Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет58/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

 
149-жаттығу. Қыстырма сөздерді пайдалана отырып, «Біріншіден, не 
жаман?» тақырыбында эссе жазыңыздар. 
 
Одағайлардың тыныс белгілері 
Кісінің көңіл-күйін, сезімін білдіретін, сөйлемдегі өзге мүшелермен 
синтаксистік байланысқа түспейтін сөздерді одағай сөздер дейміз. Одағай 
сөздерден кейін кейде үтір, кейде леп белгісі де қойылады.
ОДАҒАЙ СӨЗДЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ 
ҚОЙЫЛАТЫН ҮТІР 
Қойылатын орындары 
Одағай сөздің сөйлемнің 
басында келуі 
Одағай сөздің сөйлемнің 
ортасында келуі 
Одағай сөздің сөйлемнің 
аяғында келуі 
– Қап, кетіп қалды-ау, – деді 
Көкетай санын бір соғып. 
(Ш.А.) 
– Мұның не, әй, сірі тақым? 
Шөп ұрлап жатыр ма екен? 
– деді үй иесі. (Ғ.Мүс.) 
Бүгінгі дос – ертең жау, Мен не 
қылдым, япырмау?! (Абай) 
150-жаттығу. Одағай сөздердің тиісті тыныс белгілерін қойып, жаттығуды 
көшіріңіздер. 
– Ананы қара, ананы қараңдар! О ғажап – деді ең алдымен Сейдахмет. 
(Ш.А.) – Ах шіркін мылтық болар ма еді?! Ең аз дегенде екі центнер ет бар-ау ә 
шамасы? – деді Сейдахмет аузынан қағынып (Ш.А.). – Е-е бір-екі рет еңбегін 
еш қылса, «итше жер тырмалап жаман ырым бастама!» десе, өзі де көшеді, – 
деп Әзімбай атынан түсіп, жайланып, бел шешіп жатыр. (М.Ә.) – Қандай ғажап 
ә – деді бадырақ көз, сырттай жуас көрінетін шофер бала шыдамай. – 
Фотоаппаратымды ұмытып кеткенімді қарашы, түсіріп алғанымда оңды 
болатын еді (Ш.А.). – Моһ-моһ – деп мұрнынан күліп, Сейдахмет жүре беретін 
(Ш.А.). – О бәрекелді келіңдер, жоғарылатыңдар, – дегенде Томаршаның даусы 
бұрынғысынша шықты. (Ғ.Мүс.) – Жә Дәрмен, Мағрипа қалай? Оны неге 
айтпайсың? (М.Ә.) – Ой балалар! Мынау қазақ емес. Ойбай орыс! Әне орыстар. 
Мәтүшкелер де жүр! – деді. (М.Ә.)
151-жаттығу. Одағай сөздердің тыныс белгілерінің қойылуына назар 
аударып, қандай көңіл-күйді
білдіріп тұрғанын айтыңыздар. 
– Пай-пай! Осы ұлықтың осындай бір айбаты-ай! (М.Ә.) Мағаш өзі күткен 
кеңес бұл емес екенін еске ала отырып, дағдылы шапшаңдығы бойынша: – Е, 


73 
Оспан ағамның жылы толмай тұрып, ол кісілердің асыққаны несі? – деп қалды. 
(М.Ә.) – Жә, жеңеше, енді «қайсысы қайсысын алады?» деген түйін сөз бар ғой! 
Осыны не дейсіз? (М.Ә.) – Япыр-ай, осы екеуі қырбай деп еді. Қақтығып 
қалмаса игі еді! – дейді. (М.Ә.) – Бәрекелді, Шәке дұрыс айтады. Бұл әйелдер 
бәріне де жақсы келін ғана емес, іні-бауыр есепті де боп кеткен. Үшеуінің де 
алдарынан өтілу осы отырған бәріміздің қарызымыз. Сөзді осылай шешу керек! 
– деді. (М.Ә.) – Пай-пай! Аяқтарының астында қаламыз-ау, ойбай! 
Шынаяғыңды жи, ал ұстасты! – дейді. (М.Ә.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет