99
сайда жапырайған жер кепелер жұмысшылар мекені. (Т.К.) Сөйтіп, ауру
шешемнің алғашқы шипасы мен, менің келуім болды. (С.Ш.) Бір-бірінен
жасырынып кеткен молдалардың бар ойы Шәймерденді жамандап қана қайту
емес, өзіне бәсекеші боларды даттау, сөйтіп, өзінің имам болсам деген
арманына жету. (Т.К.) Ішіндегі есебі кемпірді өз үйіне кіріптар ете түсу. (М.Ә.)
Тәкежанның өз үйі көл жақ шеттегі үлкен абажадай қоңыр үй. (М.Ә.)
Шақыртуға келмегені бұғып қалып, бастарын алып қашқаны. (М.Ә.) Ақымаққа
айтқан сөз ағып жатқан сумен тең, ақылдыға айтқан сөз қолға ұстаған тумен
тең. (Мақал)
201-жаттығу. Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойып,
ережемен дәлелдеңіздер.
Соңғы алты ай ішінде барлық жалын атқан қайғысы жалғыз баласы Құтжан
жайы. (М.Ә.) Өзге жұрттан бөлініп көшкен бұл бір топ ауылдар шетінен
Ырғызбай руы. (М.Ә.) Сол жердің орта тұсы Жексен қыстауы Қарашоқы.
(М.Ә.) Бұл екеуі Бөжейдің жақын ағайындары. (М.Ә.) Тегінде Шыңғыстың
асыл шөбі мық жусан. (М.Ә.) Ол Өскенбайдың үлкен үйі Зере отырған ауыл.
(М.Ә.) Тізесімен тербетіп отырғаны Айғыздан туған немере қызы үш жасар
Кәмшат. (М.Ә.) Олардың тілеуі мен қақпайына еру өзін-өзі аямау. (М.Ә.)
Құлыншақ сол Торғайдың басты кісісінің бірі. (М.Ә.) Бала атаулының жаз
болады десе ерекше сағынатыны бүлдірген. (М.Ә.) Дередей үлкен, өзі жұп-
жұмыр ақ тай қысырдың тайы. Енесі асау көк бие. (М.Ә.) Жиырма-отыз қойы
бар, үш-төрт қорасы бар үй қалың елдің көпшілігі. (М.Ә.) Ана дүниеден иман
тілеген, өлімге бас байлаған үмітсіз аурудай ендігі тілек жол амандығы,
денсаулығы. (Ж.А.) Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Шобан,
Марғасқа, Жиембеттер, негізінен, екі-үш жанрда жырлаған: бірі дидактикалық
толғау, оның тақырыбы жалпы ақыл, насихат айту, екіншісі арнау толғау, яғни
нақтылы біреуге, не оқиғаға, не өзіне қарата айтылған сөз, оның тақырыбы
көбінесе қоғам, адам, ел қорғау, үшіншісі портрет өлеңдер. (Р.С.)
202-жаттығу. Көркем шығармалардан кестеде берілген ережелерге сай бес
мысалдан тауып, толтырыңыздар.
Бастауыш та,
баяндауыш
та зат, сын,
сан
есімдердің
бірінен болса
Бастауыш
зат есімнен,
баяндауыш
сілтеу
есімдігінен
Бастауыш тұйық
етістіктен,
баяндауыш
ІІІ
жақтағы
жалғаусыз
зат
есімнен
Бастауыш
та,
баяндауыш
та
бір
сөздің
қайталануынан
жасалған
Бастауыш
бірі, біріншісі,
алдыңғысы, көбі деген
сөздерден,
баяндауыш
атау тұлғадағы зат есімнен
не
тұйық
етістіктен
болғанда
Достарыңызбен бөлісу: