7-жаттығу. Төмендегі сөздерді алфавит ретімен көшіріп, лингвистикалық
түсіндірме сөздіктен анықтамаларымен танысыңыздар.
Абзац, литота, бастауыш, толықтауыш, элизия, сөйлем, жалғау, негіз, түбір,
фонема, полисемия, лексика, дисфемизм, метафора, омоним, морфема,
акустика, апокопа, әріп, бунақ, гипербола, диэреза, екпін, жазу, инверсия,
көсемше, қиысу, мақал, анықтауыш, мәтел, диалект, монолог, эпифора,
неологизм, одағай, антоним, орфография, пауза, баяндауыш, плеоназм,
антитеза, графема, анлаут, редукция, семантика, буын, есімше, мағына, сөздік,
етістік, жұрнақ, графика, стиль, табу, деривация, қабысу, термин, есімдік,
дыбыс, матасу, ассонанс, фраза, шылау, синоним, эвфемизм, грамматика,
ономастика, протеза, диалог, эпентеза, меңгеру, орфоэпия, метонимия, жаргон,
этимология.
8-жаттығу. Төмендегі ақын-жазушылардың фамилияларын алфавит ретімен
көшіріңіздер. Шығармаларын еске түсіріңіздер.
Сейфуллин С., Жұмабаев М., Аймауытов Ж., Майлин Б., Жансүгіров І.,
Мұқанов С., Әуезов М., Мүсірепов Ғ., Кекілбаев Ә., Мағауин М., Есенберлин І.,
Есенжанов Х., Мұстафин Ғ., Исабаев Қ., Момышұлы Б., Жүнісов С., Әбілев Д.,
Торайғыров С., Ахтанов Т., Ғабдуллин Н., Мұртаза Ш., Мұратбеков С.,
Әлімқұлов Т., Құнанбаев А., Мырзалиев Қ., Исабеков Д., Тәжібаев Ә.,
Нұрпейісов Ә., Әбішев Ә., Дулатов М., Көбеев С., Мақатаев М., Шаханов М.,
Оңғарсынова Ф., Айбергенов Т., Молдағалиев Ж., Шаймерденов С.,
Молдағалиев Т., Әлімбаев М., Иманасов С., Ерғалиев Х., Қайырбеков Ғ.,
Сәрсенбаев Ә., Құдайбердиев Ш., Айтматов Ш., Аманжолов Қ., Жабаев Ж.,
Байзақов И.
Қазіргі қазақ емлесінің ережелері
Дауыстылардың жазылуы
Жалаң дауыстылар: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, э.
Қосынды дауыстылар: ё (йо), и (ый, ій), у (ұу, үу), ю (йұу, йүу), я (йа).
7
Барлық буындарда жазылатын әріптер: а, е, ы, і.
Буын талғайтын әріптер: ә, о, ө, ұ, ү.
Кірме әріптер: э, ё.
9-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөздердің
жазылуына түсінік беріңіздер.
З...ялы, қ...янат, акт...р, бейқ...сап, би...лай, би...зы, бұрти..., бүйр...к, вал...та,
б...ро, в...кализм, ғар...п, ғұс...л, дәлд...ріштік, деб...тор, д...фис, дз...до, ду...т,
жанқ...яр, ж...нақ, ж...ю, жымп...ю, кәст...м, көкп...ңбек, қад...р, қау...п, құд...рет,
лағ...нет, майм...ю, ма...стро, мет...ор, ми...а, ми..., рухани...т, дәлд...ң, дәнек...с,
тауқ...мет.
Достарыңызбен бөлісу: |