Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет80/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

 
194-жаттығу. Көркем әдебиеттен кестеде көрсетілген ережелерге сәйкес 
бес мысал тауып, жаттығуды орындаңыздар. 
Сызықша қойылатын орындар 
Мысалы 
Жалпылауыш сөздің алдынан 
Оңашаланған айқындауыштың екі жағынан 
Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдерде
Сөйлемді ықшамдап қолдануға байланысты 
195-жаттығу. Сөйлемнің тиісті жеріне сызықшаны қойып, көшіріңіздер. 
Қойылу себебін анықтап, ережесін еске түсіріңіздер. 
І. Жаңағы қараны жыққан Байсал, септі бұзған Сүйіндік, енді мынау тұл 
атты бауыздаған Байдалы үшеуі де кейін «жол» алады. (М.Ә.) Бұл үлкен 
қақпаның бір босағасы сияқтанып ұлы теңізге шығар ауызда, дәл мінбеде 
тұрған көк қатпар шың. (Ә.Н.) Сойыл соғарға келгенде, қолға, санға келгенде 
Құнанбайдың мықтап сүйенетіні сол Байсал елі Көтібақ. (М.Ә.) Бақанас, 
Байқошқар бұл өңірдегі Тобықтының ең үлкен өзені. (М.Ә.) Ортасындағысы 
Абайдың үлкен енесі Алшынбайдың әйелі, семіз, қара бәйбіше. (М.Ә.) 
Пісіргені, қуырғаны бәрі де келіп жатыр, бұл жағын жайғастырып, дедек қағып 
жүрген Гүлжамал мен кемпір. (Ш.А.) Бұл баланың өмірінде көрген, іштей 
сенген жалғыз адамы Оразқұлға шамасы келер, бар қылмысын көзіне шұқып 
айтар осы Құлбек қана. (Ш.А.) Кемпір де, Бекей апай да, Гүлжамал да, ең ар 
жағы Момын атай да бәрі қосылып Мүйізді Бұғы ананың етін мақтады. (Ш.А.) 
Көріп те, сағынып та келе жатқаны асқақ Алатау. (С.Ш.) Мұның бірі бурыл 
сақалды, кішілеу шегір көзді, ер мұрынды салмақты адам. Екіншісі сорайған 
атжақты, көселеу келген, өткір жүзді, ұзын бойлы қара жігіт. (М.Ә.) Үлкендер 
тобына бір жақтан, әкеден төмен отырып, телміре қараған Абай болса, дәл осы 
тәрізденіп, барынша бой салып, қарап отырған ана шеттегі жас жігіт Жиренше. 
Бұл Көтібақ ішінде Байсалдың жақын туысқаны Шоқанның баласы. (М.Ә.)


96 
ІІ. Тыстағы ойын: ат шабыс, көкпар, серке тарту, теңге алу, балуан 
күрестіру баршасы да осы күні болды. (М.Ә.) Қазір онан тыйылып, бәрінің 
бағатыны Мөңкенің қабағы. (Ә.Н.) Өмірде бұл шал бес аспап ағаш жону, есік-
терезе жөндеу, шөп шабу, күде тұрғызу әйтеуір, қолы тиген шаруаның қай 
жағы болса да, тап-тұйнақтай болып шыға келеді. (Ш.А.) Ол көзі тышқанның 
көзіндей жылтырап тұратын қушық бет қара кісі Садыр. (С.Ш.) Баланың да, 
жігіт-желеңнің де, егде-мосқал үлкеннің де барлығының аузында бір жаңалық, 
бір хабар. Ол осы жақында болатын ас туралы, Бөжейдің асы туралы. (М.Ә.) 
Біреуі бұрынғы күйге үйлескісі келмей, заманынан, ортасынан озып шығып
сыншы, ұстаз, ақын, данышпан болуға айналған Абай да, екіншісі күндегі 
өмірдің талқысы мен шырмауынан шыға алмаған, содан азап шегіп, қиналған 
Абай. (М.Ә.) Сол себепті философия адам баласының жан тәрбиесінің
адамшылығының, бірінші өрлейтін басқышы, екіншісі көркі. (М.Ә.)
Дауыл 
дүниедегі үш алып күштің, үш апаттың бірі. (Ғ.Мүс.) Сол ретте қалың елдің 
аузына түгел тараған қалжың мысқылдың бірі ояздың әйелі айтты деген, бағана 
күндіз жаңсақ ұғылған бір сөз. (М.Ә.) Осыдан соң бұлардың әрбір күлкісі, әзіл 
сөздері, қабақ қимылдары барлығы да сондайлық бір тәттілік, қуаныш белгісін 
көрсетіп отырды. (М.Ә.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет