84
ауыл сыртындағы жазғы таң сары белден ағарып атқанша ақсүйек ойнап,
алтыбақан теуіп, ән шырқап ұлы түрсіл
салар еді; қыста қалың түскен қар
қайсы бір жылдары көктем шығар-шықпаста қауырт еріп, көл табанға жиналған
ағыл-тегіл мол суға қаз, үйрек жаз бойы қанаты сылдырлап ұшып-қонып қиқу
сап жатыр еді. (Ә.Н.) Аят оқығанда күйеу Мағзұмның мақамына да салып алды;
құран оқығанда шарта жүгініп, көзін жұмып, сызылып отыруды да білді. (Ж.А.)
Қазақ тілінде салалас құрмалас сөйлемдердің қалыптасқан мынадай түрлері
бар: 1) ыңғайлас (мезгілдес) салалас; 2) қарсылықты салалас; 3) себеп-салдар
салалас; 4) талғамалы салалас.
Достарыңызбен бөлісу: