Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор



бет13/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   111
Жабдық атаулары: Мұрындық, Ноқта+бай, Тоқым, Тұсау+бай, Тұзақ, Елтір+бай, Пұшбақ+бай, Тулақ+бай, Шөншік, Жұрқа+бай, Боздақ, Жабағы, Шуда+бай, Көкшақа, Қылқи+бек, Шүйке+бас Жарғақ, Тайтері, Елтірбай, Көнек;
қару-жарақ: Ай+балта, Бәкі, Бытыра+бай, Жебе Садақ+ұлы, Қару+бай, Наган+бай, Наркескен, Пышақ+бай, Патрон+бек, Пушка+бай, Оқ+пан, Оқшантай, Семсер+ов, Шоқпар+ов;
ұлттық мүлік аттары: Наркескен, Қоңырқұлжа, Тайтұяқ, Оңқай, Бүк+шік;
Пейоратив аттар: Бәдік+гүл, Долы+гүл, Нас+бике, Жалаңаш+бике, Сарқыт, Мазақ, Шөпжелке, Қиқу, Шүшира, Шошаңгүл;
Мелиоратив аттар Әзіл Сықақұлы, Жебе Садақұлы, Жұмсақжанов, Күлегешов, Көңілжықпасов, Талғампазов, Тәмпіштің Таңқыгүлі, Уытбай Усойқынов т.б.
Соматикалық атаулар арнайы қарастырылады.
Псевдоним ( бүркеншік ат) – қаламгердің шын аты-жөнін жасырып, басқа есіммен танылуы. Псевдонимнің жасалу түрлері бар:
1. жеке сөздерден құралған бүркеншік ат – Б.Майлин («Бейімбет», «Малай», «Мереке»), І.Жансүгіров («Ағын»‚ «Балгер», «Матай», «Жа-Жа»‚ «Салпаңқұлақ», «Құйқалық»), Ж.Сәрсеков («Көз», «Момын», «Салмақбай»), Қ.Тайшықов («Бұйрас», «Қапсыңқа», «Малтаң», «Малкелді»), Ж.Тілепбергенов («Жете», «Жиенғали»), Ә.Сәрсенбаев («Көсе», «Еділбай»), Ә.Текеев («Әл-Атырау»), А.Сегізбаев («Жөнеу»), Ғ.Тоқаев («Шурале»), С.Сейфуллин («Бүйенбай», «Қоңырқұлжа»), А.Елшібеков («Жауқашар»),
2.сөз тіркестерінен құралған бүркеншік ат – С.Еркебаев («Қара бала»), Б.Майлин («Жасқаншақ Алтай»), (, , ,»«,),»«,
3. аббревиатураланған немесе аты-жөннің басқы әріптермен берілісі.
Ж.Сәрсеков («Ж.С.»), Ж.Тілепбергенов («Ж», «Ж.Т.»),
Пареоним ( грек. – + onuma ат, атау, есім) – нақыл сөздер, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер. Сократтың «Платон – менің досым, бірақ шындық одан да қымбат» ( Платон – мой друг, но истина дороже )
Б.Майлиннің «Даудың басы – Дайрабайдың қасқа сиыры», А.С.Пушкиннің «Бәріміз де Наполеонға ұқсағымыз келеді» (Мы все глядим в Наполеоны) немесе «Бәріміз де Гогольдің «Шинелінен» шықтық» деген сөздер қанатын кең жайып, нақыл сөзге айналып кетті. Б.Момышұлы, Ә.Нұршайықов, Қ.Мырзалиев, А.Сүлейменов сияқты ақын-жазушыларымыздың арнайы жазған қанатты сөздері мен нақыл сөздері әдеби орта мен ғылыми ортаға кеңінен таныс. Біздің нысанымыз жалқы есімдер болғандықтан, яғни құрамында адам есімдері кездесетін нақыл немесе қанатты сөздерді зерделеп, сараладық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет