуға, 
Һәм сатуға мүмкіндігі болғасын. 
Сенде қазір думан дәурен, масат күн, 
Өзіңді-өзің бар жауаптан босаттың. 
Рухани байлыққа да тас аттың, 
Аудандағы жалғыз кітап дүкенін 
Сатып алып, сырахана жасаттың. 
Тез ашылып саудагерлік дарының, 
Таудан, тастан қайтпастай өр арының, 
Саудаладың Алматының жарымын. 
Ұлағатты ұлы қазақ елінде 
Сатылмайтын нәрселер де бар, інім. 


11 
Жалғыз саған борыштыдай бар халық, 
Топ ішінде ісіп-кеуіп, нарланып, 
Кейкиесің қол беруге арланып. 
Дегенмен біз сені туған ұлттың 
Сатылмайтын қасиеттерін қорғадық. 
Көз көп қазір сыртымыздан сын айтар, 
Бәйтеректі мазақтаса құмай тал, 
Ерден бұрын ел сенімін мұңайтар. 
Бірақ бізге өз ұлтыңды өзгеден 
Кем сүйесің деп, қанекей, кім айтар? (М.Шаханов) 
24-жаттығу. Қ, х әріптері бар сөздердің жазылуын есте сақтаңыздар. 
Қош (болыңыз), хош (иіс), хал-ахуал, қал (дақ), бақыт, хабар, рақмет, 
ханталапай, рақат, барқыт, дарқан (дала), ақырет, халық, хазірет, қошемет, 
дастарқан, тақсыр, хат, уақыт. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет