Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Қолға қатысты атаулардан туған СЮП-тер – 15



бет19/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   111
5. Қолға қатысты атаулардан туған СЮП-тер – 15.
Қолдағышов, Жұдырықбеков, Бармақшал, Басбармақ, Тырнақшал, Белбармақов, Жезтырнақ, Саусақпаев, Сұқбек, Сояу, Шынашақ, Шапалақ, Шеңгелов, Бессаусақов.
6. Жамбас: Біржамбас, Бөксегүл, Бұлаңқұйрық, Жамбассипарұлы, Жатырбай, Көтібар, Құйымшақ, Құйысқанбике, Тайкөт т.б.
7. Аяққа қатысты атаулардан жасалған СЮП-тер – 20.
Шойтабанов, Ақтабанов, Тобан, Тобышақ, Майөкшенов, Ноқтабан, Желаяқ, Итаяқ, Көкаяқ, Қуаяқов, Қотанаяқ, Саптыаяқ, Сәндіаяқ, Суаяқов, Талтаяқ, Бақай, Башай, Шотаяқ, Бибұт, Шибұт, Шиборбай, Ұлтан.
Ғалым Б.Хасеновтің «Адамның метафоралы мағынада қолданылмайтын мүшесі жоқ, басынан аяғына дейін, яғни барлық мүшесі метафораланады» [Хасенов Б.,1966,76] деген пікірі СЮП-терді лексика-семантикалық жағынан топтастыру дәлелдейді. Метафораланған, ұлттық ерекшелікті білдіретін, кірме сөздерден жасалған СЮП-терді 7 топқа бөліп қарастыруға болады.
1. Лақап аттар: Басбұзаров, Безбүйрек (ов), Тасбауыр, Тасжүрек, Маубас, Қуаяқ, Суаяқ, Сумұрын, Тоңмойын(ов), Зәркүл, Қайқыбас, Қайқытөс, Тауықтөс, Мықыр, Тырылбике, Шөпжелке, Шотшеке, Митың, Мимырт, Маймақ, Талтаяқ, Шатқаяқ, Тәлтірек(ов), Кердеңбике т.б.
2. Мифоперсонимдер: Аяз Ата, Алдар Көсе, Жарғақбас, Қағанақбас, Тазша, Қылкеңірдек, Шойынқұлақ, Төстік, Қарынбай, Шынашақ, Жезтырнақ, Шибұт, Желаяқ, Ұлтан, Мүгедек Темір (Ақсақ Темір) т.б.
3. Пейоратив (жағымсыз мәндегі) аттар: Ақпақұлақ, Әпербақан, Бейпілауыз, Жаманауыз, Заржақ, Жылмаңбет, Көкми, Көтібар, Кірқұлақ, Кірбас, Күлбет, Маубас, Қарабет, Мисыз, Құйыршық, Шибұт, Тілемсек, Тайкөт, Жалаңашбике т.б.
4. Этнопоэтонимдер немесе ұлттық ерекшелікті білдіретін СЮП - тер:
Көзайым қуанышты хабар, Көзжақсым ат тергеу салты, Біржамбас отыру, жату әдебі, Ұлтабар ұл тапсын деп берілетін мүше, Талақ неке бұзу салты, Үлпершек қыз-келіншекке берілетін сый тағам, Қосорай «екі рет үйленеді» дейтін наным, Ұзынқұлақ ұлттық ойын, Көзжұмбай бірнәрсені жасыру, бүркемелеу, Қарынбөлеев туыстық атау, Бауырбек «бауырмал бол» деп берілетін мүше, Жамбассипарұлы ұрын бару салты, Қарабет, Қубас баласыз адам, Тұлымтай ат тергеу ғұрпы, Құйысқан күмістелген әбзел, Шаштеңге шаштың ұшына тағылатын күміс сөлкебай, Саптыаяқ ағаш ыдыс т.б. Соматизмдерден жасалған кейіпкер аттарынан ұлттық салт-дәстүр іздері байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет