Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет6/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

 
13-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен мамандығыңызға байланысты ә әрпі 
бар бірнеше сөз теріп, оларды қатыстыра отырып сөйлем құрастырыңыздар. 
14-жаттығу. Көп нүктенің орнына о, ө әріптерінің тиістісін қойып, 
жаттығуды көшіріңіздер. Олардың сөздегі орнына назар аударып, емлесін есте 
сақтаңыздар. 
Данаг...й, мүрт...т, ақылг...й, бақа...т, б...зк...де, д...ңес, кастр...л, кәл...ш, 
кәст...м, кәсіпқ...й, кәсіп...дақ, к...збе-к...з, к...нет...з, к...к...ніс, қамқ...р, қамз...л, 
қаск...й, ләмб...к, селқ...с, селс...қ, сенат...р, с...вх...з, шанд...з, шабанд...з. 
15-жаттығу. Төмендегі сөздердің екінші буынында ұ, ү, ө дыбыстары 
айтылғанымен, олардың жазылмау себебін түсіндіріңіздер. 
Жұдырық, жауын, жұлын, құлын, құрық, бөрене, дөңгелек, түлкі, бұғы, 
жауырын, қауын, ғұмыр, домбыра, дүкен, дүние, жұлдыз, жұмыс, көбік, 
көгершін, көжек, көде, қоңырау, мүйіз, мойын, мұқият, мұхит, өлең, өрік, өсек, 
самауыр, соғым, суыр, төсеніш. 
 
16-жаттығу. Мәтіннен құрамында о, ө, ұ, ү, и, у әріптері бар сөздерді теріп 
алып, орфоэпия нормасына сай жазыңыздар, өзгеру себебін түсіндіріңіздер. 
Көркем әдебиетте әрбір сөздің өз тұрпаты сақталуға тиісті. Тілге бай, тілі 
жақсы дегенде ешбір жазушы жаңадан сөз тауып, сонысымен бай, сонысымен 
көркемдікке жетпейді. Халқының тіл байлығында бар сөздерді дұрыс 
тұрпатымен пайдаланып, сол қордан алынған сөздерден жаңа теңеулер, жаңа 
бейнелеулер арқылы тілге бай, тілге шебер деп аталады. Әсіресе, дауысты 
дыбыстар мен дауысты буындарды кескілеу сөздің тұрпатын бұзумен бірге 
сөйлемнің ішкі ырғағын да бұзады. Ат жорғалап келе жатып шауып кетсе, 
желіп келе жатып сүрініп кетсе, қалай көрер едік? Сөйлемнің ырғағын бұзу да 
соған ұқсайды. 
Тіліміздің қорында бар сөздерге жаңа мағына беру жолындағы 
табыстарымызға мен Ісләм Жарылғаповтың көрермен, оқырман, аялдама деп 
қосқандарын орынды да орнықты көремін. Мұхтар Мағауиннің «ірінді суы» да 
сондай, белгілі түсініктің мағынасын дәл береді. 



Бізде қақ аталатын, шалшық су, жайдақ су деп аталатын сулардың бәрін де 
ірінді су деген дұрыс көрінеді. 
Біраздан бері жалпы мағынасындағы искусство дегенді өнер деп атап 
келеміз. Ана тілімізде сақина-білезік соғуды да өнер дейміз. Арба-шана істеуді 
де, үй жонуды, етік тігуді де өнер дейміз. Туындысы – өнерші. Дұрысында 
искусствоны басқа өнерлерден айырып, көркем өнер деуіміз керек. Оның ішіне 
сурет, музыка, сахна, экран, би өнерлері ғана кіретін болсын. Көркем әдебиет 
деген сияқты көркем өнердің де өзінің асыл тегін көрсетіп тұратын атауы 
болғаны дұрыс. (Ғ.Мүсірепов)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет