Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет16/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

 
48-жаттығу. Төмендегі сөздердің қалай жасалғандығына түсінік беріп, 
олармен сөйлем құрастырыңыздар. 
1. Еңбеккүн, шикізат, беторамал, зейнетақы, жолазық, тасжол, күретамыр, 
қырықаяқ, ақбөкен, ақбидай, бізтұмсық, қойжусан, сөзтұлға. 
2. Су жорға, мысық мұрт, ақ аю, ақ жауын, ат арба, ата қаз, бас бәйге, бел 
омыртқа, жер үй, жеті тоғыз, қан тамыр. 
 
49-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен өздеріңізге емлесі таныс емес бөлек 
жазылатын он-он бес сөз теріп, олармен сөйлем құрастырыңыздар. 
 
50-жаттығу. Көркем шығармадан бөлек жазылатын күрделі сөздерге мысал 
теріп, кестені толтырыңыздар.
 
Бөлек жазылатын сөздер 
Мысалы 
Күрделі атаулар 
 
Күрделі сан, сын есімдер мен етістік 
 
Есім, еліктеуіш сөздер мен етістіктерден құралған сөздер 
 
Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздері тіркескен зат есімдер 
 
Тұрақты тіркестер 
 
Екі зат есім қатар айтылып, бір ғана затты, құбылысты, ұғымды атап, 
алдыңғысы соңғысының тегін, неге, кімге арналғанын, немен жұмыс істейтінін 
және өзге заттардан ажыратылатын белгілерін білдірген сөздер 
 
51-жаттығу. Төмендегі сөздерді бірге я бөлек жазылатынын анықтап, 
бағанға бөліп жазыңыздар. 
І. Көк(найза), сары(жілік), құм(бетеге), бет(орамал), қой(жусан), ақ(қайың), 
ит(бүлдірген), сары(аяз), бал(қарағай), кіндік(бау), әлде(сиыр), ағаш(төсек), 
қара(торғай), ақ(қоян), қара(бидай), мүйіз(жапырақ), әр(кім), күрке(тауық), 
алып(сатар), қос(аяқ), кіндік(бала), қырық(аяқ), бір(жолата), үш(бұрыш), 
кей(адам), бас(жүлде), бір(жұмыс), шаш(кептіргіш), шолақ(қол), еш(уақытта), 
мүйіз(төсек).
ІІ. Бір(қыдыру), әр(қашан), жол(азық), кіндік(кесер), ағаш(күрек), 
темір(жол), бас(сүйек), бір(талай), фото(үлкейткіш), бас(жіп), ағаш(балға), 
шаш(бау), ағаш(ат), темір(қазық), ағаш(тілгіш), үш(аяқ), ақ(жауын), ақ(тілек), 
темір(күрек), сары(жұлдыз), еш(қандай), үш(жақты), кіндік(шеше), шолақ(жең), 


20 
электр(қозғалтқыш), мүйіз(дәрі), шаш(тарақ), авто(реферат), үш(таған), 
тіс(ағаш). 
52-жаттығу. Жақша ішіндегі сөздерді бірге я бөлек жазылатынын анықтап, 
жаттығуды көшіріңіздер, мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар.
(Әр)кімнің өз жері – Мысыр шаһары. (Әр)елдің заңы басқа, иттері қара 
қасқа. Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала (еш)нәрсені ойламайды. 
(Әр)нәрсе сынарында өзінен мықтыға жолығады. Ана сүтін ақтамағанды 
(еш)кім мақтамайды. Болар елдің баласы, (он)бесінде «баспын» дер, болмас 
елдің баласы, (отыз)бесте «жаспын» дер. Бір ауылда мың туысың болғанша, 
(әр)ауылда бір туысың болсын. Тірлікте ілім үйрен көріп жүріп, (әр)жақсының 
соңынан еріп жүріп. Тілге (әр)күн мейрам. (Әр)кімнің бір ойы бар, қорасында 
мың қойы бар. Алпыс адам аттан жығылса, (әр)қайсысы өз ауырған жерін 
сипайды. (Әр)нәрсе уақытымен қызықты. Аузы құлып сандықты, кілт ашпаса 
тіл(ашар), түйін-түйін сырыңды түбінде келіп шын(ашар). Сөз(салысқан) дауға 
ортақ, ат(салысқан) жауға ортақ. (Әр)кім өз ойынан хабар берер. (Әр)кімнің бір 
аңдыған жауы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет