Сауда-финанс: Ақ+теңге, Арзан+гүл, Теңге+гүл, Тиын Тебен+қызы, Шаш+теңге, Пұл+сыз, Пұл+жеген, Пұл+бай Тиын+сызов, Қарыз+хан, Алып+сатар+ұлы, Сауда+бек, Салық+бай, Көк+тиын, Бес+тиын.
Порейонимдер: Машина+тегі, Вагон+бек, Пойыз+бек.
Политоним (гр. мемлекеттік іс+атау). Сатира мен юмор әдебиеттің басқа жанрларына қарағанда ел өміріне әлеуметтік-саяси жағынан белсене араласады. Әсіресе тоқырау, қайта құру, бетбұрыс кезеңдерінде сатираның таптық, партиялық сипаты күшейе түсті, саяси, әлеуметтік және қоғам өміріндегі түрлі ұғым атауларына байланысты СЮП-тер кездесті: Елім+ай, Ел+қайғы, Елім+баев, Жалау+хан, Хатшы+бай, Нұсқау+бай, Жарлық+бай, Қызыл+бай, Уәкіл+бек, Мөр+басар, Жарна+гүл, Оңшыл+баев, Солшыл+баев, Заман, Бұйрық+баевич, Большевик+теров т.б.
Этноним (гр.этнос халық+оним) Әдігей, Кәріс+бай, Қалмақ+бай, Сарт+бек, Өзбе+кулла, Сәбетбай Орысбай Беларыс, Укірайна, Ләтіп, Литіп, Естен, Молдабай Гүржан, Арымжан, Әзірбайжан Өзбекбай, Тәжікбай, Қырғызбай, Түрікмен, Қазақбай.
Хрононим (гр.хронос- уақыт, кезең+оним) – тарихи мәні бар кезең немесе маңызды оқиға аттары. Адам Ата, Хауа Ана «өте ертеден», Ақ+патша (Романовтар династиясы билеген кез), Бай+батша (кеңес өкіметіне дейінгі кезең), Бай+құл (феолдалдық дәуір), Аңырақай (қазақ даласында болған соғыс), Пролетариат .
Зертеуімізде ономастикалық кеңістіктегі сатиралық-юморлық онимдік бірліктердің термин түрінде 20-дан астам түрін анықтадық. Сатиралық-юморлық поэтонимдерді тақырыптық топтама жасап, сандық көрсеткішін анықтадық: ең көп кездескені – зоонимдер, фитонимдер, соматизмдер, хремотонимдер, ең аз қолданылғаны – демонимдер (жын-пері), порейонимдер (көлік аты), хрононимдер (уақыт, оқиға).
1.3.1 Соматикалық атаулардан жасалған поэтонимдер
Құрамында дене мүшелерінің атаулары бар кейіпкер аттарын соматикалық СЮП-тер деп қарастырамыз. Адамның дене мүшелері атауларына байланысты жасалған кейіпкер аттарының өзіндік ерекшеліктері, күлкілі реңктері, қолдану ретіне қарай стильдік жақтары жетерлік. Зерттеу көрсеткендей, 60-тай соматикалық (бас-көз, бет-ауыз, тіл-жақ мұрын, қол-аяқ, т.б.) атаулардан 250-ден астам СЮП-тер жасалған.
«Анатомиялық терминдер сөздігін» құрастырушы А.Рақышевтің топтастыру принципі бойынша «бас аймағы, бет аймағы» [Рақышев А.,1996,3 б] деп топталынды.
Достарыңызбен бөлісу: |