65
Бірлікті бар қазаққа ырымдаған,
Көрінді мінсіз таза ғұмыр маған.
Ағаш та, су да, тау да
Айтып жатты,
Балдырған бала Қаныш сырын маған. (К.Салықов)
Қаратпа сөздердің тыныс белгілері
Ойдың кімге, неге арналғанын білдіретін, тыңдаушының көңілін өзіне
аудару үшін жұмсалатын, сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түспей,
грамматикалық дербестігін сақтайтын оқшау сөзді қаратпа сөз дейміз. Қаратпа
сөзден кейін үтір, кейде леп белгісі де қойылады.
ҚАРАТПА СӨЗДЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ
ҚОЙЫЛАТЫН ҮТІР
Қойылатын орындары
Қаратпа сөздің сөйлемнің
басында келуі
Қаратпа сөздің сөйлемнің
ортасында келуі
Қаратпа сөздің сөйлемнің соңында
келуі
Жапырақтар-ау, сыбдырлап
жерге төгілгенше, шерлі
сұлуға сая болсаңдаршы!
(Ж.А.)
–Жоқ, Сүйіндік аға, білейік
деп
сұраймын.
Сіздің
үстіңізден шағым жиям деп
сұрамаймын ғой! (М.Ә.)
– Астапыралла, не боп қалды,
шырақтарым-ау? – деді Момын
мен кемпір қосарланып. (Ш.А.)
134-жаттығу. Қаратпа сөздердің тыныс белгілерін қойып, сөйлемнің қай
шенінде келгенін айтыңыздар.
Қаратай сендерге берілген су егістікке жетпей, тазармаған арқы табанымен
ақпай, беталды қашып, сай-сайды қуалап жоғалып жатады. (Ш.А.) Керімбала
күлкісін тыйған жоқ: «Әй, білмеймін, кімге салсақ та, құлқыным таза дей алар
ма екенсіз Абай?» – деп, сезігін айта бастады. (М.Ә.) – Шырағым-ау осы анада
Бөжекең аулына жіберген қыз не жайда? Айғыз бишара қайтіп қиды соны?
Жылатып айырып, қайтіп қана жіберді екен? – деп, бір жағынан наразы боп,
сұрастыра бастады. (М.Ә.) – Сүйіндік аға осы мына сіздің жердің алдындағы
Қарауыл дейтін жалғыз биік не себепті Қарауыл атанды екен? – деді. (М.Ә.) –
Тұра ғой айналайын жылырақ киініп ал, маған көмектесесің. Тұр, тұра ғой,
ұйқыңды аш! – деді сыбырлап шал. (Ш.А.) – Мынауың тамаша екен Құлбек, –
деді бұлармен қатар келе жатқан шофер жігіт. (Ш.А.) – Мә балақай бар да ана
шоққа салып пісіріп же! Дүниеде маралдың бүйрегінен тәтті тағам болмады, –
деді. (Ш.А.) – Шыдай тұрыңдар қошақандарым. Ертең кешке дейін ғана
шыдаңдар. Әйтпесе Жәкеңнің пышағы қайраулы көрінеді. Шыдаңдар, – деп
Айгүл әр қозының басын бір сипады. (Ғ.Мүс.) – Шырағым-ау мынау бұғылар
ғой, бұлар мұнда қайдан жүр? (Ш.А.)
Достарыңызбен бөлісу: