1. Белгілі бір ырыммен қояды.Ш.Смаханұлының әзіл әңгімесіндебаласы көп бір қария айтады: «Ақылды жаратушы бізге беруін тоқтатпайын деген екен. Келген дәулет, көбейе берсін деген шығар. Мұның аты Көбей қойдым»(Ш.Смаханұлы. Елпекбайдың телпегі). 2. Есімді өнер туындыларынан таңдайды.
«Ерлі- зайыпты жас жұбайлар жаңа туған сәбиін көтеріп туу туралы куәлік беретін мекемеге келіп тұр.
Бөпелеріңіз ұл ма, қыз ба?- деді инспектор.
- Қыз.
- Атын кім қоясыңдар?
- Жизель.
Нұсқаушы басын шайқап:
Сәбиіміз өскенде сондай атақты болуын қалаймыз, біз мода бойынша француз атын қойғымыз келеді. Онда жүзден астам кітап жазған Жорж Сименон деген атақты жазушы бар екен. Соның атын қоямыз. (Ш.Смаханұлы. «Еліктеудің екі тауқыметі»).
3. Есімді еш мақсатсыз қою салты.
- Ассалаумағалайкө-ө-ө-өм!- деп екеуі жарыса сәлем берді қарсы келе жатқан жасы үлкен кісіге ізет білдіріп.
Мені ондырмаған ат қойғыштар сендерді де аямаған екен,- деді Елпекбай. 4. бай , -бек, -хан, -қожа, -ғали, -құл, -тай, -жан сыңарларымен келген дәстүрлі есімдер.
5.Лексикалық құрамы диалектілік сөздерден және араб, парсы, иран, монғол, орыс т.б. кірме сөздерден құралады.
6. Аң-құс атаулары
7. Өсімдік
8. Сан өлшем
9. Тұрмыстық жабдық атауы
10. Туыстық қатынас
11. Соматикалық атаулар
12. Азық-түлік, тағам
14. Ән -күй аспаптары
15 Көлік түрлері
16 Қару-жарақ
17 Түр-түс атауы кездеседі. Бірақ жасыл түс шынайы өмірде де, сатирада да кездескен жоқ.
18 Аспан денелері
19 Жел, дауыл, жаңбыр т.б. табиғат құбылыстары
20 Жер-су аттары
21 Ру, тайпа, ұлт атаулары
22 Жын-пері атаулары
23 Фольклорлық аттар
24 Хан, патша, князьдық, дворяндық атаулар
25 Діни сипатты аттар
26 Білім-ғылымға байланысты туған аттар
27 Әлеуметтік-саяси мәнді атаулар
Бұл туралы антропонимист Т.Жанұзақов ат қоюдың себебін анықтаған. Ономастикалық кеңістік теориялық ономастиканың негізгі ұғымы болып табылады. Оны зерттеушілер әр қырынан талдайды. Көптеген пікірлердің сын жинақтағанда ономастикалық кеңістік шектерге: антропонимия, топонимия, зоономия т.б бөлінеді және оладың да кеңейіп, таралып, тарылып тұратын тұстары бар дегенге саяды.
Көркем туындыдағы СЮП-терді тақырыптық-лексикалық топтарға бөлуіміз: қазақ поэтикалық ономастикалық кеңістігінде: антропонимия, топонимия, зоонимия, фитонимия, космонимия, астротопонимия, хрононимия, хрематонимия, мифонимиялық т.б. көптеген кейіпкер аттарының бар екені анықталынды.
Ономастикалық кеңістік жалқы есімдердің барлық тобынан тұрады. Н.В.Подольскаяның сөздігі бойынша қарастырғанымызда, зерттеуімізде 20-дан астам тобы кездесті. Тіліміздің лексикалық құрамындағы сөздер халық тұрмысындағы ұғым-түсініктердің жиынтығы, қоғам дамыған сайын жаңа сөздермен толығып, арнасын кеңейтеді.
Ғалым А.В.Суперанская «ономастикалық кеңістік жеке шектері бар секторларға бөлінеді» деп, антропонимия, топонимия, зоонимия, фитонимия, космонимия, анемонимия, теонимия, генонимия, астротопонимия, хрононимия, хрематонимия, мифонимия т.б. атап көрсетеді [Б.Сахариев, 1952;3-б]. Мұнда адам санасында қалған мифтік ойлау жүйесінің де, өмірде бар құбылыс атауы да, ойдан шығарылған аттар да көркем мәтінде ұлттық колорит жасау, яғни олардың қолданылуы фондық семантикаға қатысты болып келеді.Оның барлық болмысы мен өмір тіршілігін, дүниетанымы мен мәдени, рухани байлығын, ана тілде сақталған фактілер мен деректер негізінде зерттеп білу.
Ә.Т.Қайдар этнолингвистикалық зерттеулердің шекарасы мен көлемін анықтау үшін макроқұрылым және микроқұрылымұғымдарын береді. Этнолингвистика тіліміздегі этнографиялық лексиканың ұшан-теңіз байлығын қалай болса солай, кез келген фактіге байланысты емес, өзара жіктеп, саралап барып зерттеуге тиіс. Олай болмаған жағдайда әрқилы ұғымға байланысты өмірдің әр түрлі саласында қайталанып, әр қырынан көрінетін сөз бен сөз тіркесінің тілдегі орны мен қолданыс аясы, мағына-мәні толық ашылмаған болар еді. Сондықтан да этнолингвистикалық зерттеулер тіл байлығын микрожүйелер мен макрожүйелерге бөліп алып, оларды жіктеп, топтастыра, өзара байланыста бүкіл кейіпкер аттарын «Адам», «Табиғат» және «Қоғам» деп үлкен үш салаға бөліп қарастыруға болады.
«Ұйытқы сөздердің табиғатын, себеп-салдарын, тематикалық топтарын өз алдына дара тексерудің мәні зор» [І.Кеңесбаев, 1974:589-б],– деген академик І.Кеңесбаевтың пікірі біздің алдымызға қойған мақсатымызды айқындай түседі.