Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша Бастауыштан кейін қойылатын сызықша Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен,
заттанған өзге сөз таптарынан болғанда
Сендер үшін ең қолайлы тау – мына бергі
Алмалы. (С.Ш.)
Бастауыш жіктеу, сілтеу есімдіктерінен,
баяндауыш ІІІ жақтағы зат есімнен болғанда
Бұл – болашақ университет қаласының
құрылысы. (С.Ш.)
Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш ІІІ
жақтағы жалғаусыз зат есімнен не керісінше
болғанда
Соны тәрбиелеп адам қылу – міндет. (М.Ә.)
Бастауыш та, баяндауыш та бір сөздің
қайталануынан жасалғанда
Ортасында бес үлкен ақ үйлер бар, көп үйлі
ауыл – Абайдың екі шешесі Ұлжан мен
Айғыздың ауылы. (М.Ә.)
Бастауыш та, баяндауыш та сын есімнен не
сан есімнен жасалғанда
Олақ – меншіл, Қызғаншақ – күншіл, Сырғақ
– сыншыл. Бес жерде бес – жиырма бес.
Бастауыш есімшеден, ал баяндауыш не зат
есім, не есімше, не есімдіктен жасалғанда
Құнанбайға бұлардың ішінен көз алмай,
қырандай қарап отырған – дәл төрдегі Байсал.
(М.Ә.)
Бастауыш бірі, біреуі, біріншісі, алдыңғысы, соңғысы, көбі деген сөздерден, баяндауыш
атау тұлғадағы зат есімнен не тұйық
етістіктен болғанда
Жайлауда
Құнанбай
аулының
көбірек
орнығып отыратын қонысының бірі – Ботақан
ошағы. (М.Ә.)
Бастауыш өзінен кейінгі сөзбен тіркесіп,
сөйлемнің басқа мүшесімен шатасып кететін
болса
Жиырма – беске қалдықсыз бөлінеді.
Бастауыш зат есім не заттанған басқа сөз
таптарынан
болып,
баяндауыш
болымсыздықты
білдіретін
емес сөзі
тіркескен есімдердің бірінен болса
Жоқтық – ұят емес, байлық – мұрат емес.
(Мақал)
Бастауыш
пен
баяндауышты
байланыстырушы дегеніміз, деген, ... сынды
сөз тұрса
Уақыт деген – көзге көрінбеген терең мазмұн,
әлуетті күш, шешегін жармаған гүл,
оқылмаған кітап, болуға тиісті оқиға,
ашылмаған ғылыми жаңалық. (С.Ш.)
Ол – ол ма, бұрынғы – бұрынғы ма, бұл – бұл ма сияқты қыстырма сөз тіркестерінің
араларына
Ол – ол ма, әңгіме одан сайын күшейе түсті.