|
Байланысты: Пунктуациясы152-жаттығу. Жан-жануарлар, жәндіктер қалай дыбыстайтынын есте
сақтаңыздар.
Түйе боздайды. Бура күркілдейді, бұрқылдайды. Жылқы, құлын кісінейді.
Айғыр арқырайды. Сиыр, қодас, бұғы мөңірейді. Бұқа күжілдейді, өкіреді. Қой,
ешкі, киік, арқар маңырайды. Қошқар мекіренеді. Теке бақылдайды. Есек
ақырады. Ит үреді, арсылдайды, ырылдайды, қаңсылайды, ұлиды. Күшік
шәуілдейді, қыңсылайды. Доңыз қорсылдайды. Арыстан ақырады. Жолбарыс,
піл күркірейді. Аю өкіреді, ақырады. Маймыл, қоян шыңғырады. Қасқыр
ұлиды. Қорқау қорқылдайды. Түлкі шәуілдейді. Қарсақ шәңкілдейді. Борсық,
кірпі мырсыңдайды. Мысық мияулайды, пырылдайды. Тышқан, аламан
шиқылдайды. Жарқанат қиқылдайды. Күзен, зорман, шақылдақ шақылдайды.
Суыр, саршұнақ сақылдайды. Бүркіт шаңқылдайды. Сұңқар саңқылдайды. Аққу
сұңқылдайды. Қаз қаңқылдайды. Үйрек барылдайды. Сұқсұр, шүрегей пыр-
пырлайды. Құр, кептер құрылдайды. Байғыз, үкі бақырады. Сыбызғышы
сыңсиды. Безгелдек безілдейді. Жапалақ барқылдайды. Шағала шаңқылдайды.
Өгіз шағала өкіреді. Көкқұтан қиқулайды. Тырна тыраулайды. Қарға
қарқылдайды. Бөдене пырылдайды. Торғай шырылдайды. Қарлығаш
шықылдайды. Бұлбұл, мыңсайрам сайрайды. Тоты сөйлейді. Әупілдек
әупілдейді. Шіңкілдек шіңкілдейді. Құрылтай құрқылдайды. Жылқышы
шырқырайды. Күркетауық күркілдейді. Бозтырқылдақ тырқылдайды. Тақтақ
тақылдайды. Батпылдақ батпылдайды. Көкек көкектейді. Сауысқан
шықылықтайды. Тауық қыт-қыттайды. Әтеш шақырады. Шақшақай
шақылдайды. Тауқұдірет айғайлайды. Тауыс қырқылдайды. Ара дызыңдайды.
Сона дызылдайды. Инелік тызылдайды. Маса ызыңдайды. Шыбын ызылдайды.
Қоңыз быжылдайды. Шегіртке шырылдайды, ысқырады. Бақа бақылдайды.
Құрбақа құрылдайды, шұрылдайды. Жылан ысылдайды. (С.Кенжеахметұлы
«Жеті қазына»)
153-жаттығу. Шақыру одағайларын қатыстыра отырып еркін тақырыпта
шағын әңгіме жазыңыздар.
154-жаттығу. Көркем шығармалардан одағай сөздердің сөйлем ішінде
орналасу тәртібіне қарай үш мысалдан тауып, кестені толтырыңыздар.
Одағай сөз басында
Одағай сөз ортасында
Одағай сөз соңында
|
|
|