Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Сатиралық аттарды мағыналық-тақырыптық жағынан топтау



бет10/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   111
1.6 Сатиралық аттарды мағыналық-тақырыптық жағынан топтау
Шынайы өмірдегі дүние есігін жаңа ашқан сәбиге қойылатын есім мен көркем туындыдағы кейіпкерге қойылатын аттың арасында айырмашылығы да, ұқсас жақтары да бар. Ұқсастығы – номинативтік, коммунативтік қызметінде.
Мысалы өмірде балаға азан шақырып ат қойғанда көптеген этнографиялық факторлар бар: ата-ананың жақсы ниеті, түрлі ырым, ерекше оқиға, эстетикалық, психологиялық т.б. уәждік факторлар ескеріледі. Мысалы, бұрын ертеректе, үйге қонақ келсе – Қонақбай, жайлауда туса – Жайлаубай, жолаушы келсе – Аманкелді, қыз туа берсе Ұлтуған деп қоя берген, ал бүгінде кітап, кино кейіпкерлерін, сәнді, әдемі есімдерді таңдап қоятын болды.
Шілдеханада ат қою бәйгесіне қатысып, қылкеңірдек болатындар туралы Ж.Алтайбаев «Тағы кімдер не дейді», Ғ.Қабышев «Жануар тойы», М.Рәшев «Ат қоюдың әлегі», О.Иманәлиев «Таласбек туғандағы талас», Б.Қыдырбекұлының «Бауырымның балалары» деген әзіл-сықақтарын арнады.
Біздің ауылда жұрттың балаға ат қойысы қызық. Анау қойшы бала Жетпіс пен мынау мелиоратор Жетпіс екеуі де әкелерінің жетпіс жасында көрген балалары. Итбай, Итемген өз алдына, енді Үшкемпір, Бескемпір дегендер де туа бастады. Мына «Көмей» деген жерде, судың сағасын-платинаны жұрт осылай атайды. Шампан деген бағбан жігіт бар, оның Шарап деген әпкесі бар. Олар туғанда тойында шампан, шарап судай төгілген (Ш.Смаханұлы.Ат қоюдың әлегі.).
Бастығыңның аты Қисық болса,
Атыңды өзгертіп Қырсық қой (Ж.Мырзағалиев. Жайма базар.)
Шынайы өмірдегі жаңа туған сәбиге азан шақырып, ат қою мен кейіпкерге ат ойлап табудың айырмашылығы да, ұқсас жағы да бар. Ат беру, ат қоюдың екеуін де өнер деп айтар едім. Адам есімдерін көп зерттеген профессор Т.Жанұзақовтың зерттеулеріне адамға есім берудің түрлі себебі, уәжін атап көрсеткен, адамның баласына тілеген жақсылығы, арманы, мұраты т.б. Профессор Т.Қожакеев айтқандай, «кейіпкерді сүмірейтіп суреттеу үшін» неше түрлі аттарды ойлап табады. Кейіпкерге ат қойғанда қаламгер де сыртқы бейнесі мен ішкі бітімін үндестіре алады. Осы келтірілген мысалдар сатирик пен юмористің стильдік мақсатын көрсетеді. Ұқсастығы деп осыны айтуға мболады. Айырмашылығына келер болсақ, адамға берілген есімде жағымдылық, құлаққа естілудегі ұнамдылық жағы ескеріледі. Ал кейіпкер аттарын қаламгер ойлап табатындықтан, жасанды аттар көп кездеседі. Сатира мен юмордағы ат қою мен өмірдегі ат қоюдың ортақ жақтары мен ерекшелері де бар. Ат қою факторын анықтау үшін кейіпкер аттарын мағыналық-тақырыптық жағынан топтадық. Алдымен ұқсас жағын саралап көрейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет