61
Сал малды, сал жанды аянба!
Мал баққан, жай жатқан ел едік,
Бейнетті көп тартқан ер едік,
Қаны жат, тілі жат, діні жат
Жат елден таяқты жеп едік.
Жатқа жем бай едік, кен едік,
Бағың жоқ биліктен кім едік,
Партия сұрқия, қым-қиғаш,
«Басы аман» көп надан сен едің.
Зарыққан, талыққан шағыңа
Тап болды бостандық бағыңа!
Ұйымдас, ұрандас, жағалас!
Сен де мін бабаңның тағына!
Құның жоқ, қорлықта өшіп ең,
Терезең төремен болды тең.
Намыстан, қайраттан қатарға ен!
Басқадан кем болған сенің нең?
Ұраным, қорғаным, сен Алаш!
Жолыңа құрмалдық мал мен бас!
Өнер тап, өрге шап, қару ат.
Аллалап алға бас, ал Алаш!!! (Ж.Аймауытов)
129-жаттығу. Көркем шығармалардан қабаттаса келген тыныс белгілерінің
әр түріне үш мысалдан теріп, кестені толтырыңыздар.
Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы
Мысалы
Сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылғанда
Сұраулы не лепті сөйлемдегі ой
аяқталмаған жағдайда
Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерде
Төл сөз бен автор сөзі арасына
Ремаркамен келген драмалық шығармаларда
130-жаттығу. Өздеріңіздің қатты қуанған кездеріңізді еске түсіріп, сол
сезімдеріңізді тиісті тыныс белгілерін қоя отырып жазбаша түрде
суреттеңіздер.